Меню

Страницы

Статья

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы            1 қазандағы No 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің тағайындалған мақсатын өзгерту туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын Ережеге сәйкес «электрондық үкімет» порталы арқылы беріледі.

Аталған мемлекеттік қызметтіэлектронды түрде «электрондық үкімет» порталымен біріктірілген «е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

          2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі - 13 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

  1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

  2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

  3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы.

 

Толығырақ ақпаратты «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.

Мекен жайымыз: Қаракемер ауылы, А.Тастанбеков көшесі, 6

Тел.: 49016

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024
Дата обновления
08 апреля 2024
Тип
Информация

Сейчас читают

04 августа 2026
Правила оказания государственной услуги "Продление срока аренды земельного участка"
01 апреля 2026
Правила оказания государственной услуги "Продажа земельного участка в частную собственность единовременно либо в рассрочку"
11 марта 2026
Отчет о деятельности ГУ «Аппарат акима Каракемерского сельского округа» Енбекшиказахского района по вопросам оказания государственных услуг за 2025 год

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы