Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (24-шығарылым) бекіту туралы

Жұмыстар мен жұмысшы

кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығын
(24-шығарылым) бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (24-шығарылым) бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (24-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 461-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 8212  болып  тіркелген, 2012 жылғы               12  қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 232 (28171) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын   бақылау   Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                                Б. Нұрымбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығы (24-шығарылым)

 

 

1-тарау. Кіріспе

 

  1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (24-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (24-шығарылым) химиялық өндірістер (жалпы мамандықтары) саласындағы жұмыстарды қамтиды.
  2. БТБА (24-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
  3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (24-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

 

 

2-тарау. Химиялық өндірістер (жалпы мамандықтары) саласындағы жұмыстарға арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

  

 

1-параграф. Абсорбциялау аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

газдық қоспадан заттарды абсорбциялау технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

газды және абсорбциялайтын сұйықтықтарды аппараттарға беру, олардың температурасы мен концентрациясын қажетті деңгейде ұстау;

құрал-жабдықты және коммуникацияларды тазарту және майлау;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

шикізат пен дайын өнімнің технологиялық қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысы;

жұмыс істеу қағидасын;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысы;

жұмыс істеу қағидасын.

 

 

2-параграф. Абсорбциялау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі конструкциялы абсорберлерде сумен, маймен, сілтілермен және қышқыл ерітінділерімен заттарды және газдық қоспаны жұтудың технологиялық процесін жүргізу, қажет болса – неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен абсорбенттерді десобциялау;

газ бен абсорбциялайтын сұйықтықтардың температурасын және концентрациясын қадағалау;

шашыратушы құрылғылардың, сорғыларды және желдеткіштердің жұмысын, аппаратураны және коммуникациялардың герметикалығын, жинағыштардағы сұйықтықтардың деңгейін қадағалау;

бақылау-өлшеу құралдар және көзбен қадағалау бойынша технологиялық процестің барысын бақылау;

дайын өнімді іріктеу және оны қоймаға немесе одан әрі қайта өңдеуге жіберу;

сынамалар алу;

сорғыш камераларға немесе мұнараларға, десорберлерге, сорғыларға, тұндырғыштарға, жинағыштарға, қышқыл қоймаларына, желдеткіштерге, коммуникацияларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру.

  1. Білуі тиіс:

өнім өндірісінің технологиялық сызбасын;

қызмет көрсетілетін процестің мәнісін;

шикізат пен дайын өнімнің технологиялық қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын;

құрал-жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою тәсілдерін;

сынамалар алу ережесін.

 

 

3-параграф. Абсорбциялау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі конструкциялы абсорберлерде сумен, маймен, сілтілермен және қышқыл ерітінділерімен заттарды ерітіндіден немесе газдық қоспадан жұтудың технологиялық процесін жүргізу;

газды шаңнан алдын ала тазарту, оны абсорберлерге беру;

белгілі құрамды және концентрациялы абсорбциялайтын сұйықтықтарды дайындау;

абсорберлерге суландыруға суды немесе қышқылды беруді реттеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша абсорбциялау процесс параметрлерін бақылау және реттеу: газдың температурасын, оны сұйылуын, қысымын, абсорбердегі вакуумды;

суландыратын сұйықтықтардың бүркіні мен тұманды ұстау;

дайын өнімді қоймаға беру, өнімді цистернаға немесе қоймаға құю немесе оны тұтынушыларға жіберу;

абсорбциялауға берілетін қышқылдың мөлшерін, абсорбциялау мұнараларын суару және суайналым суын бейтараптандыру үшін қажетті судың мөлшерін есептеу;

бөлінетін жылудың мөлшеріне және суытуыш агенттің температурасына байланысты абсорбциялау реакциясының жылуын есептеу және абсорбердің өнімділігін есептеу;

дайын өнімнің мөлшерін есептеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша қышқылдың концентрациясын анықтау және кестелер бойынша қайта есептеу;

құрал-жабдыққа қызмет көрсету: абсорберлерге, бүркін ұстағыштарға, қысым бактарына, суаратын және газды тоңазытқыштарға, тозаңдықтарға және басқа құрал-жабдықтарға, бақылау-өлшеу құралдарына, арматура мен коммуникацияларға;

бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен қолмен немесе қолмен әдіске көшумен қашықтан құрал-жабдықты басқару-реттеу;

талдаулар жүргізу;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

құрал-жабдыққа ұсақ жөндеу жасау;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

абсорбциялау процесінің физикалық-химиялық негіздерін;

мәнісі мен параметрлерін;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын;

өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

бензолды абгаздардан ұстау.

 

 

4-параграф. Абсорбциялау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

тұз қышқылымен, қатты күкірт қышқылымен, концентрацияланған аммиак суымен, тұздықпен және үлкен өнімділікті әр түрлі конструкциялы немесе үлкен қысымдағы абсорберлердегі басқаларымен абсорбциялаудың технологиялық процесін жүргізу;

бақылау талдаулары арқылы абсорбциялау жүйесінің герметикалығын, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру;

газды қабылдау, оны шаюмен алдын ала тазарту, кептіру;

қышқылды және басқа суаратын сұйықтықтарды қабылдау және оларды мөлшерлеу;

абсорбциялау жүйесінің жұмысын қадағалау;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша тазалау бағаналарда және абсорберлерде суару тығыздығын, жүйеде кедергіні, газ бен қышқылдардың температурасы мен концентрациясын және технологиялық процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

қалдық газдарды ұстау, тазарту, конденсатты белгіленуі бойынша ағызып жіберу;

алынатын өнімді қажетті концентрацияға дейін жеткізу және дайын өнімді өндіріске, сақтағыштарға, темір жол цистерналарына немесе орап түюге беру;

жұмыс істейтін пештердің санына байланысты температура режимін, дайын өнімнің өндірісі үшін шикізатты есептеу, ареометр бойынша қышқылдардың меншікті үлесін анықтау және концентрациялау кестелеріне сәйкес жинағыштардағы қышқылдарды және технологиямен қарастырылған басқа параметрлерді есептеу;

қажет болған жағдайда абсорбциялау бағаналарын тоқтату және олардың жұмысын қалыпты технологиялық режимге жеткізумен тоқтатқаннан кейін оларды жұмысқа қосу;

процестерді бақылау-өлшеу және тіркеу құралдарымен жабдықталған қашықтан басқару пультынан немесе қолмен реттеу;

тазарту жүйесін әлсін-әлсін шаю;

жуатын, тазартатын, кептіретін, абсорбциялайтын және басқа шеттес бөлімдердің жұмысын бақылау және үйлестіру;

абсорбциялау және тазарту жүйелеріне, қалдық газдарды ұстау мен тазарту құрал-жабдықтарына, коммуникацияларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

газдық тармақтарда және қышқыл коммуникацияларында ақаулықтарды жою, оларды жөндеу және ауыстыру;

жөндеуге тоқтату кезінде жүйені ағыту.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

технологиялық процестердің мәнісін;

абсорбциялайтын сұйықтықтардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктерін;

қызмет көрсететін процестерді бақылау және реттеу ережелері мен тәсілдерін;

технологиямен қарастырылған есептеулер жүргізу ережелері мен әдістемесін;

жүйені жөндеуге тоқтату және оны жұмысқа қосу кезінде құрал-жабдықты сөндіру және ағыту ережесін;

шикізатқа және дайын өнімге техникалық шарттарды.

 

 

5-параграф. Абсорбциялау аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

абсорбциялау бөлімінің ырғақты және синхронды жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен абсорбциялаумен, гидролизбен, буландырумен, айдаумен және басқа шеттес процестермен айналысатын аппаратшылардың жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен этил және изопропил спиртінің, әлсіз азот және фумар қышқылдарының, капролактам және басқа өнімдердің өндірістерінде абсорбциялау процесін жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскеде өндірістің технологиялық сызбасын;

қызмет көрсетілетін учаскелерде технологиялық процестерді;

газдардың, абсорбциялайтын сұйықтықтардың және алынатын дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың кинематикалық сызбаларын;

қызмет көрсететін процестерді бақылау және реттеу ережесі мен тәсілдерін;

жүйені жөндеуге тоқтату және оны жұмысқа қосу кезінде құрал-жабдықты сөндіру және ағыту ережесін;

процесті қашықтағы пульттан басқару ережесін;

шикізат пен дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды.

  1. Жұмыс мысалдары:

1) абсорбциялау және басқа шеттес процестің аппаратшыларының жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен этил және изопропил спиртінің өндірісінде этиленді, пропиленді, изобутиленді күкірт қышқылымен абсорбциялау,

2) абсорбциялау және басқа шеттес процестің аппаратшыларының жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен контактілік газдан дивинилді спиртпен абсорбциялау.

3) әлсіз азот және фумар қышқылдарының өндірісінде су және сілтілі абсорбциялау.

4) абсорбциялау және басқа шеттес процестің аппаратшыларының жұмысына бір уақытта басшылық етуді жүзеге асырумен капролактам өндірісінде су және сілтілі абсорбциялау.

5) суды және органикалық қоспаларды қамтитын бромды кептіру (сусыздандыру), - суды абсорбциялау және органикалық қоспалардан күкірт қышқылымен тазарту және су мен органикалық қоспалардың мөлшерін «Мемлекеттік стандарт»-пен қарастырылған нормаларға дейін жеткізу.

 

 

6-параграф. Адсорбциялау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен адсорбциялаудың технологиялық процесін жүргізу;

адсорбентті аппараттарға тиеуге дайындауға қатысу;

аппараттарға тазартылатын газдар мен сұйықтықтарға беруге қатысу;

технологиялық құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау;

сынамалар алу;

аппараттарды қалдықтан тазарту.

  1. Білуі тиіс:

өндірістік учаскенің технологиялық сызбасын;

қызмет көрсетілетін процестің физикалық-химиялық негіздерін және мәнісін;

шикізаттың және адсорбенттердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын.

 

 

7-параграф. Адсорбциялау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

газ тәрізді немесе сұйық өнімдерді қатты жұтушылардың үстінен адсорбциялау-ұстау технологиялық процесін жүргізу;

адсорбенттә дайындау, оны аппараттарға тиеу;

тазаланатын бөлінетін газдардың немесе сұйықтықтарды аппараттарға беру, процестің барысын бақылау, адсорбенттің қанығуына және тазарту сапасының төмендеуіне қарау аппараттарды ағыту, аппараттарды бумен үрлеумен адсорбцияланған өнімдерді бөлу (десорбциялау);

буларды конденсациялау, конденсатты тұндырумен немесе оны айдаумен адсорбцияланған өнімдерді алу;

процесс барысында бөлінетін газдарды ұстау немесе тазарту (кептіру), ағынды суларды бейтараптандыру, бөлінген (тазартылған) өнімдерді кейінгі операцияларға немесе қоймаға тапсыру;

талдаулар жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процестің барысын бақылау;

адсорберлерге, конденсаторларға, айдау аппараттарына, скрубберлерге және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

шикізаттың және адсорбенттердің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

өндірістік учаскенің технологиялық сызбасын;

қызмет көрсетілетін процестің физикалық-химиялық негіздерін және мәнісін;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын және коммуникациялардың сызбасын, технологиялық процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін;

талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

8-параграф. Айдау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

булардан кейіннен кристалдаумен қыздыру кезінде оларды бу тәрізді күйге ауыстыру арқылы қатты заттарды айдау-тазартудың, бөлудің немесе бөліп шығарудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты дайындау, реакциялық аппаратқа тиеу, жылыту, айдау, конденсациялау, аппаратты босату (қалыптарға құйып алу, қалыптардан түсіру), өлшеу, орау немесе өнімді келесі технологиялық операцияға тапсыру, аппараттарды тазарту;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу;

бақылау үшін сынамалар алу;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

сублиматорларға, конденсаторларға, диірмендерге, қалдықбөлгіштерге, жинағыштарға, сорғыларға, оттықтарға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу құралдарына және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізатты және алынған өнімнің мөлшерін есепке алу;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;

технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздерін, мәнісі пен параметрлерін, процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, шикізатты және өнімнің шығымын есепке алу ережесін.

 

 

9-параграф. Айдау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта бақылау талдауларын, қажетті шикізатты және өнімнің шығымын есептеуді орындаумен айдау процесін жүргізу және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету немесе электр пештерде фосфорды, аспиринды, салицил қышқылдарын, каломельді, сулеманы, йодты, фталді ангидридты, нафталинды айдау;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті бақылау және реттеу;

талдаулар жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;

технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздерін, мәнісі мен параметрлерін, процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін, шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

10-параграф. Айдау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше таза селен мен хлорлы алюминий өндірісінде біруақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен айдау процесін жүргізу;

шикізатты есептеу және мөлшерлеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;

шикізаттың шығындарын және өнімнің шығымын өлшеулер, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес процесті басқару және реттеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептердің алдын алу және жою.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;

технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздерін, мәнісі мен параметрлерін, процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін және талдаулар жасау әдістемесін, шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

11-параграф. Айдау аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ажырату процесінің жеке операцияларын орындау, немесе ажырату колонналарында өз бетінше тазартылған суды алу, немесе ескі-құсқыдан скипидарды айыру, немесе таза пиридин мен бета-пиколинді өндірудің процесін енгізуге қатысу;

технологиялық ережеге сәйкес технологиялық параметрлерді реттеу, шикізатты аппараттарға тиеу, қыздыру;

дайын өнімді құйып алу және қоймаға беру;

аппаратура мен коммуникацияларды тазалау.

  1. Білуі тиіс:

өнім өндірудің технологиялық сызбасын;

қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын;

олардың құрылымын, өнімдер мен шикізаттың қасиеттерін.

 

 

12-параграф. Айдау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен ыдыратудыңкүрделі технологиялық процесін (дистилляция, ректификаттау, шаншу арқылы шыңдау) енгізу немесе қоспаларды алдын ала өрескел бөлу мақсатымен су буымен немесе вакуум астында қарапайым ыдыратудыңтехнологиялық процесін жүргізу;

тауарлы фракцияның қайнау температурасына дейін шикізатты қыздыру, температуралық режимді, қысымды, шикізатты беру жылдамдығын және тағы басқа параметрлерді технологиялық ережеде белгіленген нақты дәлдікпен реттеу;

конденсатор-тоңазытқышта сұйық буының конденсациясы;

тоңазытқыштағы судың температурасын берілген деңгейде ұстап тұру;

аппараттарда сұйықтың берілген деңгейін ұстап тұру;

құбырларды булап шығу;

конденсатор-тоңазытқыш пен буландырғыштың жұмысын қадағалау;

сақтау қоймасына сұйық полимерлерді қабылдау;

дайын өнім және ашық көк қалдықтардың сынамаларын алу;

көзбен шолу және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті реттеу және бақылау;

ажырату аппараттарының, жылытқыш құралдардың, конденсаторлардың, сорғылардың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетуі;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

  1. Білуі тиіс:

өнімді өндірудің технологиялық сызбасын,қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құралымын, технологиялық процестің мәнін, негізін;

технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін;

жартылай өнім мен шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнімге деген техникалық шарттарын;

дайын өнімге техникалық шарттарды, сынамаларалу ережесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

заттарды қара май қоспаларынан қоспалар мен өнімнің қайнау температурасының әр-түрлісін қолдану әдісімен тазарту.

 

 

13-параграф. Айдау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

айдаудың орташа күрделі технологиялық процесін жүргізу (ратификаттау, дистилляция, шаншу арқылы шыңдау) заттарды қоспалардан нәзік тазалау немесе ұшпалы сұйықтардың көпкомпонентті қоспалардың толықтай бөлінуі немесе біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар айдаудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау, дайындау және берілген температураға дейін қыздыру;

технологиялық режимнің параметрлерін сақтау (температураны, қысымды немесе жүйедегі вакуумды, аппараттардағы судың деңгейін тағы басқа), аппараттарды бумен қыздыру немесе пештің қызмет көрсетуі;

буды конденсациялау және тауарлы фракцияны алу;

шығатын газды тазарту және улы заттарды тұту;

аппаратураны шламнан тазарту, өнімді қоймаға өткізу және тасымалдау;

талдаулар жүргізу;

талдау нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы технологиялық процесті реттеу және бақылау;

ректификатталған колонналардың, тоңазытқыштардың-конденсаторлардың және басқа аппаратуралардың қызмет көрсетуі;

технологиялық ереженің қалыптан ауытқуының себептерін анықтау және алдын-алу, құрал-жабдықтардың істен шығуын болдырмау;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмысынан қабылдап алу.

  1. Білуі тиіс:

өнімді өндірудің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдарының және қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын;

технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін, физикалық-химиялық процестердің мәнін;

шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатқа қойылатын талаптарды;

талдау жүргізу әдістемесін, сынамаларды алу ережелерін.

  1. Жұмыс мысалдары:
  • өңделген қара май дайындау процесін жүргізу;

2) таза пиридин мен бета-пиколин өндірудің процесін жүргізу;

3) азеотропты ажырату арқылы еріткішті кептіру процесін жүргізу.

 

 

14-параграф. Айдау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

айдаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу, заттарды қоспалардан нәзік тазалау немесе ұшпалы сұйықтардың көпкомпонентті қоспалардың толықтай бөлінуі немесе біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар айдаудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу;

адсорбционды жүйеде органикалық еріткіштердің буын қалпына келтіру процесін жүргізу;

адсорберлердегі белсендірілген көмірдің қалпына келтіру процесін жүргізу;

сұйық фракцияның - қалпына келтіргішін жинау, бөлу, конденсациялау және қалдықтарды термиялық зиянсыздандыруға ауыстыру;

өнімдерді өндірістің келесі кезеңдеріне жіберу және тасымалдау;

қорытынды талдаулар жүргізу;

талдау нәтижелері бойынша дайын өнімнің сапасын бағалау;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;

адсорберлердің, экстракторлардың, буланлыру аппараттардың, ажырату кубтарының, сорғылардың және басқа аппаратуралардың қызмет көрсетуі;

құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, оларды жою.

  1. Білуі тиіс:

өнімді өндірудің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдарының және қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың құрылымын, олардың сындарлы ерекшеліктерін;

технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін;

физикалық-химиялық процестердің мәнін, шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін;

дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізатқа қойылатын талаптарды, талдау жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

винилацетатты, көпкомпонентті улы, токсинді, жарылғыш және басқа осыған ұқсас өнімдерді ректификаттау.

 

 

15-параграф. Айдау аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

айдаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу, өнімдерді ажырату және молекулярлы тазарту бойынша барлық учаскелер мен бөлімшелердің жұмысын бақылау және үйлестіру, сонымен қатар өндірістің осы учаскелеріндегі біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару;

технологиялық процестерді басқарудың дистанционды тетігімен жүргізу;

автоматика және бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен негізгі шикізаттың, көмекші материалдардың, электр энергиясының шығындалуын, температураның, қысымның, жүйе вакуумының, колонналардағы сұйықтық деңгейін және басқа да процес көрсеткіштерін реттеу және бақылау;

өндірістің барлық кезеңдері бойынша дайын өнімнің шығуын, материалдар, жартылай фабрикаттар және шикізаттың шығынын есептеу;

дабылды құрылғылар арқылы технологиялық процестің бұзылуын, құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын-алу шараларын жүргізу;

өзара байланысқан өндірістік учаскелер мен бөлімшелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

технологиялық процесті дистанционды басқару тетігінің «автодиспетчер» жүйесінің автоматты құрылғыларының қызмет көрсетуі;

қажетті ақпаратты зауыт диспетчеріне беру.

  1. Білуі тиіс:

шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсететін өндірістің технологиялық сызбасын;

құрал-жабдықтар және автоматика жүйелерінің, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсету ережелерін, олардың құрылымын, шикізатты шығындау және өнімнің шығу есебінің әдістемесін;

процесті автоматтау және блоктауды бақылау сызбасын;

процесті реттеу ережелерін және технологиялық режимді, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерін және улы және әсері күшті заттарды өндіру кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережелерін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.
  2. Жұмыс мысалдары:

1)сіркесу қышқылын сіркесу ангидридін, фракциялар мен шикі бензолды, дивинилбензолды қышқылды, винилацетатты, көпкомплектті улы, жарылғыш және басқа күрделі өнімдерді айдау;

2)қызмет көрсететін құрал-жабдықтың автоматты түде реттеу жұмысымен сода өндірісінде дистанционды басқару тетігімен процестерді жүргізу.

 

 

16-параграф. Активтендіру аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

тұз қышқылымен әр түрлі өнімдерді активтендірудің технологиялық процесін жүргізу;

шикізат пен активтендіру құрамын аппаратқа тиеу, реакциялық массаны үнемі араластырумен буды қыздыруға беру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және көзбен технологиялық процестің барысын қадағалау;

буды аппаратқа беру процесінің температуралық режимін реттеу;

алынған суспензияны тұндыру;

массаны сумен шаю, сүзу, кептіру, активтендірілген өнімді тарту;

сынамалар алу;

суспензияны шаюға берілетін тұз қышқылы мен судың мөлшерін есептеу;

активтендіру аппараттарына, центрифугаларға, вакуум-кептіргіш шкафтарына, жылу айырбастағыштарға, өлшеуіштерге, мөлшерлеуші құрылғыларға қызмет көрсету;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

аппараттарды шаю, механизмдерді тазарту және майлау.

  1. Білуі тиіс:

активтендірудің технологиялық процесін, қызмет көрсетілетін учаскеде негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуін және коммуникациялардың сызбасын;

процесті бақылау үшін сынамалар алу ережесін, шикізатты есептеу әдістемесін, шикізат пен активтендірілген өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін.

 

 

17-параграф. Активтендіру аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

мақта және ағаш целлюлозаны сірке қышқылымен активтендіру технологиялық процесін жүргізу, түтікті түрлі реакторда тригерлі катализаторды активтендіру немесе «КИЛ» топырағын активтендірудің бір уақытта технологиялық процестерін жүргізу және «КИЛ» өңделген топырағынан және активтендірілген көмірден СГС (сантиметр-грамм-секунда) сұйықтықты десорбциялау;

шикізат пен материалдарды қабылдау және дайындау;

активатордың жиілігін тексеру;

араластырғыштың қозғалтқышын берілген жылдамдыққа келтіру;

активаторларға компоненттерді тиеу;

активатормен суытушы компоненттердің температура режимін, активаторға түсетін ауаның жылдамдығы мен көлемін, активаторларды беру уақыты мен мөлшерін, материалдарды беру жылдамдығын реттеу;

пневмо көлікпен ыдысқа сүзгілер арқылы қысу мен дайын өнімді тиеу;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

активтендірудің технологиялық процесін, құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктерін, мөлшерленетін компоненттерді есептеу әдістемесін;

активаторларды дайындау және тиеу бойынша операциялардың реттілігін процесті реттеу ережесін;

шикізатты сақтау ережесін, дайын өнімді түсіру ережесін;

шикізатқа активаторларға және дайын өнімге техникалық шарттарды.

 

 

18-параграф. Активтендіру аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

мақта және ағаш целлюлозасында сірке қышқылымен активтендіру немесе неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыға бір уақытта басшылық етумен, түтікті түрлі реакторда тригерлі катализаторды активтендірудің технологиялық процесін жүргізу;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару;

мөлшерленетін компоненттерді есептеу;

құрал-жабдықты жөндеуден кейін қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

активтендіру процесінің технологиялық сызбаларын, құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының кинематикалық сызбаларын;

процесті реттеу ережесін, бақылау талдауларын жүргізу ережесін, шикізатқа активаторларға және дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды.

 

 

19-параграф. Алкилдеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қышқыл ортада алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу;

шикізат пен реагенттерді аппараттарға тиеу, қажет болса – реакциялық массаны қыздыру;

реакция үшін қоспаларды есептеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін бақылау: температураны, қысымды, концентрацияны;

талдаулар үшін сынамалар алу;

кейінгі процестер үшін дайын өнімді түсіру;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықты қосу, тоқтату және жұмысын қадағалау;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

  1. Білуі тиіс:

алкилдеудің технологиялық процесін;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын, сынамалар алу ережесін;

дайын өнімге техникалық шарттарды, шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.

 

 

20-параграф. Алкилдеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу және қышқыл ортада алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу кезінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету;

шикізат пен реагенттерді қабылдау және дайындау;

жууға немесе бейтараптандыруға өнімді қысылған азотпен түсіру;

реакцияны аяқтау үшін қоспаларды есептеу;

алкилаторлардың, тұндырғыштардың, ыдыратқыштардың, бейтараптандырғыштардың, кептіргіштердің және қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтарды қосу, тоқтату және жұмысын қадағалау;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, жою;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және алкилдеу процесінің мәнісін;

құрал-жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, сынамалар алу ережесін;

дайын өнімге Мемлекеттік Стандарт және технологиялық шарттарды, шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін.

 

 

21-параграф. Алкилдеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға бір уақытта басшылық етумен және талдауларды орындаумен алкилдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе алкилдеу процесін катализаторды, күрделі органикалық заттарды қатыстырумен бензол олифиндерімен, хлорланған керосинмен немесе фенолизбутилспиртпен жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша көрсеткіштерін қадағалау;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

технологиялық құрал-жабдыққа, бақылау-өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына қызмет көрсету;

технологиялық режим нормаларынан ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;

құрал-жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

  1. Білуі тиіс:

шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің түрлерін, құрамын;

физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды, дайын өнімге технологиялық шарттарды, қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және алкилдеу процесінің мәнісін, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың;

бақылау-өлшеу құралдарын және автоматика құралдарының құрылысын және оларға қызмет көрсету ережесін қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

технологиялық режимді, сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

22-параграф. Алкилдеу аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға бір уақытта басшылық етумен этилбензол, изопропилбензол, бутилфенол, ортокрезол, 2,6-ксиленол, диэтиланилин, моноэтилортотолуолидин, «НП-3» сульфонол өндірісінде алкилдеу технологиялық процесінің барлық сатыларына басшылық ету;

істеп болған катализаторды реактордан түсіру;

аппаратты жаңа катализатор тиеуге дайындау;

реактордың түтіктерін катализатормен тиеу;

азот–қышқыл ара қатынастарын қатаң бақылай отырып катализаторды регенерациялау;
регламентке сәйкес өрт қауіпі бар жылутасығышты қабылдау, сызбаға тиеу, және қыздыру;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

құрал-жабдықтың күйін қадағалау;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің түрлерін, құрамын, физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

оларға қойылатын талаптарды, дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды, алкилдеудің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың;

бақылау-өлшеу құралдарын және автоматика құралдарының құрылысын және оларға қызмет көрсету ережесін қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

технологиялық режимді, технологиялық процесті реттеу ережесін және мәнісін, сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

 

23-параграф. Аминдеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ацетилхолинхлорид, рибофлавин, пантотената кальций өндірістерінде органикалық қосылыстарды аминдеу процесін және ілеспе процестерді жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аминдеу аппаратшының басқаруымен басқа өндірістерде аминдеудің технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау және дайындау, ерітінділер мен қоспаларды құру;

шикізатты реакторларға тиеу, компоненттерді аппараттарға беру, қажет болған жағдайда массаны араластыру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процесті бақылау және реттеу;

реакцияның аяқталу сәтін анықтау;

талдауға сынамалар алу. регламентпен қарастырылған жағдайларда - өнімді суыту, шаю, сүзу, еріту және басқа процестер;

дайын өнімді өндірістің кейінгі технологиялық сатыларына беру;

шикізаттың қажетті мөлшерін есептеу;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

аппараттарды тазарту және коммуникацияларды үрлеу;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

ұсақ жөндеу.

  1. Білуі тиіс:

аминдеудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын;

бақылау-өлшеу құралдарының белгілеуінің, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

шикізат пен дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды, сынамалар алу ережесін, шикізатты есептеу әдістемесін.

 

 

24-параграф. Аминдеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

органикалық қосылыстарды аминдеудің технологиялық процесін және аминдеумен ілесе жүретін басқа процестерді (катализаторды дайындау, ерітінділерді бейтараптандыру, тұндыру, сүзу, айдау арқылы қабаттарды бөлу) жүргізу;

қысыммен гетероциклдық негіздерді аминдаудың немесе иминдеудің технологиялық процесін жүргізу;

неғұрлым төмен біліктілікті аминдеу аппаратшыларына бір уақытта басшылық етумен ацетилхолинхлорид, рибофлавин және кальций пантотенатының өндірісін аминдеудің технологиялық процесін жүргізу;

компоненттерді аса дәл мөлшерлеумен бастапқы ерітінділерді және қоспаларды құрастыру;

алдын ала дайындалған шикізатты реакторға қолмен тиеу немесе құю, аммиакты немесе аммиак суын, катализаторды және басқа компоненттерді аппараттарға беру, қажет болса – массаны араластыру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша көзбен технологиялық процесті бақылау және реттеу;

берілетін аммиактың және тасталынатын абгаздардың мөлшерін, жылдамдығын және қысымын реттеу;

реттеудің тар шеттерінде температура және қысым бойынша процестің берілген режимін қолдау және технологиялық процесс сатылары бойынша оны өзгерту;

шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің шығынын есептеу;

реактор-амидаторларға, автоклавтарға, жылытқыштарға, конденсаторларға, сепараторларға, булағыш агрегаттарға, центрифугаларға, кептіргіштерге, сүзгілерге, аммиакты бағаналарға, қақпандарға, сорғыларға, арматуралар және коммуникацияларға қызмет көрсету;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және жою.

  1. Білуі тиіс:

технологиялық процесті және оны реттеу ережесін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

өнімдердің және жартылай өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, есептеулер әдістемесін, сынамалар алу ережесін;

дайын өніммен шикізатқа қойылатын технологиялық талаптарды және мемлекеттік талаптарды.

 

 

25-параграф. Аминдеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

аминдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен аминдеудің технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

құрал-жабдықтың күйін қадағалау;

құрал-жабдықтың күйін қадағалау;

технологиялық құрал-жабдыққа, бақылау-өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына қызмет көрсету;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

технологиялық процесті және оны реттеу ережесін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын, өнімдер мен жартылай өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

есептеулер әдістемесін, сынамалар алу ережесін және талдаулар жасау әдістемесін;

шикізат пен дайын өнімге Мемлекеттік стандарт және техникалық шарттарды.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

 

26-параграф. Араластыру аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен материалдарды араластыру немесе өрт сөндіргіштер қуатының қышқылды бөлігі үшін қоспалар дайындау;

шикізатты қабылдау, дайындау және аппаратқа тиеу;

дайын өнімді түсіру;

құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі;

құрал-жабдықты тазалау;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын;

олардың құрылымын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

өнімдер, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды.

 

 

27-параграф. Араластыру аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен түрлі құрылымды қоспалауыштарда материалдарды араластырудың технологиялық процесін жүргізу немесе түрлі құрылымды қоспалауыштарда немесе ары қарай қоспалауыштарға берумен реакторларда компоненттердің нақты мөлшерлемесімен химиялық материалдар мен қатты параметрлердегі қоспаларды араластырудың технологиялық процесін жүргізу;

шнектер, элеваторлар, тасымалдағыштар, сорғылар, вагонеткалардың көмегімен шикізатты қабылдағыш бункерлер мен бактарға тасымалдау;

бөтен қоспалардан тазарту;

шикізатты мөлшерлеу, компоненттердің берілген қатынастары бойынша қоспаларды құру, аппаратқа тиеу, дайын өнім немесе жартылай өнімді түсіру және қоймаға немесе ары қарай өңдеуге жіберу;

шикізаттың біркелкі түсуін және қызмет көрсететін құрал-жабдықтың жайын қадағалау;

сынамалар алу;

түрлы құрылымды қоспалауыштар (шнекті барабанды және тағы басқа), таразылы және ленталы мөлшерлегіштер, қуаттауыштар, коммуникациялар және басқа да құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын;

бақылау-өлшеу құралдары және негізгі, көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын;

олардың құрылымын, өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды;

технологиялық режім мен процесті реттеу ережелерін;

сынамалар алу ережесін.

 

 

28-параграф. Араластыру аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі құрылымды қоспалауыштарда немесе ары қарай қоспалауыштарға берумен реакторларда компоненттердің нақты мөлшерлемесімен химиялық материалдар мен қатты параметрлердегі қоспаларды араластырудың технологиялық процесін жүргізу;

қажет болған жағдайда шикізатты елеу және уату, түйірлеу және таблеттеу;

шикізатты нақты мөлшерлеу және беру мен тиеу процесін реттеу, араластыру;

компоненттердің қатынасы бойынша қоспаның сапасы мен көлемін, газдың қысымын реттеу және бақылау;

стабилизаторларды дайындау және оларды қосу;

қоспаны араластырудың берілген уақыттың технологиялық режіміне сәйкес пульпа мен қоспаның біркелкілігін, шикізатты аппараттарға беру және компоненттерді араластыру кезіндегі берілген температураның сақталуын қамтамасыз ету;

талдаулар жүргізу;

дайын өнім мен шикізаттың есебі;

жұмырлы, вибрациялы, колоидты диірмендердің, компрессорлар, газгольдерлер, мөлшерлегіштер, коммуникациялар, тасымалдағыштар және басқа да құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдары және негізгі көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын;

олардың құрылымын, арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

өнімдер, стабилизаторлар, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнім;

газ құрамы және шикізатқа қойылатын талаптарды;

жұмыс орнындағы технологиялық процестің мәнін және процесті реттеу ережелерін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

29-параграф. Араластыру аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларды басқарумен қатар немесе программалық басқарумен қиыстырылған қоспалауыштардағы жұмыс кезінде түрлі құрылымды қоспалауыштарда немесе ары қарай қоспалауыштарға берумен реакторларда компоненттердің нақты мөлшерлемесімен химиялық материалдар мен қатты параметрлердегі қоспаларды араластырудың технологиялық процесін жүргізу;

басқарудың электрондық сызбасын пайдалана отырып, автоматтық құрал-жабдықтың көмегімен қорыту сапасын реттеу және бақылау;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмысы мен күй-жайын қадағалау;

коммуникациялар мен құрал-жабдықтарды күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдары және негізгі, көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын;

олардың құрылымын, арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

өнімдер, стабилизаторлар, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнім;

газ құрамы және шикізатқа қойылатын талаптарды, жұмыс орнындағы технологиялық процестің мәнін және процесті реттеу ережелерін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалы:

этилды сұйықты, поливинилхлоридты, қоюланған азот қышқылы, азот қышқылы компоненттерінен нитратталатын қоспаны, қоюланған күкірт қышқылын, меланж пен олеумды өндіруде немесе улы химикаттар, жарылғыш өнімді өндіруде натрийдивинилді каучукты өңдеу үшін араластырудың процесін жүргізу.

 

 

30-параграф. Арқау өткізуші, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

таскендірлі жіптерден негіз дайындау – арқау өткізу.

  1. Білуі тиіс:

арқау өткізу машинасының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, жіпті салу

ызбасын;

негіздің сапасына қойылатын талаптарды, құрал-жабдыққа күтім жасау режимін.

 

 

31-параграф. Арқау өткізуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

шынылента үшін негіз немесе жез сымынан негіз дайындауларын арқау өткізу.

  1. Білуі тиіс:

арқау өткізу процесінің мәнісін, арқау өткізу машиналарының, шпулярниктың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, жіпті салу сызбасын;

ақау түрлерін және оның алдын алу және жою түрлерін;

негіздің сапасына қойылатын талаптарды, құрал-жабдыққа күтім жасау режимін.

 

 

32-параграф. Арқау өткізуші, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

 арқау өткізу машиналарында полиэтилен ленталарын, тоқыма жібін және ыныжіпті арқау өткізу процесін жүргізу;

арқау өткізудің берілген ұзындығына есептегіш орнату;

жеке ленталармен катушкаға негізді және арқау өткізу барабанына негізді салу;

барабанға бауларды ширату, жіптерді тоқымаға;

қоюда жіптердің нөмірі мен түсі бойынша біркелкілігін бақылау;

баулар жіптерінің тығыздығын, дұрыс бағыттарын және негіз жіптерін керулерін, баулардың дұрыс салуларын және баға баулардың салу;

орама және өлшеу төлқұжаттарын толтыру;

шпулярникте куличтердің санын тексеру;

жіп үзілулерін болдырмау;

машинаға күтім жасау.

  1. Білуі тиіс:

арқау өткізудің белгіленуін және мәнісін, арқау өткізу машиналарының, шпулярниктың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, жіпті салу сызбасын;

ақау түрлерін және оның алдын алу және жою түрлерін, негіздің сапасына қойылатын талаптарды, құрал-жабдыққа күтім жасау режимін.

 

 

33-параграф. Ацетилдеу аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ацетилдеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын орындау;

шикізатты дайындау және тиеу, өнімді түсіру;

аппараттарды тазарту құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскеде негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын;

шикізат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

оларға қойылатын талаптарды.

 

 

34-параграф. Ацетилдеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

фенацетин өндірісінде ацетилдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен ацетилдеу процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау;

шикізатты, жартылай фабрикаттарды және реагенттерді мөлшерлеу және аппаратқа тиеу;

сынамалар алу;

өнімді өндірістің кейінгі бөліктеріне беру;

құрал-жабдықтар мен коммуникацияларға қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын;

қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың;

жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды;

сынамалар алу ережесін.

 

 

35-параграф. Ацетилдеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

сірке қышқылының немесе сірке ангидридінің әсерімен ацетилеудің технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты, жартылай фабрикаттарды және реагенттерді есептеу және мөлшерлеу, белгіленген технологиялық режимге сәйкес қатаң реттілікпен оларды реакциялық аппаратқа тиеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесс параметрлерін (температураны, қысымды және басқ.) бақылау және реттеу;

технологиялық нұсқаулықпен қарастырылған басқа ілеспе процестерді орындау;

реакторларға, жұту қондырғыларына, тоңазытқыштарға, өлшеуіштерге, жинағыштарға, және бұл процестің және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

құрал-жабдықтардың және коммуникациялардың икемділігін тексеру;

жұмыс нұсқаулығымен қарастырылған талдауларды орындау;

шикізаттың және жартылай фабрикаттардың шығынын және алынған өнімнің мөлшерін есептеу;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың;

жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды;

ацетилдеу процесін реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

36-параграф. Ацетилдеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

А және Е синтетикалық дәрумендерінің өндірісінде ацетилдеудің технологиялық процесін жүргізу, Сірке қышқылының немесе сірке ангидридінің әсерімен ацетилеудің технологиялық процесін жүргізу және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету, неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен мақталы целлюлозаны ацетилдеу процесін жүргізу;

ацетилдеу қоспасының (сірке ангидридінің, бензолдың, сірке қышқылының) және бейтараптаушы қоспаның (сақар, сірке қышқыл, азотқышқыл ерітіндісі, тұз қышқылы) ерітінділерін дайындау;

мөлшерленетін компоненттерді есептеу;

аппараттарды тиеуге дайындау, қозғалту механиздерінің ақаусыздығын тексеру, аппаратқа суыту композициясын беру;

араластырғыштың жұмысын қосу;

аппараттарға компонент тиеу, бірінші ацетилдеу қоспасын бір уақытта қыздырумен аппаратқа беру;

технологиялық процесін жүргізу – араластырғыш айналымының бағытын белгіленген уақыт аралығынан кейін өзгерту;

параметрлерді операциялық параққа жазу;

берілген рецептура бойынша реагенттердің ерітінділерін құрастыру;

талдау нәтижелері бойынша және органолептикалық түрде шикізаттың сапасын тексеру;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау көрсеткіштерін және құрал-жабдықтың күйін қадағалау;

технологиялық режим нормаларынан ауытқуларды анықтау және жою.

