Меню

Страницы

Статья

Информация о проведении церемонии награждения победителей республиканского уровня конкурса «Еңбек жолы» в 2026 году

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» № 689 қаулысына сәйкес елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі.

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы бастама аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, еңбек, кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ күнделікті еңбегімен мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін тануға ерекше назар аударылды.

Аталған жұмысты жалғастыру мақсатында 2026 жылы да еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған тиісті іс-шаралар өткізілуде.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы 2014 жылдан бастап жыл сайын келесі номинациялар бойынша өткізіліп келеді:

«Үздік еңбек әулеті» – бір ұйымдағы еңбек қызметін қазіргі уақытта жүзеге асырып жүрген, бір отбасының үш және одан да көп ұрпағын қамтитын және конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырылған кезде осы кәсіпорындағы жиынтық еңбек өтілі кемінде 20 жылды құрайтын қызметкерлер тобы. Еңбек әулетінің басшысы деп еңбек жолын өзгелерден бұрын бастаған әулет өкілі танылады.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырылған кезде кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар, жоғары тиімділікпен жұмыс істейтін тәлімгер анықталады.

«Өндірістің үздік жас маманы» – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын, белсенділігімен және еңбекқорлығымен ерекшеленетін өндіріс жұмыскері.

2026 жылғы 25 қыркүйекте Еңбек күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп «Еңбек – ел мұраты» форумын өткізді. Форум шеңберінде «Еңбек жолы» республикалық конкурсы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.

Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары төрағалық еткен комиссиялар айқындады. Ал республикалық кезеңнің жеңімпаздарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы комиссия анықтады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, әлеуметтік әріптестер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері кірді.

«Еңбек жолы – 2026» конкурсының жеңімпаздары:

 

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша 1-орын Абдрахмановтар әулеті – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Магистральдық желі» филиалы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Қазалы жол дистанциясы, Қызылорда облысы. 2-орын – Жанқоразовтар әулеті, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Ұлытау облысы. 3-орын – Қошбағанбетовтер әулеті, «Ембімұнайгаз» АҚ, Атырау облысы.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша: 1-орын – Асылбек Тілеуұлы Ақшолақов, Ақтөбе облысы, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-ның хром ангидридін өндіру және пигментті хром оксидін өндіру цехының № 5 учаскесінің шебері. 2-орын – Смағұл Талдыбайұлы Сәрсембаев, «Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің токарі, Алматы қаласы. 3-орын – Бекмұрат Серікбайұлы Сағынбаев, «Kaz Minerals Bozshakol» ЖШС-нің диірмен машинисі, Павлодар облысы.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша: 1-орын Данияр Манарбекұлы Манарбеков – «Астана – өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ Байқоңыр аудандық электр желілері кәсіпорнының жетекші инженері, Астана қаласы. 2-орын – Ақжол Сүндетұлы Ермахан, «Бал Текстиль» ЖШС-нің тоқымашысы, Шымкент қаласы. 3-орын – Дмитрий Константинович Нернов, «Орал құс фабрикасы» ЖШС-нің слесарь-операторы, Батыс Қазақстан облысы.

Жеңімпаздардың еңбек жолы кәсіби шеберліктің, ұрпақтар сабақтастығының және еңбекке деген жауапты көзқарастың үлгісі ретінде көпшілікке таныстырылады.

Дата публикации
16 октября 2026
Дата обновления
16 октября 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
19 октября 2026
Информация о результатах аудиторских мероприятий Департамента внутреннего аудита
Информация
16 октября 2026
Информация о проведении церемонии награждения победителей республиканского уровня конкурса «Еңбек жолы» в 2026 году
12 октября 2026
Как оценивается благополучие семьи?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы