Жер учаскесінің мақсатын қалай өзгертуге болады

Көру саны:9
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін ұдайы жетілдіру-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі-агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.
Мемлекеттік қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғауға және қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Бұл ретте "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіреміз:
Қызметті кім ұсынады:
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, сондай — ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері-жер учаскесінің орналасқан жері бойынша.
Қалай өтініш беруге болады:
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.
- Электрондық үкімет порталы арқылы www.egov.kz.
Қарау мерзімі:
Егер учаске елді мекен шегінде болса-8 жұмыс күніне дейін.
Егер учаске елді мекеннен тыс жерде болса-16 жұмыс күніне дейін.
> Осы мерзімдерде сатып алу-сату немесе жалдау шартын рәсімдеуге кететін уақыт кірмейді.
Қызмет көрсету нысаны:
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз.
Қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- Өтініш.
- Комиссияның оң шешімі болған кезде:
Учаскенің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі (егер бюджетке айырманы немесе толық құнын төлеу талап етілсе).
- Егер учаске әуеайлақ маңындағы аумақта болса-ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін қызметке рұқсат (ҚР Үкіметінің 12.05.2011 ж. № 504 қаулысы бойынша беріледі).
Нәтижесінде Сіз не аласыз:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім және қажет болған жағдайда сатып алу-сату немесе жалдау шарты. Немесе дәлелді бас тарту (себептерін түсіндіре отырып).
Қашан бас тартуға болады:
Егер құжаттарда дұрыс емес ақпарат болса.
Егер учаске немесе мәліметтер ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес келмесе.
Егер келісуші органдар теріс жауап берсе.
Егер сіздің дербес деректерді пайдалануға келісіміңіз болмаса.
Қосымша ақпаратты "Ташкенсаз ауылдық округі
әкімінің аппараты" ММ алуға болады 8 /72775/ 25-2-16