  1. Білуі тиіс:

құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін, ацетилдеу процесінің технологиялық режимін және мәнісін;

мөлшерленетін компоненттерді есептеу әдістемесін, өндірістің барлық сатыларында ацетилдеу операцияларын орындау реттілігін, ацетилдеу қоспасын және целлюлозаны тиеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, «сироптың» пайда болу сәттерін анықтау тәсілдерін, еріткіштердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

дайын өнімге технологиялық шарттарды.

 

 

37-параграф. Ацетилдеу аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ацетилцеллюлоза және үшацетатцеллюлоза өнімдерін алумен мақталы целлюлозаны ацетилдеу процесін жүргізу;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету;

араластырғыштың қозғалтқышын берілген жылдамдыққа келтіру, екінші ацетилдеу қоспасын беру;

бірінші ацетилдеу қоспасы кезіндегі режимдермен ацетилдеу процесін жүргізу;

реакцияның аяқталу алдында араластырғыштың айналу жылдамдығын арттыру және үшінші ацетилдеу қоспасын беру;

ацетилдеу процесін жүргізу;

«Қамыр» мен «Сироптың» пайда болу сәттерін анықтау;

«Сироп» берілген тұтқырлыққа жеткен кезде химиялық ерітінділермен екі–үш рет шаю, сүзгі арқылы орнықтырғыш тиеу.

  1. Білуі тиіс:

құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін, ацетилдеу процесінің технологиялық режимін және мәнісін;

мөлшерленетін компоненттерді есептеу әдістемесін;

өндірістің барлық сатыларында ацетилдеу операцияларын орындау реттілігін, араластырғыштардың жұмыс режидерін;

қыздыру және суыту температураларын реттеу ережесі мен тәсілдерін ацетилдеу қоспасын және целлюлозаны тиеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, «сироптың» пайда болу сәттерін анықтау тәсілдерін, дайын өнімді шаю режимін;

еріткіштердің физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнімге технологиялық шарттарды.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

 

38-параграф. Аэрозолдық ораудағы өнімді құрастырушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

клапанымен, шығатын түймешігімен және қақпағымен аэрозолдық балонды жинау.

  1. Білуі тиіс:

қолданылатын жабдықтар мен құралдардың құрылысы мен белгіленуін, қысыммен жұмыс істейтін автоматтарды пайдалану ережесін.

 

 

39-параграф. Аэрозолдық ораудағы өнімді құрастырушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

өндірісінің жекелеген сматылары бойынша аэрозолдық ораудағы өнімді құрастыру бойынша жұмыстардың бүкіл кешенін орындау;

бос баллондарды вибростолға орнату және оларды тасуды қадағалау;

балондарды өніммен автоматты толтыруды, толтырылған баллондарға соратын түтіктерімен клапандарды орнатудың дұрыстығын қадағалау;

жоғары қысымды сорғының жұмысын клапанның автоматты жабылуын және фреон балондарына тоғытуды бақылау;

су ваннасында аэрозольдарды герметикалық термотексеру;

аэрозолдық клапанның арнайы жабдықтарын пайдалану мен қолмен құрастыру;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерінің алдын алу және жою.

  1. Білуі тиіс:

қолданылатын жабдықтар мен құралдардың құрылысы мен белгіленуін, аэрозоль өндірісінің технологиялық процесінің мәнісін және физикалық–химиялық негіздерін;

шикізат компоненттерінің шығын нормаларын, оларды мөлшерлеу реттілігін,қысыммен жұмыс істейтін автомат пен механизмдерді пайдалану ережесін.

 

 

40-параграф. Аэрозолдық ораудағы өнімді құрастырушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

аэрозолдық клапандардың автоматтарында құрастыру;

автоматта клапан бөлшектерін беру;

бір уақытта клапанның барлық бөлшектерін бес позициядан екі құрастыру дискілерінде жиынтықтау;

лубрикаторға май құюмен кескіштерді реттеу;

бөлшектерді автоматты ақауға шығару;

ауа беру және есептеу жүйелерін реттеу;

автомат жөндеуге қатысу;

дайын өнімдерді тапсыру;

барлық толтыру тармағында біліктілігі неғұрлым төмен құрастырушыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

құрастыру автоматтарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, бөлшектерді құрастыруға қойылатын талаптарды, бөлшектерді құрастыруға беру сызбасын, құрастыру автоматы жұмысының режимін;

бөлшектерді автоматты және механикалық ақауға шығаруды реттеу тәсілдерін, қысымда реттеу және дайын бөлшектерді беру жүйесін.

 

 

41-параграф. Аэрозоль орауларының өндірісінде құрал-жабдық жөндеушісі, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы

аэрозолды ораулардың өндірісінің жекелеген учаскелерінде құрал-жабдықты жөндеу, клапандар мен аэрозолды литографирленген баллондарды дайындайтын автоматтар мен жартылай автоматтарды, аэрозолды баллондарды лактауға, тегістеуге, жабу мен орауға арналған машиналар және бүкіл автоматты тармақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

жұмыс барысында автоматты тармақтарды реттеу;

автоматты тармақтың жекелеген механизмдерін жөндеу;

автоматты тармақты жөндеу кезінде мөлшерлейтін бастиектер мен форматорларды ауыстыру;

автоматты тармақтың баллондарының диаметрінің өзгеруімен байланысты кестелер бойынша қажетті есептеулерді орындау;

агрегаттардың, автоматтар мен жартылай автоматтардың ағымдағы жөндеуіне қатысу.

  1. Білуі тиіс:

автоматты тармақтың автоматтары мен жартылай автоматтарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;

механизм тораптарының дәлдігіне тексеру және жөндеу ережесін, күрделі және дәл бақылау-өлшеу құралдарын белгіленуі мен пайдалану;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың кинематикалық және электрлық сызбаларын.

 

 

42-параграф. Аэрозоль орауларының өндірісінде құрал-жабдық жөндеушісі, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

минутына 120 данаға дейін өнімділік кезінде аэрозолды ораулардың өндірісінде автоматты мен жартылай автоматты автоматтарды жөндеу;

құрал-жабдықтың технологиялық режимдерін жөндеу;

жекелеген автоматтардың белгіленген жұмыс режимдерінен ауытқуларының себептерін анықтау және оларды жою;

автоматтарды жөндеу кезінде қажетті техникалық есептерді орындау;

жөндеуден кейін бұйымдарды сынау дайындау.

  1. Білуі тиіс:

автоматты станоктардың барлық буындарының кинематикалық сызбаларын және өзара әрекеттесуін, автоматтардың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін;

аэрозолдық препараттардың қасиеттерін, бақылау-өлшеу құралдарын реттеу ережесін;

мүмкіндіктер мен отырғызулар жүйесін, өңдеу дәлдігі мен тазалығының кластары мен деңгейлерін.

 

 

43-параграф. Аэрозоль орауларының өндірісінде құрал-жабдық жөндеушісі, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

аэрозолды ораулардың өндірісінде автоматты тармақта құрал-жабдықтың бүкіл кешенін жөндеу;

минутына 120 данадан артық өнімділікпен аэрозолды ораулардың өндірісінде автоматтарды жөндеу;

тармақтардың бүкіл агрегаттары жұмыстарының технологиялық режимдерін жөндеу;

автоматты тармақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

автоматты тармаққа қызмет көрсететін жұмысшыларға нұсқама жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

автоматты тармақта орнатылған автоматтарды конструкциясын, автоматты тармақтағы жұмыс режимдері мен жөндеу ережесін;

станоктардың анықтамалары мен паспорттары бойынша автоматтардың жұмыс режимдерін анықтау ережесін;

аэрозолды препараттардың өндірісі технологиясының негіздерін.

 

 

44-параграф. Әк сөндіру аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

 кішігірім өнімділікті сөндіргіш- аппараттарда әк сүтін дайындау немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әк сүтін алу үшін әкті сөндірудің технологиялық процесін жүргізу;

әк сүтін дайындау аппаратына күйдірілген әкті тиеу;

сынамалар алу;

алынған әк сүтін тасу;

аппараттарды, көлік механизмдерін әлсін-әлсін тазарту. Қалдықтарды тасу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін, сынамалар алу ережесін.

түрлі-түсті металлургия өндірістерінде «Жеңілдік шарттармен және жеңілдік мөлшерлерде мемлекеттік зейнетақыға құқық беретін өндірістердің, цехтердің;

мамандықтар мен лауазымдардың тізімдеріне» байланысты мамандықты «Әк сүтін дайындау аппаратшысы» деп атау;

ал отқа төзімді өндірістерінде – «Әк бөлімінің аппаратшысы» (2-5 разрядлер).

 

 

45-параграф. Әк сөндіру аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әк сүтін алу үшін әкті сөндіру процесін, пушонка алу үшін әкті сөндірудің технологиялық процесін жүргізу;

күйдірілген әкті немесе пушонканы мөлшерлеу және шнек – коректенгішке, әк сүтін дайындау аппаратына құю;

әктің, пушонка аппараттарға түсуін қадағалау, суды, ауаны беруді реттеу;

аппараттарды, Бурат- елеуішті, көлікік механизмдерді әлсін-әлсін тазарту;

әк сүтін даярлау аппараттарына, шнекке, батыратын және және ортадан тепкіш сорғыларға, сорылатын сөндіру шамына, әк сүтіне арналған ыдыстарға, коммуникацияларға қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын, әк сүтін дайындау мәнісін және процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, дайын өнімге қойылатын талаптарды.

 

 

46-параграф. Әк сөндіру аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 300 тоннға дейін әк өнімділігімен сөндіргіш- аппараттарда пушонка алу үшін әкті сөндіру технологиялық процесін жүргізу;

үстіңгі - белсенді заттардың (ҮБЗ) ерітінділерін дайындау, сөндіру үшін суды және дистиллярлық сұйықтықты дайындау;

қатты буды аппаратқа беру;

әктің сапасын және аппараттарға біркелкі түсуін қадағалау;

регламентпен қатал сәйкестікте судың белгілі бір температурада берілуін реттеу;

пушонканың ылғалдылығы мен дисперстілігін, будың қысымын, қысым багындағы, ҮПЗ бұлғауыштарындағы деңгейді бақылау;

процесті бақылау үшін сынамалар алу;

пушонканы елеу;

сөндіру аппараттарына қызмет көрсету;

шультес сөндіру аппараттарына, элеваторларға, су жылытқыштарға, Бурат- елеуішке, сорғыларға, сүзгілерге, желдету қондырғыларына, «Вентури» құбырына, коммуникацияларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың сызбасын;

әкті сөндіру процесін реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, дайын өнімге қойылатын талаптарды.

 

 

47-параграф. Әк сөндіру аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 300 тонн артық әк өнімділігімен сөндіргіш-аппараттарда пушонка алу үшін әкті сөндіру технологиялық процесін жүргізу;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

бақылау-өлшеу құралдарын, құрал-жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау;

құрал-жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын, пайдалану ережесін;

қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың сызбасын;

әкті сөндіру процесін реттеу ережесін, дайын өнімге қойылатын талаптарды.

 

 

48-параграф. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы, 1-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілігі бар аппаратшының басшылығымен жеке жұмыстарды орындау;

шикізат және материалдармен ыдыстың тығынын алу;

материалдарды түрлері бойынша іріктеу;

аппараттарға шикізатты жеткізу;

аппараттарға шикізатты тиеу;

аппаратураны тазалау.

  1. Білуі тиіс:

қолданылатын материалдардың, рецептураның негізгі қасиеттері мен құрылымын;

техникалық кірмен өлшеу ережелерін;

негізгі және көмекші құралдарды жабдықтау ережелерін.

 

 

49-параграф. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен реакторларда байластырушыларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу немесе байланыстырғыштарды, компаундтарды, бөлетін және декоративтік қоспаларды, жапсырғыш шайырларды, биологиялық қолғаптар үшін ерітінділерді, бояу байланыстырғыштарын қысымды араластырғыштарда, жұмырлы диірмендерде және осы тәрізді басқа да құрылғыларда дайындау. Рецептуралы карталарға сәйкес материалдарды өлшеп, мөлшерлеу;

уатқыш, тартқыш, қыздырғыш және басқа да аппаратураларды қолдана отырып материалдарды дайындау;

толтырғыштар мен компоненттердің ылғалдығын анықтау;

айын өнімді қабылдағыш бактарға немесе ыдыстарға түсіру;

қажет болған жағдайда- дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың есебін жүргізу;

аппараттарды тазалау, құбырды үрлеп тазарту.

  1. Білуі тиіс:

қолданылатын материалдардың, рецептураның қасиеттері мен құрылымын, жұмыс қоспаларын алу режимі және технологиялық процесін;

техникалық кірмен өлшеу ережелерін;

негізгі және көмекші құралдарды жабдықтау ережелерін.

 

 

50-параграф. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен әр-түрлі реакторларда байластырғышты дайындаудың технологиялық процесін немесе синтетикалық қара майдың негізінде байластырғышты дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты дайындау: берілген фракцияларға жеткенше уатып, тарту, електен өткізу;

компоненттерді қыздыру, араластыру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы процесті бақылау және температуралық режимді реттеу;

сыртқы белгілері мен талдау нәтижелері арқылы процестің аяқталу кезін анықтау;

дайын өнімді қабылдағыш бактарға түсіру, таралау, өлшеу, таңбалау және өнімді ыдыстарға ауыстыру;

сынамаларды алу;

дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың есебін жүргізу;

реакторларды, бақылау-өлшеу құрылғыларын, бу мен су және сіңіргіш коммуникацияларды, уатқыш, тартқыш және көлік құрылғыларын жұмысқа дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін құрылғыларда байластырушыларды дайындаудың технологиялық сызбасын;

арматура мен коммуникациялардың, бақылау-өлшеу құрылғыларының және құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын;

олардың құрылымын, технологиялық режимді реттеу ережелерін;

шикізатқа, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды;

олардың физикалық-химиялық шарттарын;

сынамаларды алу ережелерін.

 

 

51-параграф. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

полиэфирлі, эпоксидті, фенолформальдегидті және басқа қара май негізінде байластырушыларды дайындаудың барлық схемаларындағы технологиялық процесті жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері арқылы қызмет көрсететін учаскенің барлық кезеңдерінде рецептура мен режимге сәйкес байластырғышты алудың технологиялық процесін ретту және бақылау;

дайын өнімді түсіру және жартылай фабрикаттар мен шикізаттарды, тиеу, мөлшерлеу процесін реттеу;

қажетті материалдарды және дайын өнімнің шығуын есептеу;

технологиялық режим нормасынан ауытқу себептерінің алдын алу және оларды жою, құрал-жабдықтың істен шығуын болдырмау;

коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың күрделі емес жөндеу және жапсырма жұмыстары;

талдау жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

байластырушылар өндірісінің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құралдардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын, коммуникациялар мен арматураның сызбасын;

шикізат пен жартылай фабрикаттардың, майлағыш және басқа көмекші материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін;

процестерді реттеудің ережелерін;

технологиялық режимді және технологиялық процестің мәнін, талдау жүргізу әдістемесін.

 

 

52-параграф. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыға басшылық етумен басқаруымен полиэфирді фенолформальдегидті, эпоксидті қара май негізінде байластырғышты дайындаудың барлық схемасы бойынша технологиялық процесті жүргізу;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу;

құрал-жабдықтардың жұмысын, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;

негізгі және көмекші құралдарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

байластыратын өндірістің технологиялық сызбаларын, бақылау-өлшеу құралдарының;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін және құрылымдық ерекшеліктерін;

коммуникациялар және арматура сызбасын, жартылай фабрикаттың, шикізаттың, майлайтын және басқа да қосымша материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық процесті, процестерді реттеудің ережелерін және технологиялық режимін.

 

 

53-параграф. Бақылаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жеке жұмысшылардан немесе аймақ жұмысшыларынан дайын өнімді, жартылай дайын өнімді немесе ыдысты қабылдау, техникалық шарттарға сәйкестік жөніндегі қорытынды беру;

талдау үшін сынама алу, дайын өнімді пломбалау;

былғары-картонды және одан жасалған бөлшектерді ақауға шығару;

іріктеу әдісімен жарық сүзгісінде қақталған каучукты қарау, каучуктан кездейсоқ қоспаларды, бор және пастаны алып тастау.

  1. Білуі тиіс:

шикізатқа және дайын өнімге қызмет көрсетілетін аймақ бойынша қойылатын талаптарды;

өнім партияларын қабылдау және рәсімдеу ережелерін, бақыланатын материалдардың физика-химиялық қасиеттерін, сынама алу ережелерін.

 

 

54-параграф. Бақылаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

цехтардан өнім партияларын қабылдау;

арнайы қондырғыларда пластмасса қабыршықтар сапасын бақылай отырып, анықталған ақауларды квалификациясы жоғарырақ бақылаушының басшылығымен жою;

жартылай дайын өнімдерге және дайын бұйымдарға операциялық бақылау жүргізу;

сымкөздер күйін және тоқу стандарттылығын бақылау;

тоқу сорғыларын бақылау және реттеу;

дайын өнім және шикізат талдауын жүргізу, өнім, ыдыс және маркалау сапасының Мемлекеттік стандарт талаптарына және техникалық шарттарға сәйкестігі жөніндегі қорытынды шығару;

сынама алушылар жұмысына басшылық ету;

матаның, қабаттық былғарының сұрыптары бойынша ақауын шығарып, сұрыптау нәтижелерін карточкаға түсіру;

сапа паспорттарын рәсімдеу.

  1. Білуі тиіс:

шикізат және дайын өнімге қатысты Мемлекеттік стандарт және техникалық талаптарды, қызмет көрсетілетін цехтер тобы бойынша шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптарды;

өнім партиясын қабылдау және рәсімдеу ережелерін;

бақыланатын материалдардың физика-химиялық қасиетерін;

сынама алу, өлшеу және маркалау ережелерін, талдау жүргізу әдістемесін.

 

 

55-параграф. Бақылаушы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

цехтерден өнімді қабылдау;

пластмасса қабыршақтарының сапасын арнайы қондырғыларда бақылап, анықталған ақауларды жою;

дайын өнімнің және шикізаттың күрделі талдауын техникалық шарттарға сәйкес жүргізу, өнім, ыдыс және маркалау сапасының Мемлекеттік стандарт және техникалық шарттар және тиеуге рұқсат талаптарына сәйкестігі жөніндегі қорытынды шығару;

өнімнің экспорттауға және арнайы өнімнің сапасын операцияаралық бақылау;

сұрыптылық журналын және есебін жүргізу;

сұрыпты емес өнімге акт рәсімдеу;

тұтынушылардан келіп түскен шағымдар мен наразылықтарды қарастыруға қатысу;

квалификациясы төменірек бақылаушыларға нұмқама беру және олардың жұмысына басышылық ету.

Сүзу аппаратшысы. Білуі тиіс:

шикізатқа, жартылай дайын өнімдерге және қызмет көрсетілетін цехтер бойынша өнімге қойылатын техникалық талаптарды;

химиялық терминологияны және химиялық қосылыстардың қасиеттерін, улы заттектерді сақтау және есепке алу ережелерін;

тиелетін партияларды бақылау және рәсімдеу тәртібі жөніндегі нұсқаманы, талдау жүргізу әдістемесін.

 

 

56-параграф. Бақылаушы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

дайын өнім қоймасында химиялық талшықтарда ақаулар табу сапасын іріктеп бақылау және ақау табу конвейерлеріндегі резеңке аяқ киім сапасын бақылау бойынша жұмыстарды орындап, бір уақытта квалификациясы төменірек бақылаушыларға басшылық ету;

өнімді партиялар, ассортименті бойынша сұрыптаудың дұрыс жүруін бақылау;

талдау жүргізудің және дайын өнімді сақтаудың дұрыс болуын бақылау.

  1. Білуі тиіс:

шикізатқа, жартылай дайын өнімге және қызмет көрсетілетін цехтар бойынша өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттарды мен техникалық талаптарды;

химиялық терминологияны және химиялық қосылыстардың қасиеттерін, улы заттектерді сақтау және есепке алу ережелерін;

тиелетін партияларды бақылау және рәсімдеу тәртібі жөніндегі нұсқаманы, талдау жүргізу әдістемесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

 

57-параграф. Балқыту аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

балқыту аппаратының қабылдау шанабына шикізатты тиеу және ұсатуға қатысу;

аппараттарды шламнан тазарту;

сұйық өнімді басқа технологиялық операцияларға беруге қатысу;

құрал-жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысу.

  1. Білуі тиіс:

өнімді өндірудің технологиялық сызбасын;

технологиялық процестің мәнін;

шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін.

 

 

58-параграф. Балқыту аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

балқыту қазандары мен электр пештерінде балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

балқыту аппаратының қабылдағыш бункеріне шикізатты мөлшерлеу, қыздырылған бумен немесе отынды газбен балқыту аппаратын қыздыру, балқытылған шикізаттың деңгейін қадағалау және балқытудың берілген температурасын сақтау, өнімді сүзгіден өткізу немесе тұндыру;

шығатын газдарды тұту, аппаратураны герметизациялау, жинағыштар мен коммуникацияларды инертті газбен үрлеп тазарту;

сұйық өнімнің ауысып құйылуы оны басқа технологиялық операцияларға жіберу, орау;

өнімнің сыртқы түрі бойынша және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің барысын бақылау;

технологиялық ережеден қалыптан ауытқуының себептерін анықтау, олардың алдын алу;

уатқыштардың, әр-түрлі балқыту аппараттардың, тұндырғыштардың, сүзгілердің, сорғылардың, газ үрлегіштердің, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу және бекітуді реттеу құрылғыларына қызмет көрсету;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

  1. Білуі тиіс:

өнімді өндірудің технологиялық сызбасын,технологиялық процестің мәнін, технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін;

шикізат, жартылай фабрикаттар;

технологиялық отын және көмекші материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін;

құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасы мен құрылымын.

  1. Жұмыс мысалдары:

нафталинді балқытудың процесін жүргізу.

 

 

59-араграф. Балқыту аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

улы және әсері күшті заттарды балқытудың немесе үш қабатты балқытпа алудың (натрий, калий, қорғасын) немесе біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар электр пештері, цистерналар және балқыту қазандарында балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

пневмокөлікті жүргізу;

теміржолды және автоцистерналардағы өнімдерді балқыту, технологиялық дыстарға ауыстырып құю;

ыдыстар мен цистерналарды бумен қыздыру;

аппаратураның герметикалығын тексеру, коммуникациялар мен жинағыштарды инертті газды үрлеп тазарту;

түсетін өнімнің сапасы мен температурасын бақылау;

технологиялық құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі;

құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын алу;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан қабылдап алу.

  1. Білуі тиіс:

өнімді өндірудің технологиялық сызбасын, технологиялық процестің мәнін;

технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін, шикізат, жартылай фабрикаттар;

технологиялық отын және көмекші материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсететін құрылғылар мен құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын.

  1. Жұмыс мысалдары:

1)фосфорды, фенолды, сілтілерді, натрий, калийді, күкірт пастасын, күкірт концентратын және басқа да улы заттарды балқыту процесін жүргізу;

2)фталилік ангидрид және канифоли алу процесін жүргізу.

 

 

60-параграф. Балқыту аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен үш қабатты балқытпалы, улы, әрі әсері күшті заттарды балқытудың технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;

дайын өнімнің шығуы мен шикізаттың шығындалуын есептеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

талдау мен қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Реттеу құрылғыларын пайдалана білу;

құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалап отыру;

құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі;

коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың кішігірім жөндеу жұмыстарын орындау;

балқу процесінің барысы туралы өндірістік журналда жазба жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

өнімді өндірудің технологиялық сызбасын, технологиялық процестің мәнін, технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін;

жартылай фабрикаттар мен шикізаттың;

технологиялық отын мен көмекші материалдардың технологиялық, физикалық-химиялық қасиеттерін, бекітілген құрал-жабдықтар мен құрылғылардың құрылымы мен ережелерін.

  1. Мысал жұмыс:

құрғату, балқыту және қатты каустик алу үшін концентранцияланған каустик ерітінділерінен бөтен қоспаларды алып тастау процесін жүргізу.

 

 

61-параграф. Бейтараптандыру аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қышқылдарды, түрлі ерітінділерді және басқа да өнімдерді сілтімен, аммияк және басқа бейтараптандыратын әдістермен залалсыздандыру технологиялық процесінің жеке операцияларын немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басшылығымен сілтілі ерітінділерді қышқылмен залалсыздандыру процесін жүргізу;

компоненттерді аппаратқа салу;

дайын өнімді түсіру;

сынамаларды алу.

