«Жеке меншіктегі жер учаскелерін бір рет немесе бөліп төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі:
Мемлекеттік қызметті «Бартоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сату туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсiнiң көшiрмесi; Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Толық ақпаратты Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратынан алуға болады.Мекенжайы: Бижанова ауылы, көш. Абай, 1А Байланыс телефоны: 8 (72776) 7-13-32.