Меню

Страницы

Статья

Мұнай өнеркәсібі

2010 – 2019 жылдары МӨЗ-дерді жаңғырту қорытындылары

      МӨЗ-дерді жаңғырту қорытындысы бойынша:

      1) орташа әлемдік мәндер 8-10 болған кезде Нельсон индексі немесе АМӨЗ-дің технологиялық деңгейі 4,8-ден 13,9-ға дейін, ПМХЗ – 7,2-ден 10,5-ке дейін, ШМӨЗ – 4-тен 8,1-ге дейін;

      2) АМӨЗ-дің мұнай өңдеу қуаты 4,7-ден 5,5-ке, ПМХЗ – 4,7-ден 5,5-ке, ШМӨЗ – жылына 4,6-дан 6 млн тоннаға дейін немесе жиынтығында – жылына 14-тен 17 млн тоннаға дейін;

      3) № 013/2011 КО ТР сәйкес К-2 экологиялық стандарт деңгейінен (Euro-2 аналогы) К4 (Euro-4 аналогы) төмен емес деңгейге мотор отындарының сапасына дейін арттыру мақсаттарына қол жеткізілді.

      МӨЗ-ді жаңғыртудың қосымша әсері мынадай арттырудан тұрады:

      4) МӨЗ мұнай өңдеудің жиынтық тереңдігі 70,7-ден 89 %-ға дейін және жеңіл мұнай өнімдерін жиынтық өндіру 53,3-тен 72 %-ға дейін;

      5) жаңа объектілер саны 58-ден 164-ке дейін немесе 2,8 есе, оның ішінде технологиялық – 29-дан 50-ге дейін және қосалқы – 29-дан 114-ке дейін, жабдық 13672-ден 23195-ке дейін немесе бұрынғы / жаңа жабдықтың арақатынасы кезінде 1,7 есе – 60/40 % (АМӨЗ – 4063-тен 8663-ке дейін, ПМХЗ – 5923-тен 7630-ға дейін, ШМӨЗ – 3686-дан 6902-ге дейін) көтерілуде болды.

      Төменде МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту қорытындылары бойынша жиынтық кесте келтірілген, 2017 – 2023 жылдар кезеңінде бірқатар көрсеткіштер жақсартылған:

 

 Шаралар кешені

Осылайша, 2024 жылдың басында 2022 – 2023 жылдары Үкімет іске асырған мұнай өнімдерін өндіру және бөлу жүйесін реформалау жөніндегі шаралар кешені жанар-жағармайдың ішкі нарығын тұрақтандыруға, сондай-ақ:

      – дизель отынымен АШТӨ өндірушілерін жылына 850 мың тоннаға дейін басымдықпен қамтамасыз етуге;

      – дизель отынының қорын 2 есеге – 268-ден 612 мың тоннаға дейін немесе елдің қажеттіліктерін 17-ден 39 тәулікке дейін ұлғайтуға;

      – дизель отыны жоқ АЖҚС-ның санын 10 есеге азайтуға – 633-тен 65-ке дейін немесе 20-дан 1,7 %-ға дейін (барлығы 3 163) төмендетуге мүмкіндік берді.

      Осыған ұқсас АИ-92 және АИ-95 автобензині бойынша жағдай жақсарды, тиісінше жиынтық қорлар 404 мың тоннаға және 85 мың тоннаға дейін жеткізілді.

 

Жобалар

Қазіргі уақытта мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн тоннадан 29,2 млн тоннаға дейін, оның ішінде мыналардың өңдеу қуаттарын кеңейту жобалары есебінен ұлғайту жұмыстары басталды:

      Шымкент МӨЗ – жылына 6 млн тоннадан 12 млн тонна мұнайға дейін;

      Павлодар МХЗ – 2 кезеңде жылына 5,5 млн тоннадан 9 млн тонна мұнайға дейін;

Атырау МӨЗ – мұнайды қайталама өңдеу қуатын жылына 1,2 млн тоннаға немесе шикізат бойынша жылына 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін.

 

Дата публикации
10 октября 2019
Дата обновления
07 августа 2026
Тип

Сейчас читают

29 октября 2025
Жизненные ситуации
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
20 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы