ҚР Энергетика министрінің Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі


2022 жылғы 17 қыркүйекте сағат 15:00-де Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратында (мекенжайы: Тәуелсіздік бақ жолы, 12,) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі өтетінін хабарлаймыз.
Азаматтарды белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының Энергетика министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз.
Сұрақтар o.sultan-gali@energo.gov.kz поштаcына және +7 (775) 886 10 55, +7 (777) 410 88 51 (WhatsApp) телефон нөмірлері арқылы қабылданады.
Оқиға күні
17 қыркүйек 2022
Өткізу орны
Теміртау қаласы әкімдігінің ғимараты
Оқиға түрі
Хабарландыру