Құрметті Талғат Ескендірұлы!
Құрметті әріптестер!
Балтабай ауылдық округі әкімі лауазымына 2023 жылдың 20 тамызында сайландым. 9 айда атқарған жұмыстарыма есеп беремін.
Балтабай ауылдық округінде 7 елді мекен және 3 сая-жай бар. Жалпы 9 021 халық тұрады. 2157 аула бар. Осы халыққа ауыл әкімінің аппаратында менімен бірге 8 маман қызмет атқарады.
Округ үшін ең маңызды сала, ауыл шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстар:
Балтабай ауылдық округінің аумағы, жалпы - 19 366 га құрайды. Оның – 19 077 га ауылшарушылық мақсатындағы жерлер болса, 5 770 га егістік жерлері.
(Бұған 3 910 га дәнді дақылдар -2802 га-жүгері, 1108 га, арпа-бидай, мал азығы- 1486 га, көкөніс-374,4 га егіледі. Көктемгі егіс жұмыстарына шаруа қожалықтары - 198 518 жанар-жағар май, 510 000 тонна минералды тыңайтқыштарды алып пайдаланды).
Округте, ұзындығы 65 шақырымды алатын ПУИД-2 су арнасымен шаруалардың 5,0 га егістік жерлері суғарылады деп күтілген. Бұл жұмыс тоқтап тұр.
Бұл ретте биыл көктем басталғалы БАКтан Ақбастау ауылына барар 6 шақырым жер үсті арықтарын өз күшімізбен қазып егіске судың бару жолдары ашылып, суғаруға жағдай жасалынды. Балтабай ауылының төменінде су жинауға 3 жерден дамба жасалынды. Округ жылына 42 млн куб суғармалы суды қажет етеді. Сушаруашылығымен 120-140 шаруа ғана келісім шартқа отырады. Себебі, ауыл шаруалары Түрген өзені, Балтабай көлі, Өрнек тоғандары мен Ақбастау тоғандарынан тегін су алатын болғандықтан.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы:
2023 жылы 33 құжат несие алуға қаралып 27 өтінім қанағаттандырылды. Азаматтар 176.8 млн қаржыларын алып кәсіптерін жүргізуде. Оның 22 мал бордақылау болса, 1- жерді пайдалану, ал, 4-і жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Быылға, Тамшылап суғару және балық шаруашылығымен айналысатын 2 СПК (55,2 млн) құрылды. СТО, наубайхана, декоративті ағаш егу, құс, омарта және 8 мал бордақылау кәсібімен айналысуға 13 кәсіпкер 113 700 000 құжаттарын әзірлеп өткізді. ЖС- 168,9 млн. + құжат әзірленуде /киіз үй+ сауынды сиыр/
Жайылым мәселесі:
Округте, жалпы -1103 га жайылымдық жер бар. 2023 жылы жерін заңсыз пайдаланып жатқан 4 объекттен -284,9 га жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстары атқарылды. 168,0 га жердің құжаттары ДУЗРда қаралуда, оның- 68 га, сот арқылы қайтарылды, Сонымен бірге,
- Ақбастау ауылы бойынша -117 га қайтарылған жайылымдық жер телімінің құжаттары ресімделуде. Балтабай ауылында 96 га жайылымдық жердің құжаттары комиссия келісімін алды. Мақсатсыз пайдаланбай жатқан жерлер анықталынып, жер бөліміне ұсынылуда.
Салық:
Округте салық жоспары мен оның орындалуы тұрақты. 2023 жылдық жоспар 58,729 тенге болса, 20.594 тенге артығымен жиналып - 135% орындалды. 2024 жылға салық жоспары- 102 368 млн теңгені құрайды, Қазіргі уақытқа салық 100 649 млн жинап, 99,0 % орындалды. Көрсеткіш 145 % орындалып тұр.
2023 жылға бюджеті бойынша:
Округ бюджетіне барлығы – 66 190 000 тг бөлінген. Қаржы мақсатты жұмсалып - 3 300 000 теңге үнемделді.
