Петропавл ЖЭО-2 №1-ші түтін мұржасының құлауының алдын ала себептері туралы

Петропавл ЖЭО-2 №1-ші түтін мұржасының құлауының алдын ала себептері туралы

Петропавл ЖЭО-2-дегі №1-ші түтін мұржасының құлауының себебі ҚР Энергетика министрлігі тағайындаған Технологиялық бұзушылықты тексеру жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметіне сәйкес түтін мұржасындағы түтін газдарының минималды температурасының сақталмауынна орай бу қазандықтарының жұмыс режимдерінің бұзылуы болып табылады. Мұржа бойымен шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» шығуына және конденсат қазандықтан шыққан басқа газ қоспаларымен ( күкірт SO2) қышқыл түзе отырып, мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына әкелуі мүмкін еді. Қышқылдың әсер етуі бетонның және түтін мұржасы негізінің мерзімінен бұрын бұзылуына әкеп соқты.

№ 1-ші түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимдерін, оның ішінде шығатын газдың температураларының сақталуын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы әлі де жалғасуда.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

 

Фото vlast.kz

Қызмет бағыты