Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ақшалов Дәурен «Комплаенс – 2023» сыйлығына ие болды

Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ақшалов Дәурен «ТМД елдерінде комплаенс саласындағы заңнамалық бастамаларды ілгерілеткені үшін» номинациясы бойынша «Комплаенс – 2023» сыйлығын алды.
Марапаттау 2023 жылдың 6 қазанында Мәскеу қаласындағы Экономика жоғары мектебінің ҰЗУ мәдени орталығында комплаенс саласындағы жыл сайынғы халықаралық конференция аясында өтті. Қазылар алқасы оның Қазақстан заңнамасында көрініс тапқан комплаенс функциялары мәселелері бойынша заңнамалық бастамаларға қосқан үлесін, сондай-ақ үздік комплаенс-практикаларды құру мен ілгерілетуді, кәсіби қоғамдастықтағы қызметті атап өтті.
«Комплаенс – 2023» сыйлығын тапсыру «Технологиялар дәуіріндегі Комплаенс: тепе-теңдікті табу өнері» конференциясы аясында өтті, оған Д.Ақшалов спикер ретінде, сондай-ақ Ресей мен ТМД-ның мемлекеттік секторынан, коммерциялық ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінен 300-ден астам сарапшы қатысты. Конференцияда келесі өзекті тақырыптар талқыланды: сәйкестік тенденциялары, этика және жасанды интеллектті практикалық қолдану мәселелері, киберқауіпсіздік, сәйкестік қоғамдастығын дамыту және білім беру.