  1. Білуі тиіс:

өндірудің технологиялық сызбасын, қызмет көрсететін учаскедегі құрал-жабдықтардың құрылымын;

жұмыс істеу қағидасын, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін.

 

 

62-параграф. Бейтараптандыру аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қышқылдарды, түрлі ерітінділерді және басқа да өнімдерді сілтімен, аммияк және басқа бейтараптандыратын әдістермен бейтараптандырудың қарапайым технологиялық процесін немесе сілтілі ерітінділерді қышқылмен залалсыздандыру процесін жүргізу;

бейтараптандыратын ерітінділерді дайындау: әктің сүті, аммиак суын, сода ерітіндісі және тағы басқа;

қалыпты рН-қа жеткізгенге дейін шикізатты шаю;

араластыру, тұндыру, сүзгіден өткізу, ағарту, өнімді түсіру, артық сілті мен қышқылдан кертартпашыл массаны шаю, массаны сығу, центрифугадан өткізу;

ары қарай жүргізілетін операцияларға өнімді жіберу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және талдау нәтижесіне қарау технологиялық ережемен қарастырылған технологиялық процестің параметрлерін реттеу: компоненттерді аппаратқа жіберудің жылдамдығы, температурасы (кейбір жағдайларда суытуды қолдану), концентрациялау және тағы басқа;

талдауды жүргізу;

залалсыздандырғыш, қоспалауыштар, сүзгілер, жылу алмастырғыштар, сыртқа тебуші сорғылар және басқа да құралдарды жабдықтау;

құралдарды жуу және газсыздандыру, іске қоспай тұрып жүйенің саңылаусыздығын тексеру;

құрал-жабдықтардың жұмыс кезіндегі істен шығу себептерін анықтау, олардың алдын алу немесе жою;

тиелетін шикізаттың мөлшерін дұрыс есептеу.

  1. Білуі тиіс:

өндірудің технологиялық сызбасын, бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізудің ережелерін;

оның мәнін, бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын;

олардың құрылымын, коммуникациялар және арматура сызбасын, шикізаттың;

дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

сынамаларды алу ережелерін, талдау жүргізу әдістемесін.

 

 

63-параграф. Бейтараптандыру аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бейтараптандырудың күрделі технологиялық процесін, сондай-ақ қышқылдарды, түрлі ерітінділер және басқа да өнімдерді сілтімен, аммиакпен және басқа бейтараптандыратын әдістермен бейтараптандырудың қарапайым процесін немесе бірмезгілде неғұрлым төмен біліктілігі бар аппаратшының басшылығымен сілтілі ерітінділерін қышқылмен залалсыздандыру процесін жүргізу;

бекітілген рН-қа (сутегі индексі) жеткізгенге дейін залалсыздандыру, шығындау сыйымдылығына шикізат пен ерітіндіні қабылдау. Кейінгі бөліп алу (ажырату) және тұндыру арқылы тұздар мен майлы қышқылды бөлу;

күкіртті қышқыл және сумен тазартқыш құралда майлы қышқылдарды шаю;

сүзгілерді қалпына келтіру;

ерітіндіні кейінгі өңдеу жұмысына жіберу.

  1. Білуі тиіс:

өндірудің технологиялық сызбасын, бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізудің ережелерін;

оның мәнін, бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын;

олардың құрылымын, коммуникациялар және арматура сызбасын, шикізаттың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

сынамаларды алу ережелерін, талдау жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

1)майлы қышқылды себацинді қышқылды өндіруде және моноэфирлерді пластификаторларды өндіруде сілтілермен залалсыздандыру, ағатын қышқылдарды сода ерітінділерімен залалсыздандыру процесін жүргізу;

2)залалсыздандыру процесін жүргізу және өндірістерде аппаратшыларды басқару: барбитурларды, сульфамидтерді, аминазинді, котарнинді, гистидинді, пиперазинді, цистаминді, салицилды өнімдерді, ионды алмастырғыш қара майды, цианурлы қышқылды.

 

 

64-параграф. Бейтараптандыру аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым төмен біліктілігі бар аппаратшыны басқарумен бір уақытта бейтараптандырудың күрделі процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау;

дайын өнімнің шығуын және шикізаттың шығынын өлшеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау;

құрал-жабдықтың жайын бақылау;

реттеу құралдарын басқару, талдау және қадағалау нәтижесі бойынша процеске түзету енгізу;

жөндеу жұмысына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

өндірудің технологиялық сызбасын, бейтараптандырудың технологиялық процесін жүргізудің ережелерін, бақылау-өлшеу құралдарының;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін, құрылымын, коммуникациялар және арматура сызбасын;

шикізаттың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін, сынамаларды алу ережелерін;

талдау жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс (мысалы):

 

 

65-параграф. Бромдау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бромдау процесінің (буландыру, сүзу, центрифугалау, кристалдау) жекелеген операцияларын орындау шикізатты дайындау және тиеу, өнімді түсіру;

сынамалар алу;

аппараттарда тазарту;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және бромдау процесінің мәнісін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың;

құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың;

жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің түрлерін, құрамын;

физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

оларға қойылатын талаптарды, сынамалар алу ережесін.

 

 

66-параграф. Бромдау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бейорганикалық қосылыстарды бромдаудың технологиялық процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен органикалық қосылыстарды бромдау процесін жүргізу;

реагенттерді аппаратқа тиеу, бромдау өнімді аппараттан түсіру және оны өндірістің кейінгі сатыларына беру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша, технологиялық процесс параметрлерін реттеу, дайын өнімнің сапасын бақылау;

нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау;

технологиялық құрал-жабдыққа, коммуникацияларға және бақылау өлшеу құралдарына қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру және қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және бромдау процесінің мәнісін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, процестерді реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

67-параграф. Бромдау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қышқыл ортада немесе органикалық еріткіштердің ортасында органикалық қосылыстарды бромдаудың технологиялық процесін жүргізу;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

бақылау талдауларын жүргізу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

шикізатпен алынған өнімнің мөлшерін есепке алу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және бромдау процесінің мәнісін;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

процестерді реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін, шикізаттың;

жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

залалсыздандыру процесін жүргізу және өндірістерде аппаратшыларды басқару: капролактамды, тринатрийфосфатты, триполифосфатты, аммофосты, нитрофенді, фосфат диаммонын, хромды қоспаларын, хлорэтилды, сондай-ақ тұзды-қышқыл әдісімен барий және стронций тұздарын залалсыздандыру

 

 

68-параграф. Булау аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

купоросты булау процесін жүргізу, немесе булау процесін неғұрлым жоғары іліктілікті аппаратшының басқаруымен жүргізу;

шикізатты дайындау және аппаратқа тиеу;

регламентке сәйкес технологиялық параметрлерді қолдау;

ерітінділердің деңгейі мен температурасын қадағалау;

сынамалар алу;

құрал-жабдықты, булау аппараттарын тазарту;

технологиялық құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, булау технологиялық процесінің мәнісі мен әдістерін;

буланатын ерітінділердің физикалық-химиялық қасиеттерін, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын коммуникациялардың және арматураның сызбасын, сынамалар алу ережесін;

құрал-жабдыққа күтім жасау режимін, шикізат пен дайын өнімді есепке алуды жүргізу ережесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

дақылдық сұйықтықты, ашытқылы суспензияны булау процесін жүргізу.

 

 

69-параграф. Булау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі конструкциялы булау аппараттарында атмосфералық қысыммен булау технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ атмосфералықтан жоғары қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейтін аппараттарда булаудың көп мәртелі процесінің бастапқы сатыларын немесе бір мәрте процесті жүргізу, атмосфералықтан жоғары қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейтін көркорпустық аппараттарда булаудың көп мәртелі технологиялық (немесе оның соңғы сатыларын) процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен лабильді органикалық заттардың вакуумымен буландыру процесін жүргізу.

булағыш аппараттарды концентрациялауға жататын ерітінділермен тиеу-тотыру;

аппараттарды технологиялық регламентпен қарастырылған температураға дейін отын газдармен, бумен, дифениль қоспасымен, маймен немесе басқа жылу тасушылармен қыздыру;

буландырудың берілген технологиялық параметрлерін ұстап тұру: бекітпе арматураның немесе бұрамалардың көмегімен қолмен температураны, қысымды, вакуудың және басқаларын;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша ерітінділердің концентрацияларын және деңгейін, температураны, вакуумды, меншікті үлесті бақылау және реттеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептердің алдын алу және жою;

жұмыс нұсқаулығымен қарастырылған талдаулар жүргізу;

ерітіндіні құю және өнімді жинағыштарға түсіру, оны суыту және қоймаға немесе одан әрі өңдеуге жіберу;

шикізатты және өңделген дайын өнімді есепке алу;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою және ұсақ жөндеу орындау;

құрал-жабдыққа: булағыш аппараттарға, реакторларға, скрубберлерге, оттықтарға, қысым бактарына, өлшегіштерге, жинағыштарға, желдеткіштерге және басқ., бақылау-өлшеу құралдарына, коммуникацияларға қызмет көрсету, қажет болса - кептіргіш, сүзуші және басқа негізгі және қосалқы құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, булау технологиялық процесінің мәнісі мен әдістерін, булайтын ерітінділердің физикалық-химиялық қасиеттерін, технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін;

дайын өнімге Мемлекеттік стандарт мен техникалық шарттарды, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, сынамалар алу ережесін және бақылау талдаулар жүргізу әдістемесін;

құрал-жабдыққа күтім жасау режимін, от және жарылыс қауіпті жағдайларда жұмыс ережелері;

темір ұста ісінің дағдылары, шығын нормаларын және шикізат пен дайын өнімді есепке алуды жүргізу ережесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен көп корпусты вакуум-булау қондырғыларында дақылдық сұйықтықты немесе ашытқылы суспензияны көп мәрте буландыру технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу.

 

 

70-параграф. Булау аппаратшысы, 4-разря

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

атмосфералықтан жоғары қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейтін көп корпусты аппараттарда булаудың көп мәртелі технологиялық процесін (немесе оның соңғы сатыларын) жүргізу, немесе лабильді органикалық заттардың вакуумымен буландыру процесін жүргізу, аммиак селитрасының ерітіндісін буландыру процесін жүргізу, немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен гидролиздік күкірт қышқылын булау процесін жүргізу;

ерітінділерді зиянды қоспалардан бейтараптандырумен, бумен немесе қысылған ауамен үрлеумен, тұндырумен, сүзумен немесе басқа тәсілдермен тазарту;

берілген температурағы және концентрациядағы ерітінділерді булағыш аппараттарға біркелкі беру, қоспаларды мөлшерлеу;

аппараттардағы ерітінділердің деңгейін қадағалау, аппараттарды әр түрді жылытатын агенттермен қыздыру, буларды ұстап алу және шығарып жіберу;

ерітіндінің концентрациясын, вакуумды, қысымды, аппараттар бойынша жүктемені, температураны, ерітінділердің берілуін және процестің басқа көрсеткіштерін қашықтан немесе бақылау-өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының, талдау және көзбен қадағалау нәтижелерінің көмегімен автоматты түрде бақылау және реттеу;

процесті автоматты басқарудан қолмен қашықтан және керісінше басқаруға өту;

булағыш аппараттардың, буылғалдандырғыш қондырғысының, конденсаторлардың және басқа қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың жұмысына кезеңдік бақылау жүргізу;

құрал-жабдықты және бақылау-өлшеу құралдарын жөндеуге дайындау, құрал-жабдықты жөндеуді бақылау;

құрал-жабдыққа, бақылау-өлшеу құралдарына және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

  1. Білуі тиіс:

буландыру процесінің физикалық-химиялық негіздерін, технологиялық процестің мәнісін, аммиак селитрасын алудың технологиялық сызбасын;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының, автоматиканың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

аммиак селитрасының физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін.

 

 

71-параграф. Булау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қондырғыда гидролиздік күкірт қышқылын булау процесін, бір уақытта неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен ашытқылы суспензияны аппараттарда булаудың көп мәртелі технологиялық процесін жүргізу;

аппаратта тар шектерде температураны, жаңа қышқылды беру және концентрацияланған қышқылды алып тастау кезінде жүктемені, жылу айырбастаушыда күкірт қышқылын суытуды, буландыру режимін бақылау және реттеу;

жүктемеге сәйкестік, суспензияның «пісу» процесін жүргізу. «Ауа – газ» арақатынасының өзгеруіне сәйкес батырылатын жанғыштарда жану режимін таңдап алу;

жанғыштарды жандыру;

режимді қолмен басқарудан автоматтыға аудару;

жанғыштар қызметінің ұзақтығына байланысты жану режимін өзгерту;

фотоэлементті және басқа көрсеткіштерді, булағыш аппараттарды, жанғыштарды, эрлифтті, компрессорларды, сорғыларды, жылу айырбастаушыларды қолданумен автоматты реттеуіштерге қызмет көрсету.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын коммуникациялардың және арматураның сызбасын, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

буландыру технологиялық процесінің мәнісі мен әдістерін, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және пайдалану ережесін;

технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

72-параграф. Булау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

сұйықтықтар немесе сұйытылған газдарды буландыру арқылы буларды немесе газдарды алудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізаттарды қоймадан буландырғыштарға қабылдау, шикізаттарды жылыту, буландыру, буларды және газдарды тазалау (кептіру);

буландыру процесін реттеу: бақылау-өлшеуіш құралдар көрсеткіштері және талдаулар нәтижелері бойынша температураны, қысымды немесе вакуумды, аппараттағы шикізаттар деңгейін және процестің басқа параметрлерін;

қосымша компоненттерді мөлшерлеу;

буларды және газдарды қолданышуларға немесе қоймаға беру;

сынамаларды алу;

аппараттар мен коммуникацияларды тазалау;

буландырғыштарға, тоңазытқыштарға, жылытқыштарға, сорғыштарға, желдеткіштерге, жиынтықтарға, коммуникацияларға және басқа да құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

өндірілген өнімді есептеу;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын;

технологиялық процестің және технологиялық тәртіптің маңыздылығын, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың құрылғысын;

шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық касиеттерін, шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды;

сынамаларды алу қағидаларын, коммуникациялардың сызбасын.

