Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» және 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 983 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» және 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 983 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы ҚР Заңының нормаларын іске асыру мақсатында әзірленді.
2022 жылғы 29 маусымда бұйрық жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды және ағымдағы жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесіне қарау және келісу үшін жіберілді.