
Қазақстанда мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттылықтан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.
Мұнай-газ химиясы капиталды қажет ететін, экономиканың аралас салаларына әсер ететін айтарлықтай мультипликативтік әсерге ие жоғары технологиялық сала болып табылады.
2022 жыл еліміздің мұнай-газ-химия саласы үшін маңызды жыл болды.
Атырау облысында әлемдік ауқымдағы ірі мұнай-химия зауытының бірі – қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт іске қосылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерінің өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114 %-ға өсіп 619 мың тоннаны құрады
2026 жылы мұнай-газ-химия өнімін өндіру көлемі 600 мың тонна деңгейінде жоспарлануда.
Саланы одан әрі дамыту шеңберінде құны шамамен 7,4 млрд. АҚШ долларын құрайтын полиэтилен өндіру жобасының құрылысы басталды.
Павлодар қаласында жылына 100 мың моннаға дейінгі алкилат өндіретін зауытытың құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда газды мұнай-газ-химия өнімдеріне қайта өңдеу бойынша бутадиен,карбамид,метанол және басқа да өнімдер өндіру жобалары әртүрлі пысықтау кезеңдерінде жүзеге асырылуда.
Өткен жылдар бойынша ақпарат
Әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін кешенді дамыту үшін көмірсутек шикізатын терең өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімдерінің кең ассортиментін шығару бойынша кластер құру мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі»арнайы экономикалық аймағы құрылды.
Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды табысты іске асыру мақсатында бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды, атап айтқанда «газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңы шеңберінде мемлекет мұнай-газ химиясы өндірістері (тауарлық және сұйытылған мұнай газы) үшін көмірсутек шикізатының бағасы мен көлемін реттейді.
Бұдан басқа, мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары шеңберінде инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау тетігі айқындалды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда экспортқа бағдарланған мұнай-газ химиясы өнімдерін шығаратын бірқатар өндірістер жұмыс істейді. Жаңа кәсіпорындардың іске қосылуына және жұмыс істеп тұрған қазақстандық зауыттардың өнім шығару көлемінің артуына байланысты жыл сайын мұнай-газ-химия өнімдері өндірісінің өсуі байқалады.
Сонымен қатар, Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін Қазақстандағы алғашқы газ-химия кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаны іске асыру гомополимерлердің 70-тен астам түрін және полипропилен сополимерінің 2 түрін шығаруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында (Түркістан облысы) полипропилен және бензинге арналған октан көтеретін қоспалар өндірісі бойынша жоба құрылыс сатысында.
Өңдеудің әртүрлі сатыларында полиэтилен, бутадиен, карбамид, метанол, олефиндер және т. б. сияқты мұнай-газ химиясы өнімдеріне газды қайта өңдеу жөніндегі жобалар жатыр.
Қазіргі уақытта электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) ресімдеу кезінде таңбалау кодтарын көрсету міндеті де, қажеттілігі де көзделмеген. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұл тәсілді 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап қадағалау тетіктері толық көлемде енгізілгеннен кейін де сақтауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығымен бекітілген) сәйкес таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа (ТІЖ) міндетті түрде енгізу көзделген. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден өнім импортталған кезде айналымға қатысушы мотор майларының қозғалысын ТІЖ арқылы ресімдейді және импортталатын тауарға жағылған барлық сәйкестендіру құралдарын (таңбалау кодтарын) міндетті түрде көрсетеді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабына сәйкес міндетті таңбалау талаптары тек жеке тұлғалар жеке пайдалануы үшін әкелетін тауарларға қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына енгізілген тауарларға өз өндірістік немесе технологиялық қажеттіліктері үшін импорттайтын заңды тұлғалар оларды таңбалау міндетінен босатылмайды.
Ішкі тұтыну үшін импорттау кезінде қадағалауды қамтамасыз ету процесі екі кезеңнен тұрады:
- Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылғанға дейін тауарларға сәйкестендіру құралдарын (Data Matrix кодтарын) жағу;
- Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) одан әрі өткізу фактісінің болмауына байланысты «Айналымнан шығару туралы хабарлама» құжатын қалыптастыру. Бұл ретте шығару себебі ретінде «өз өндірістік қажеттіліктері үшін» немесе «қызмет көрсету үшін» деген негіздердің бірін таңдау қажет. Аталған хабарлама өңделгеннен кейін таңбалау кодтары айналымнан шығарылады және тауардың осы бірліктерінің айналымы ресми түрде аяқталған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 ақпанға дейін өндірілген таңбаланбаған мотор майларын өткізуге тыйым салу мерзімі белгіленбеген.
Мұндай тауар қалдықтары сәйкестендіру құралдарын қолданбай-ақ жалпы белгіленген тәртіппен толық айналымнан шығарылғанға дейін немесе олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін әкелінуі және өткізілуі мүмкін.