Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу кезінде оны таңбалау және қадағалап отыру бойынша реттеушілік әсерді талдау туралы ХАБАРЛАМА

Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу кезінде оны таңбалау және қадағалап отыру бойынша  реттеушілік әсерді талдау туралы  ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлігі) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда өткізу кезінде оны таңбалау және қадағалап отыру бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) жобасының ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады. Талқылау 2026 жылғы 30 сәуір күні сағат 16:00-де бейнеконференция арқылы өтеді.

Талқылауға қатысу үшін 2026 жылғы 20 сәуірге дейін a.zhakupova@energo.gov.kz электрондық поштасына қатысушылардың кандидатураларын (толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, сондай-ақ ұялы телефон нөмірі көрсетіле отырып) жолдау қажет.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 786837, 786985, 8 701-621-08-81 телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15795025).

 

Оқиға күні

30 сәуір 2026

Оқиға түрі

Кеңес