Осы үнемдеуден қалған қаражатқа:
Биылға бөлінген бюджеттік қаражат – 102 368 млн теңге.
Қазіргі күні тендер ойнатылып жұмыстар жоспарлы түрде жүріп жатыр.
Инвестиция-5: 345,1 млн + ( 8 млрд)
Абаттандыру бойынша:
Жарық:
Округ бойынша 55 көшенің 12 -сі жарықтандырылған.
2023 жылғы бюджеттік үнемдеуден қалған 2,600 млн теңгеге Балтабай ауылының Азаттық және Терешкова көшелеріне көше жарығы тартылды.
Жол:
2023 жылы Ақтоғай ауылының Шукелов көшесіне асфальт төселеді деп жоспарланған. Жұмысты оң жоспарлау нәтижесінде, Шукелов көшесіне қосымша Ақжар, Х.Абдуллин және Самал көшелері (4 көше) асфальттанды. Жұмсалынған қаржы – 79.8 млн тг. Мердігер- ТОО «Прогресс КЗ».
Бірлік ауылының Ғарышкер көшесіне асфальт төселінді. Қарастырылған қаржы -20,4 млн. Мердігер – ТОО «Дара компаний».
2023 жылдың соңына таман Балтабай ауылының Алмалы, Теректі, Аллейня, Мордва және Терешкова көшелерінің ескі асфальті қырылып басталған күйі жасалынбай қалған болатын. Алайда, тұрғындардың жүруіне жағдай жасау мақсатында желтоқсан айында Балтабай көшелеріне 14 камаз ПГС төселініп, грейдермен тегістеліп, катокпен нығыздалды.
Балтабай, Бірлік, Өрнек ауылдарының тасы жоқ 3.5 шақырым көшесіне 4500 тонна балласт пен ПГС төселінді. Саяжайға баратын 3 850 шақырым жола екі қабат тас мен ПГС төселінді. Жалпы, округ бойынша 6000 тоннаға жуық тас алынып, 7,5 шақырымдай ауыл іші жолдарына тас төселінді. Бұл жұмыстың барлығы округтегі карьерлермен мемарандум жасау арқылы іске асырылды.
Бүгінгі күні, Балтабай ауылында;
Мордва, Алмалы, Теректі, Терешкова, Аллея көшелеріне асфальт төсеу жұмысы жүргізілді. Қонаев көшесіне жасалу керек тратуардың бүгінгі күнге қажеті жоқ болғандықтан бұл жұмыстың орнына, қосымша Гагарин, Тәуелсіздік, Мектеп және Желтоқсан көшелеріне асфаль төселініп, 5 көшенің орнына 9 көше, яғни, Балтабай ауылының 90 % көшесі асфальтпен қамтылды. Бұл жұмысқа 380,0 млн тенге қаражат жұмсалды. Мердігер «Жетісу жолдары» ЖШСгі.
Ақбастау ауылының Парасат, Алмалы, Орманды көшелерінің 2000 кв.м жолдары ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бұған 20 млн қаржы қарастырылды. Мердігер «Dostar Stroi Group» ЖШСгі.
Ауыз су:
«Прометей» саяжайына меморандум шартымен сомасы 1 000 000 теңгелік жаңа су насосы қойылды.
Қазіргі күні саяжайда Ауыз су құбырын жер астына түсіріп беру мәселесі тұр. Ауыз су құбыры жер бетінде тұрғандықтан, жазда ысып кетіп, қыста қатып қалып жатыр.
Көгалдандыру – округке көктемде 1 200 000 теңгеге декоротивті 111 дана ағаштар (туя-биота- 70, елка -1, береза-20, каштан-10, ива-10) отырығызылды.
