
Қазақстанның газ саласы бүгінде – отандық экономикадағы ең серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі. Газ өндіру өсуде, жаңа газ өңдеу қуаттары құрылуда, газ құбырлары желісі дамуда. Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында 2014 жылғы 11 қарашада энергетикалық инфрақұрылымның дамуына баға берді: «Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы аясында үлкен жұмыс жүргізілді».
Газ саласы Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында басты рөл атқарады. Еліміз газ ресурстарына бай.
ХАЛЫҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ
Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейі 64,2 %-ды құрады.
Өңірлерде жалпы құны 112,4 млрд теңгені құрайтын 84 газдандыру жобасы іске асырылды. Нәтижесінде 95 ауылдық елді мекендегі 355 мың азамат табиғи газға қол жеткізді.
2026 жылы жалпы бюджет қаражаты 27,3 млрд теңгені құрайтын 40 жобаны іске асыру арқылы халықты газдандыру деңгейін 64,3 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Бұл 14 ауылдық елді мекендегі 36 мың азаматты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде республика бойынша 13,1 млн азамат табиғи газға қол жеткізетін болады.
Өткен жылдар бойынша ақпарат
Қазақстан әлемде 22-ші және ТМД елдері арасында газ қоры бойынша Ресей мен Түркіменстаннан кейін 3-ші орында. Бекітілген өндірілетін қорлар 3,8 трлн.м3, оның ішінде ілеспе газ – 2,2 трлн.м3, бос газ – 1,6 трлн.м3.
2014 жылғы 4 қарашада Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған Бас схемасы бекітілді. Бұл ел тұтынушыларын газбен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етудің экономикалық негізделген стратегиялық бағыттарын айқындайтын бағдарламалық құжат. Осы құжатты әзірлеу үшін заңнамалық негіз газ және газбен жабдықтау туралы Заң және ҚР Үкіметі бекіткен тиісті қағидалар болып табылады.
Саланы 2030 жылға дейін дамытудың басты стратегиялық бағыты елдің экономикалық дамуы мүддесінде тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерді бірінші кезекте қамтамасыз ету болуға тиіс.
Бас схемаға сәйкес елдің ішкі тұтынушыларын газдандыру мемлекеттік қаражат, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі-ұлттық оператор) компаниялар тобының инвестициялық бағдарламалары есебінен жүзеге асырылады.
2010 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекеттік бюджеттен 1300 – ден аса газдандыру жобалары іске асырылды, аймақтарда 18 мыңнан аса шақырым газ тарату желілері салынды.
Бюджеттік қаражаттан бөлек елімізді газдандыру Ұлттық оператордың табысы есебінен инвестициялық бағдарламалардың іс шараларын іске асыру шеңберінде жүргізіледі. 2010-2020 жылдардың қорытындысы бойынша Ұлттық оператормен еліміздің кейбір аймақтарында 9,5 мыңнан аса шақырым газдандырудың газ тарату жүйелерін салу бойынша іс шаралар орындалды.
Магистральдық газ құбырларын кеңейту үшін Ұлттық оператормен 2014 – тен 2020 жылдары аралығында 1,1 трлн.теңге қаржы бөлінді, нәтижесінде олардың ұзындығы 23% (15 609 – дан 19 146 шақырымға) ұзартылды. Республикамызда мықты Орталық-Азия газ хабы құрылған. Еліміз Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі - Қытай), Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан және Қырғызстан Республикасы үшін маңызды газ серіктесі болып келеді.
2019 жылдың желтоқсанында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы, және Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын аясында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салуды уақытылы аяқтау бойынша берген тапсырмасы шеңберінде «Қызылорда - Нұр - Сұлтан» бағыты бойынша ұзындығы 1061,3 шақырым болатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының I кезегінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбырының I кезегі еліміздің астанасын, орталық және солтүстік амақтарын отынның экологиялық таза түрімен қамтамасыз ету мүмкіндігін берді, бұл еліміздің тәуелсіздігін алғаннан бері тарихи маңызы бар іс шаралардың бірі болып келеді.
Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің халқын газдандыру деңгейі 53,07% жетті, немесе 9,8 млн.адам табиғи газға қол жеткізді.
2010-2020 жылдарда ішкі нарықтағы Ұлттық оператордың газ тасымалдау жүйесі бойынша жеткізілетін газды тұтыну көлемі 91% -ға яғни 9,0 млрд.т.м – ден 17,0 млрд.т.м-ге өсті.
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының 51-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады.
Осыған байланысты, газды есепке алу аспаптарын тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады.
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының 53-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын тексеру мерзімінің уақытын өткізіп алғанда, тұтынылған газдың көлемін есептеу тұрмыстық тұтынушылар үшін тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар Энергетика министрлігі тарапынан мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып тұтынушыны есепке алу аспабаның тексеру мерзімі аяқталғанға дейін 60 күнтізбелік күн бұрын кезекті тексеру қажеттілігі туралы хабардар ету бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жумыстары жүргізілуде.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабы
5-тармағына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады.
Қызметтің бұл түрі бәсекелестік ортада болып табылады, тұтынушы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Теникалық реттеу комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК-дан тиісті аккредиттеу аттестаты бар кез келген аккредиттелген ұйымға жүгінуге құқылы.