Тыңдаулар өткізу туралы

Тыңдаулар өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған мотор майларын таңбалау және қадағалау бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның тауарларын таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының қызметтеріне бағаларға сараптама жүргізу үшін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

 Жария тыңдаулар 2025 жылғы 18 сәуірде сағат 15.30-да Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 6 қабат, Алқа залы мекенжайы бойынша өткізіледі.

 Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады:

+77172786960, +77014135934 (МЭ РК, https://www.gov.kz/memleket/entities/energo?lang=kk );

+77019098494 («Қазақтелеком» АҚ, https://telecom.kz/ru/).

Оқиға күні

18 сәуір 2025

Оқиға түрі

Отырыс