Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы
үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 181-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамындағы Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
- Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау сласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Үйлестіру кеңесі мүшелерінің өкілеттіктер мерзімі – 3 жылға белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
|
|
Т. Дүйсенова
|