Артқа

Саменов Берік Дәулеткелдіұлы

Көктөбе ауылдық округінің әкімі

Жалпы ақпарат, білімі

Саменов Берік Дәулеткелдіұлы 1979 жылдың 16 қазан айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. 1997  жылы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылында "Ораз Жандосов" атындағы орта мектепті бітірді. 2002 жылы Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің қаржы және несие мамандығы бойынша оқуды аяқтады.

Мансап

11.02.2008 - 17.06.2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық жөніндегі инспекторы

18.06.2009 - 04.10.2012 жылы Еңбекшіқазақ ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік  бөлімінің бас маманы

04.10.2012 - 16.03.2022 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық округі әкімнің орынбасары

2022 жылдың 16 наурыз айынан бастап "Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болып сайланды.

Жаңарту күні: