«Баламалы (геотермалды) энергетиканы қаржыландыру тетіктері»

ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, АХҚО-ның халықаралық Жасыл Өрлеу Форумы аясында2018 жылғы3-ші шілдеде«Баламалы (геотермалды) энергетиканы қаржыландыру тетіктері»тақырыбына панельдік сессия ұйымдастырады.

Іс-шараныңмақсаты– Қазақстан Республикасында геотермалдық энергия көздерін дамытудың жай-күйі мен болашағын алдыңғы қатарлы шетелдік және отандық ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдардың қатысуымен сараптамалық талқылау.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «жасыл экономика» жөніндегі Кеңесінің мүшесіБахыт Есекинажүргізеді.

Сессияға ҚР Энергетика вице-министріМағзум Маратұлы Мырзағалиевпен Қазақстан Республикасындағы Францияның ЕлшісіФилипп Мартинмырза қатысып, құттықтау сөз сөйлейді.

Спикерлер ретінде KAZENERGY атқарушы директорыТалғат Қарашев, Arctic Green Corporation (Исландия) компаниясының бас директорыСигстейн Грэторсон,USAID-тың «Болашақ энергиясы» жобасының өкіліОлег Рясков, Гидрометеорология жөніндегі директордың орынбасары, Камчатка (Ресей Федерациясы) геотермиялық маманыСергей Спектор,  ҚР ИДМ Гидолгеология және гидрофизика институтының директорыМәлік Әбсәметовжәне басқалар сөз сөйлейді.

Іс-шараныңқорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Дүниежүзілік банкпен бірге геотермалдық энергия саласында зерттеулер жүргізу және Геотермалдық энергетика бойынша сарапшылар қауымдастығын құру туралы ұсыныстар енгізу күтіледі.

Басталу уақыты

03 шілде 2018

Соңғы күні

03 шілде 2019

Оқиға түрі

Хабарландыру