Тикельдиев Шынгожа Айбарұлы
округ әкімінің орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Тикельдиев Шынгожа Айбарұлы 1991 жылғы 28 тамызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Казатком ауылында дүниеге келген.
2010 жылы Алматы бизнес колледжін, 2012 жылы Алматы технологиялық университетін тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 2014 жылы мемлекеттік қызмет саласында бастаған.
2014 жылғы 27 наурыздан 25 маусымға дейін Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінде жетекші маман – жетекші салық инспекторының міндетін уақытша атқарған. 2014 жылғы 25 маусымнан бастап аталған бөлімде жетекші маман – жетекші салық инспекторы лауазымында еңбек еткен.
2014 жылғы 19 қарашадан 2015 жылғы 7 шілдеге дейін Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2015 жылғы 7 шілдеден 2016 жылғы 20 мамырға дейін Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, 2016 жылғы 20 мамырдан 2020 жылғы 10 ақпанға дейін Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды.
2020 жылғы 10 ақпаннан 27 мамырға дейін Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы бөлімінің басшысы болды. 2020 жылғы 27 мамырдан 2021 жылғы 8 қаңтарға дейін Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы қызметін жалғастырды.
2021 жылғы 8 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін Өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2021 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 17 наурызға дейін Есік қаласы әкімі аппаратының бас маманы лауазымында еңбек етті.
2025 жылғы 17 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.