Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті ағымдағы қаржыландыру және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Ведомстваға бағынысты мекемелерден республикалық бюджеттен жоспарын орындау бойынша тоқсандық және жылдық есептілікті қабылдау; бюджет, бақылау қолма - қол ақша шоты бойынша шығындардың есебін жүргізу; банк шоттары бойынша айналым ведомостволарын жүргізу, Министрлік аппараты бойынша тоқсандық және жылдық қаржылық және бюджеттік есептерді құрастыру; Министрлік аппараты және Ведомстваға бағынысты мекемелер бойынша қаржылық есептеме мониторингі жүргізу; дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша мониторингі жүргізу; Ведомстваға бағынысты Комитеттер бойынша есептерді жинақтау (шоғырландыру); Жауапты тұлғалармен есептесу (іс-сапар және шаруашылық шығындар) бойынша есепті бақылау; министрліктің және аумақтық экология департаменттерінің республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржының дұрыс және үнемді жұмсалуына ағымдық бақылау; кассадағы ақшалай қаржылар мен қаржылық құжаттарға бухгалтерлік есеп жүргізу; кассалық мәлімдемені құрастыру және оны Қазынашылық басқармаға тапсыру; банктен ақшаны алу; кассадан ақшаны беру және қажет құжаттарды толтыру; Кассалық кітап парағының екінші данасының құрамында кассирдің есептілігін кұрастыру; ақша лимитін сақтау; есептесу үшін төлем құжаттарын дайындау. Есептесу бойынша айналым ведомостволарын жүргізу;Еңбек және демалыс аймақаралық басқармалар мен Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің аппараты бойынша ақысын есептеу; еңбекақы төлеу шоттары бойынша айналым ведомостарын жүргізу; еңбекақы шоттары бойынша айналым ведомостволарын жүргізу, бюджетке салық бойынша есептілік кұрастыру; статистикалық есептілік құрастыру және салыстырып тексеру актілерін жүргізу; міндетті зейнетақы төлемдері бойынша есеп-қисаптарға есеп жүргізу; әлеуметтік салық бойынша есеп-қисаптарға есеп жүргізу, министрлік аппараты қызметкерлерінің жеке шоттарын қалыптастыру, жалақы туралы анықтаманы ресімдеу;Негізгі қаржылардың, метериалдық құндылықтарды есептеу; материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша материалдық-жауапты тұлғалардан есептілік қабылдау және бухгалтерлік өңдеу; тауарлық-материалдық шоттардың айналымының ведомстволарын жүргізу; жылдың қорытындылары бойынша материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу және оның қорытындыларын жасау; аумақтық экология департаменттерінің қабылдау-тапсыру бойынша құжаттарды келісу және материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды есептен шығару; орталық аппарат бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді есептеу, жеткізушілермен салыстырып тексеруді өткізу; Министрлік аппаратының активтерін басқару, Министрлік аппаратының мүлігі бойынша БЖЕТ есептеме, негізгі қордың жайы туралы статистиқалық есеп, қоршаған ортадағы эмиссия бойынша салық есебін жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.08.2025 – 08.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.08.2025

Сұхбаттасу орны

Қабанбай батыр даңғылы 19, Нұра ауданы Астана қаласы

Анықтама алу үшін байланыс

78-68-94