Қоқыс полигоны:
Округтің Балтабай ауылындағы қатты қоқыстары осы уақытқа дейін заңсыз белгіленген орынға төгіліп келген. Бұл ретте заңды кадастрлық картамен белгіленген жер телімін анықтап, сол жерді қоқыс төгуге дайындау жұмысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, саяжай халқының, әсіресе балалардың қауіпсіздігін алдын алу мақсатындағы карьерлерден қалған шұңқырды (рекультивация) жабу бойынша жұмыстарды өзіміз жүргізудеміз. Яғни, ауылдан шыққан, жан-жақтан келіп жатқан қатты құрылыс қалдықтарын сол карьерге апарып төгілуде. Полигон басына күзет жұмысы қойылған.
Округ тұрғындарының соңғы 5 жылға қоқыс жинаушы «Камшат» ЖК алдында жиналып қалған 1000ға жуық отбасының берешектері (30 000 тг) бар азаматтардың қарыздарын КЕШІРУ (аннулирование) жұмысы жүргізілді. Бұл өте ауқымды және тұрғындар үшін өте маңызды жұмыс болды.
Денсаулық сақтау саласы:
Бірлік, Ақбастау, Ақтоғай, Еңбек және Өрнек ауылдарында алдағы уақытта Модульді медпункт салу 2025-2027 жылдарға белгіленді. Ғимарат салынатын жерлерді анықтап, жерге орналастыру жоспарын жасау жұмыстары жүргізілді. Мұндай медпункттің құрылысы қазіргі күні Куш ауылында салынып қолданысқа берілді. Жұмсалған қаражат – 24,5 млн тенге. Мердігер - ТОО «Urban Complete».
Балтабай ауылының Дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуге жоспарда тұр.
Білім саласы:
Алдағы уақыттарда Өрнек ауылында және Бірлік ауылында мектеп салу жоспарланғандықтан, осы мектеп құрылысы салынатын жерлер анықталып, мемлекеттік актісі жасалынды.
Балтабай орта мектебінің кәріз желісіне коммерциялық жоба жасалынып Еңбекшіқазақ аудандық ББ бөліміне бекітуге ұсынылды. Балтабай Техникалық кәсіби шығармашылық орталығының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге ауданның білім беру бөлімімен бірлесіп Ұсыныс жасалынды.
Кәсіпкерлерді дамыту:
Округте барлығы : 719 орта және шағын кәсіпкерлер бар.
Есік Дендралогиялық паркі- питомник, Аң шаруашылығы «Корпорация Алмалы» АҚ, «Будан» жүгері сұрыптау зауыты, 15 ЖШС, 9 СПК, 154 ЖК жұмыс істейді.
Қысқа мерзімді қайта даярлау курсына округте жоспар бойынша – 10 адам қатысу керек болатын, қатысқаны – 5 адам.
- 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар - 1 адам,
Алғашқы жұмыс орны, жоспар -1/1,
Жастар тәжірибесі, жоспар -5/3
Ақылы қоғамдық жұмысқа қамтылғандар саны, жоспар - 22/22,
Жастарға арналған 2,5 % несие (110 жұмыссыздар - 32 жастар) алушылар, округте – жоқ.
Қаңтар айында АӘК алуға өтінім бергендер - 35 отбасының 24 алды.
Оның ішінде көп балалылар саны – 18 отбасы 165 жанбасы,
Бұл бағытта алдағы уақытта жұмыстар жалғасын табатын болады.
Округегі 165 мүгедектер – барлығы көмектермен қамтылған. Жалғызбасты жандар мен мүгедектерге отын, тамақпен қамтылған . (1 млн көмек көрсетілді).
Жастар 2 млн. теңгелік қайырымдылық жұыстарын жасады.
Округ әкімінің 2023 жылғы халықпен кездесулеріндегі проблемалық мәселелердің жалпы саны - 44.
Орындалғандары: - 30
Орындалу сатысындағы:- 13 (2 мектеп, амбулаториялар, балалар алаңы, мини спорт алаңдары, көше жарығы)
Орындалмағаны:- 1 (газ) (Топографиялық, ситауциялық схемалары жасалынып жатыр)
Назарларыңызға рахмет!