Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ішкі аудит департаментінің бас сарапшы - мемлекеттік аудиторы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Департаментінің ағымдағы жұмысын және жоспарларын орындау. Қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысу. Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, ведомстволарында, олардың аумақтық бөлімшелерінде сәйкестік аудитін жүргізу. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және шарт талаптарының орындалуына, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мерзімдері, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін қамтамасыз ету және жүргізу. Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, ведомстволарында, олардың аумақтық бөлімшелерінде тауарлықматериалдық қорларды және басқа активтерді сақтауын тексеруді қамтамасыз ету және жүзеге асыру. Министрліктің ішкі процестердің (бизнес - процестері) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында, ведомстволарда, олардың аумақтық бөлімшелерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен берілген, соның ішінде Департаменттің, ұйғарымдардың және міндетті түрде орындалуы үшін жолданған ұсынымдарды міндетті түрде орындау мониторингтерін жүйелі негізде жүзеге асыру. Аудиторлық іс-шараларды жүргізу жөніндегі аудиторлық тапсырмаларға сәйкес аудиторлық есептерді, ішкі аудит нәтижелері бойынша есептерді, бұзушылықтарды жоюға арналған шешімдер жобасын қамтамасыз ету, сондай-ақ құру және ресімдеу. Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды, бұзушылықтарды жою туралы шешімдерде қабылданған, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілермен және басқа да мүдделі тұлғалармен жолданатын растаушы құжаттарды уақытылы және толық орындалуына бақылау жүргізу. Мемлекеттік аудит объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға олармен міндетті түрде орындау үшін жолданған ұсынымдарды және растаушы құжаттарды уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мерзімде Басқармамен жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит материалдарын деректердің бірыңғай жүйесінде орналастыру. Ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыруды және жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныс пен ескертулерді әзірлеуге, талдау материалдарын дайындауға, Департамент басшысының тапсырмаларын орындауға қатысу. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын қатаң сақтау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.08.2025
- Қабанбай батыр даңғылы 19, Нұра ауданы Астана қаласы
-
78-68-94