 

 

73-параграф. Булау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақыттағы төменірек мамандандырылған аппаратшылар басшылығымен сұйықтықтарды буландырудың және сұйылтылған газдардың технологиялық процесіні жүргізу;

талдауларды орындау;

технологиялық құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізаттардың және өңделген өнімдердің шығынын есептеу;

жөндеу жұмыстарынан құрал-жабдықтарды қабылдау;

жыбдықтарға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеуіш құралдарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын;

технологиялық процестің және технологиялық тәртіптің маңыздылығын, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың құрылғысын;

шикізаттардың физикалық-химиялық және технологиялық касиеттерін, шикізаттардан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды;

сынамаларды алу қағидаларын, талдауларды жүргізу әдістемесін, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттарды және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

74-параграф. Булау аппаратшысы, 5- разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

буландырудың технологиялық процесін және төменірек мамандандырылған аппаратшылардың басшылығын өндірістерде жүргізу: сірке суының ангидриді, дымқыл-эфир, поликарбонаты және таза антрацен;

жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процестерді басқару және реттеу;

шикізаттардың шығынын және дайын өнімнің шығуын өлшеу, олардың сапасын талдау нәтижелері бойынша бағалау;

бақылау-өлшеуіш құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың күйі мен жұмысын қадағалау;

құрал-жабдықтардың және коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын;

технологиялық процестің және технологиялық тәртіптің маңыздылығын, қызмет көрсетілетін жабыдықтардың құрылғысын;

шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізаттан және дайын өнімнен сұралатын талаптарды;

сынамаларды алу қағидаларын, талдауларды жүргізу әдістемесін, коммуникациялар сызбасын;

шикізат және өнімнің шығуын есептеу әдістемесі.

 

 

75-параграф. Булаушы, 1-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

целлулоидты пластиналарды буплиталарында булап жібіту.

  1. Білуі тиіс:

буплиталарының жұмыс істеу қағидасын, булаудың (булап жібітудің) технологиялық процесін булап жібітудің уақыты мен температурасын.

 

 

76-параграф. Булаушы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ванналарда және булапжібіту шкафтарында әртүрлі бұйымдарды, шикізатты бумен және ыстық сумен булау (булап жібіту) процесін жүргізу;

біліктілігі неғұрлым жоғары булаушының басқаруымен тығын қабықшасын сулап қою;

бұйымдарды жұмыс орнына әкелу;

шикізатты ваннаға және булапжібіту шкафтарына тиеу;

өнімді түсіру;

учаскеде құрал-жабдыққа қызмет көрсету.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың;

жұмыс істеу қағидасын, әр түрлі заттарды және шикізатты булау (булап жібіту) уақыты мен температурасын. Шкафты қосу ережесін.

 

 

77-параграф. Булаушы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

булап жібіту камераларында, салқын қоймаларда бумен және ыстық сумен немесе жоғары жиілікті тоқпен әр түрлі зыттарды, шикізатты булау (булап жібіту) процесін жүргізу;

тығын қабығын сулау;

әр түрлі заттардың байламдарын, орамдарын жұмыс орнына әкелу;

қажет болса – орамдарды тиеуге алдын ала дайындау, партиялар бойынша іріктеу, камераға салу үшін орамдардың ұштарын төсеу және дайындау;

булап жібітетін камераларға, салқын қоймаларға тиеу;

буды жіберу, булау температурасын қысымын және режимдерін реттеу;

белгілері немесе талдау нәтижелері бойынша өнімнің дайындығын анықтау;

өнімді түсіру және оны одан арғы өңдеуге жіберу;

камераларға, салқын қоймаларға, бойлерге, тасу және көтеру механизмдеріне қызмет көрсету;

камераның, механизмдерін реттеу және олардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету;

біліктілігі неғұрлым төмен болаушылара басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

булаудың (булап жібітудің) технологиялық режимін, өңделетін шикізаттың дайындығын анықтау ережесін;

шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, бужіберетін және суқұбыр құрал – жабдықтарының құрылысын, электр жылытқышта жұмыс істеу кезінде электр техникасының негіздерін;

жоғары жиілікті тоқтармен жұмыс жасау ережесін, жүк көтеретін және таситын механизмдерді пайдалану ережесін.

 

 

78-параграф. Вакуумдау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс нұсқаулығына сәйкес буэжекциялық қондырғыдан буды эжекциялаумен және салқын сумен буды конденсациялау арқылы вакуумдалудың технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша суды, ауаны, бу қысымын, температураны, вакуумды бақылау және реттеу сынамалар алу;

эжекторларға, тоңазытқыштарға, конденсаторларға, сүзгілерге, тамшыбөлгіштерге және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету және жұмысын қадағалау;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

құрал-жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, вакуумдалу процесін және технологиялық режимді;

эжекторлардың, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың белгіленуін және сызбасын;

құрал-жабдықты күту режимін, сынамалар алу ережесін.

 

 

79-параграф. Вакуумдау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

дисталляциялық бағаналарда эжекторлық блоктармен, вакуум – ресиверлерімен, қабыршақты буланғыштармен және вакуум – сорғылармен жасау және синтетикалық май қышқылдарының өндірісінде көмірсутегілердің буларын конденсациялау бойынша технологиялық процесті жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті бақылау және реттеу;

талдаулар жүргізу;

құрал-жабдықтың жұмысын және күйін қадағалау;

технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, вакуумдалу процесін және технологиялық режимді;

эжекторлардың, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың белгіленуін және сызбасын, құрал-жабдықты күту режимін;

сынамалар алу ережесін талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

80-параграф. Газ бөлу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен газдық қоспаларды бөлудің технологиялық процесін жүргізу;

терең салқындату әдісімен керосин пиролизы және этан фракциялары газдарының бөліну технологиялық процесіне қызмет көрсету;

газ сұйықтық қоспаны қабылдау;

терең салқындату әдісі кезінде алдын ала суыту блогына, газ бөлу кабинасына қызмет көрсету;

сынамалар алу;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақауларды және режимнен ауытқуларды анықтау және жою;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Шикізаттың шығынын, алынған өнімді есепке алу.

  1. Білуі тиіс:

газ бөлу учаскесінің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын, пирогаздың, абсорбенттердің, көмірсутегі фракцияларының физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін.

 

 

81-параграф. Газ бөлу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

терең салқындату әдісімен не басқа әдістермен газ қоспаларын олардың компоненттеріне бөлу немесе булаумен және ректификациялаумен газдарды абсорбциялаумен фракциялаудың технологиялық процесін жүргізу;

газды қоспаның ауыр компоненттерін абсорбциялау;

абсорбентте ерітілген жеңіл компоненттердің булау;

қаныққан абсорбентті суыту және ректификаттық бағанаға беру;

көмірсутегілер фракциясын бөлу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті бақылау және реттеу;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақауларды және режимнен ауытқулардың алдын алу, анықтау және жою;

құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру және қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

газ бөлу учаскесінің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

пирогаздың, абсорбенттердің, көмірсутегі фракцияларының физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін;

талдаулар жүргізу әдістемесін;

сынамалар алу ережесін;

шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

82-параграф. Газ бөлу аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық процесті жүргізу және технологиялық процесс көрсеткіштеріне, алынатын газдардың шығымы мен сапасына бақылау жүргізумен газ бөлудің барлық учаскелеріне басшылық ету;

қысылған ауаның, оттегінің, азоттың, аргонның, тазартылған ауаның, судың құбырларына, сонымен қатар аппараттарға, компрессорларға, детандерлерге, сорғыларға, электр жабдықтарына, автоматика құралдарына қызмет көрсету;

шикізаттың, жартылай фабрикаттардың шығынын, дайын өнімнің шығымын есептеу;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

газ бөлу учаскесінің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

пирогаздың, абсорбенттердің, көмірсутегі фракцияларының физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық процестің мәнісін және реттеу ережесін;

талдаулар жүргізу әдістемесін, сынамалар алу ережесін;

шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

 

83-параграф. Газгенерациялау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әр түрлі жүйелердің газгенераторларында технологиялық газды алу процесін жүргізу;

әуе газының газгенераторларына қызмет көрсету;

шикізатты (тас көмірді) газгенераторларға тиеу, буды, су-ауа қоспасын, суды беру;

алынған газды механикалық қоспалардан тазарту;

алынған газды өндіріске тапсыру;

газгенераторларды қалдықтан тазарту және газағарларды шаю;

сынамалар алу;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

газгенерациялаудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

шикізаттың жне өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, сынамалар алу ережесін.

 

 

84-параграф. Газгенерациялау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

әр түрлі жүйелердің газгенераторларында технологиялық газдарды алу процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін реттеу,шикізатты және буауа қоспасын мөлшерлеп құюларды, температураны, қысымды, газгенераторларда вакуумды, жану процесін;

талдаулар жүргізу;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

газды алудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын, шикізаттың және өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін;

талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

85-параграф. Газгенерациялау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай су, су, бу ауа және конверсияланған газды (синтетикалық аммиак өндірісінде) алу процесін жүргізу;

негізгі және қосалқы құрал-жабдыққа, коммуникацияларға, арматураға, бақылау-өлшеу құралдарына қызмет көрсету;

құрал-жабдыққа және бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

газды алудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын, шикізаттың және өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

86-параграф. Газгенерациялау аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен технологиялық газдарды алудың технологиялық процесін жүргізу (синтетикалық аммиак өндірісінде);

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

газды алудың технологиялық процесін және қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасын;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын, шикізаттың және өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін;

талдаулар жүргізу әдістемесін, шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

87-параграф. Газды кептіру аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

су буларын күкірт қышқылымен, фосфорлы ангидридтпен, алюмогельмен сіңіру арқылы газды кептірудің технологиялық процесін жүргізу;

газды тоңазытқыштарда алдын-ала суыту, кептіру күмбездеріне газды өткізу, газды кептіру, кептірілген газды міндеті бойынша ары қарай өткізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері арқылы ережемен қарастылырған технологиялық режимнің параметрлерін реттеу және бақылау: температураны, қысымды, ваккумды, концетрация және тағы басқа;

талдауды жүргізу және сынамаларды алу;

күкірт қышқылын теміржол цистернасынан ыдыстарға ауыстыру, қышқылдың деңгейін өлшеу, фосфорлы ангрдрид, алюмогельді қабылдау. Күкірт қышқылы мен басқа да су мен буды сіңіргіштердің қажетті көлемін есептеу;

кептіру күмбездерінің, компрессорлардың, сорғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі;

дайын өнім мен шикізаттың есебі;

құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын-алу;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау, жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құралдардың, бақылау-өлшеу аспаптардың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын;

өз жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялардың сызбасын, газды кептіру процесінің мәнін;

кептіргіштер мен кептіретін газдың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін;

сынамаларды алу ережелерін, талдау жүргізу әдістемесін, технологиялық режим, процесті реттеу ережелерін;

сіңіргіштердің (сорып алғыш) қажетті санын есептеу әдістемесін.

 

 

88-параграф. Газды кептіру аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

мұздату әдісін қолдана отырып, хлогазды, хлорметилді, ацетиленді кептіру процесін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар су буларын күкірт қышқылымен, фосфорлы ангидридтпен, алюмогельмен сіңіру арқылы газды кептірудің технологиялық процесін жүргізу немесе қатты сіңіргіштермен су буларын сіңіру арқылы газды кептірудің технологиялық процесін жүргізу;

дымқыл газдарды аппараттарға қабылдау, белсенді қалайы тотығымен немесе басқа сіңіргіштермен дымды сіңіру-кептіру, сіңіргішті оның ішінен ыстық газ үрлеу арқылы қалпына келтіру, суық газдың айналымы арқылы рекционды аппаратты суыту, аппараттарды газды кептіру және қалпына келтіруге ауыстырып қосу, жеңіл қара майды жинау және шайқау, кептірілген газды келесі операцияға жіберу;

реакционды аппараттардың, компрессорлардың, сорғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының және басқа құрал-жабдықтардың жұмысын қадағалау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулық түрлерін анықтау, олардың алдын-алу;

сіңіргіштер мен шикізат шығының есебі.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдардың;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын, өз жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

сіңіргіштер мен кептірілетін газдың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін, сынамаларды алу ережелерін, талдау жүргізу әдістемесін, технологический режим и правила регулирования процесса.

 

 

89-параграф. Газды кептіру аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар металлды натрий (тұзды әдіспен) өндірісінде газды кептіру және компримирлеу процестерін жүргізу;

газды кептіру бөлімшесінің барлық құрал-жабдықтарының қызмет көрсетуі, газдың шығуы мен сапасын бақылау және синтетикалық спирт өндірісіндегі біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдардың, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын, қызмет көрсететін учаскедегі арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

сіңіргіштер мен кептірілетін газдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін, талдау жүргізу әдістемесін, технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін.

 

 

90-параграф. Газды тазарту аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен газды тазартудың технологиялық процесін жүргізу;

аппараттарға газдың берілуі;

аппараттарды үрлеп тазарту және механикалық сілку;

тұнбаны түсіру;

технологиялық құралдардың қызмет көрсетуі;

сынамаларды алу;

аппараттарды тазалау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтар жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын, газдың қасиеттерін.

 

 

91-параграф. Газды тазарту аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

ауырлық күшінің, орталықтан тепкіш күшінің ықпалымен газды тазарту, оның ішіндегі өлшенген бөлшектерінен тазартудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу;

түрлі конструкциялы газды тазарту немесе дайын өнімді тұту аппараттардың (тұндырма камералары, тұндырма газжүргіштер, шаңбасқыш камералар, скрубберлер, циклондар тағы басқа) қызмет көрсетуі;

газдың аппараттарға үздіксіз берілуін, өлшенген бөлшектердің тұндырылуын, газ ағымының берілген жылдамдығын, фильтрация жылдамдығын, газды тазартудың берілген деңгейін, қысымды, температуралық режимді және процес жүргізудің басқа көрсеткіштерін қамтамасыз ету;

шаңды тұту;

газды жою;

өндірістік учаскенің құралдарының қызмет көрсетуі;

құрал-жабдықтардың істен шығуын болдырмау;

нұсқаулықта қарастырылған талдауды орындау;

құрал-жабдықтарды жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтар жұмыс істеу қағидасын;

олардың құрылымын, коммуникациялар мен арматураның сызбасын;

газдың қасиеттерін, қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәні және физикалық-химиялық негіздері;

технологиялық режим және процесті реттеу ережелерін;

талдау жүргізу ережелерін, сынамаларды алу ережелерін.

 

 

92-параграф. Газды тазарту аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

газды тазартудың орташа күрделі технологиялық процесін жүргізу;

газды қабылдау, оны алдын ала суыту, суландырылатын сұйықтықты аппараттарға беру және біркелкі үлестіру;

суландырылатын сұйықтық пен газдың температурасын, сондай-ақ әр аппараттағы технологиялық режимнің бекіткен шегіндегі концентрациясын сақтау, шаңты тұту, тұманды және басқа да қоспаларды сіңіру;

газды құрғату және құрғатылған газды келесі аппараттураға өткізу;

бүркулерді тұту;

майлар мен ерітінділерді қалпына келтіру;

шайылған сұйықтықты ластану мен суудан қорғау үшін тұндырғыштар мен тоңазытқыштарға жіберу;

температураны, концентрацияны, сіңіру тығыздығын, құрғатылған газдағы берілген ылғалдық пайызын және процесті жүргізетін басқа да көрсеткіштерді реттеу;

есептік функцияларды орындау;

құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулар себептерін анықтау, олардың алдын алу;

талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы технологиялық процесті реттеу;

шайғыш, құрғатқыш, ылғалдатқыш, компрессорлар, сорғылар, скрубберлер, суландыратын тоңазытқыштар, тұндырғыштар, жинағыштар, газды, қышқылды коммуникациялар және басқа да құралдардың қызмет көрсетуі;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан қабылдап алу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын, негізгі құралдардың;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын, өз жұмыс орнындағы арматуралар мен коммуникациялар сызбасын;

суландыратын сұйықтықтар мен газдың қасиеттерін;

қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәнін және физикалық-химиялық негіздерін, талдау жүргізу әдістемесін;

технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін.

  1. Жұмыс мысалдары:

мышьяк-содалық тәсілмен, каталитикалық тәсілмен, батпақ кенімен шаю немесе оны аммиак сумен, сумен шаю немесе басқа да инерциялық күштерді қолдану принципі бойынша, сондай-ақ құрғақ және ылғал электр сүзгілерде электр тәсілімен жұмыс істейтін аппараттарда газды тозаңнан, қоспалардан, тұманнан тазарту процесін жүргізу.

 

 

93-параграф. Газды тазарту аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

орташа күрделі газды тазарту процесін жүргізетін біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар газды тазартудың күрделі технологиялық процесін жүргізу;

контактілік аппараттардың, газ үрлегіш, коммуникациялар, сутекті контейнерлердің, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетуі;

майлы және байпасты тоңазытқыштарға суды беру;

сутекті берер алдында ылғалды бөлгіш пен жоғары қысымды бағыттарды азотпен үрлеп тазарту;

құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау;

абсорберлерде суландыру тығыздығын, жүйедегі кедергіні, температура мен газ концентрациясын, қою және қалпына келген ерітінділерді, температура мен қысым деңгейін, моноэтаноламин ерітінділерін газсыздандыру құрылғыларындағы көмірқышқылдың құрамында сутектің болуын реттеу және бақылау;

құрал-жабдықтар орналасқан жерде және бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштері бойынша дистанционды тетікпен басқару процесін реттеу;

сынамаларды алу және қорытынды талдаулар жүргізу;

ерітінділердің қалпына келуі мен қоюлануының есебін жүргізу, абсорбация процесінде сіңіргіштің қажетті көлемін есептеу, қалпына келтіру жылу алмастырғыштың сіңіру санын есептеу.

  1. Білуі тиіс:

шикі аргон, криптонды тазалаудың технологиялық режимінің негіздерін, контактілік аппараттың, газүрлегіш және басқа да негізгі құралдардың конструкциясын;

технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін;

дайын өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнімге қойылатын талаптарды;

сынамаларды алу ережелерін, талдау жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

1) шикізатты тазартып, техникалық аргон мен криптонды алу процесін жүргізу;

2) 32000 м3/сағ және одан да көп өнімділігі бар құрылғыда коксты газдың аммиакты-сілтілі тазартудың процесін жүргізу;

3)абсорберлерде моноэтаноламин ерітінділерімен аммиак пен метанолды өндіруде конверцияланған газды тазартудың процесін жүргізу.

 

 

94-параграф. Газды тазарту аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару, жұмыстар мен бөлімшелерді үйлестіру, газды тазартудың күрделі технологиялық процесін жүргізу;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару;

талдаулар мен қадағалаудың нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу;

автоматика жүйесінің жұмысын бақылау;

негізгі құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын;

негізгі құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын;

қызмет ету ережесін, олардың құрылымын,арматура мен коммуникациялар сызбасын, суландыратын сұйықтықтар мен газдың қасиеттерін, талдау жүргізу әдістемесін;

технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін, дайын өнім мен шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар.

 

 

95-параграф. Гидратациялау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

цианамидті ұнтақты маймен гидратациялау және өңдеу процесін жүргізу (кальций циамиді өндірісінде) немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен басқа заттарды гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты дайындау және тиеу;

өнімді түсіру және оның өндірістің кейінгі сатыларына беру;

сынамалар алу;

құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, шикізаттың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін.

 

 

96-параграф. Гидратациялау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және орта күрделі немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен күрделі өнімдерді гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау және аппаратқа тиеу, су буын және көмірсутегі шихтаны булау және қыздыру, реакциялық массаны гидратациялау, бейтараптандыру, су - спирттен конденсатты конденсациялау және сепаратордан өткізу, эфирді және басқа басқа өнімдерді шаю немесе ректификациялау, оның өндірістің келесі сатыларына беру;

гидратациялау аппараттарына, компрессор - буландырғыштарға, қыздырғыштарға, конденсаторларға, сорғыларға, жинағыштарға, сепараторларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен және талдау нәтижелері бойынша гидратациялау процесін реттеу, өнімнің шығымы мен сапасын бақылау;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, еріткіштердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, технологиялық процестің мәнісін;

физикалық-химиялық негіздерін және реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

Өндірістерде гидратациялау процесін жүргізу:

1)Су ацетальдегидінің,

2)Этилен тотығының.

 

 

97-параграф. Гидратациялау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен қарапайым және орта күрделі өнімдерді немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен күрделі өнімдерді гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау;

бақылау талдауларын жүргізу;

құрал-жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың;

еріткіштердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;

технологиялық процестің мәнісін, физикалық-химиялық негіздерін және реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

98-параграф. Гидратациялау аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен күрделі өнімдерді гидратациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті бақылау және реттеу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың;

еріткіштердің, катализаторлардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, технологиялық процестің мәнісін, физикалық-химиялық негіздерін және реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.Арнайы орта білім қажет.
  2. Жұмыс мысалдары:

этил спиртінің өндірісі - гидратациялау процесін жүргізу.

 

 

99-параграф. Гидриттеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

изооктил спиртінің, ацетопропилацетаттың өндірісінде гидриттеу процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен басқа өнімдерді гидриттеу процесінің жекелеген операцияларын орындау;

шикізатты және катализаторды қабылдау және дайындау;

оларды аппараттарға тиеу;

өнімді түсіру;

катализаторды қалпына келтіру;

сынамалар алу;

реакциялық құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

гидриттеу технологиялық процесінің физикалық-химиялық негіздерін, қызмет көрсетілетін учаскеде құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

шикізаттың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін;

шикізатты және өнімнің шығымын есепке алу ережесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

ксилит өндірісінде гидриттеу процесінің жекелеген операцияларын орындау.

 

 

100-параграф. Гидриттеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

үздіксіз әдіспен бағаналарда немесе кезеңдікпен – автоклавтарда гидриттеу технологиялық процесін жүргізу;

бағаналарды катализатормен әлсін-әлсін тиеу, жүйені сығымдау, булау, контактілік газды гидридтеу бағаналарына беру, гидридтеу, регенерациялау және конденсациялау, конденсатты бөлу, өнімді өндірістің басқа учаскелеріне тапсыру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температураны, қысымды, концентрацияны, сутегіні беру және реакция компоненттерінің деңгейін, шикізатты мөлшерлеп құюды және режимнің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

талдаулар орындау;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу;

гидридтеу бағаналарына, реакциялық аппараттарға, автоклавтарға, тоңазытқыш – конденсаторларға, сепараттарға, жылу айырбастағыштарға, газбөлгіштерге және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру және қабылдау;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға және компрессорлық қондырғылардың машинисерінің жұмысына басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

гидриттеу технологиялық процесінің мәнісін, физикалық-химиялық негіздерін;

құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін, шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

101-параграф. Гидриттеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға және компрессорлық қондырғылардың машинисеріне басшылық етумен гидриттеу технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың күйін қадағалау;

процесті оңтайлы шарттарға реттеу;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

бақылау талдауларын жүргізу;

құрал-жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау.

  1. Білуі тиіс:

гидриттеу технологиялық процесінің мәнісін, физикалық-химиялық негіздерін;

құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың сызбасын;

шикізат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін;

бақылау талдаулар жүргізу әдістемесін;

шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

 

 

102-параграф. Гидриттеу аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

автоматты басқарумен құрал-жабдықта гидриттеу процесін жүргізу;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың және компрессор қондырғылары машинисерінің жұмысына басшылық ету;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту, реттеу жабдықтарын басқару;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақауларды және режимнен ауытқулардың алдын алу, анықтау және жою;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

технологиялық процестің мәнісін және физикалық-химиялық негіздерін, құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, технологиялық режимді және процесті реттеу ережесін;

бақылау талдаулар жүргізу әдістемесін, шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.
  2. Жұмыс мысалдары:

селективті гидриттеу кезінде фурфурил, тетрагидрофурфурил спирттардың, күрделі және майлы спирттардың, күрделі эфирлердің, А дәруменін синтездеудің жартылай өнімдерінің, үшметилгидрохинонның, капролактамның, тетрагидрофуранның және сильванның өндірістерінде гидриттеу.

 

 

103-параграф. Гидролиздеу аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен технологиялық гидролиздеу процесін жүргізу;

шикізатты дайындау және тиеу;

дайын өнімді түсіру;

сынамалар алу;

құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскеде негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын;

шикізаттың түрлерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, сынамалар алу ережесін.

 

 

104-параграф. Гидролиздеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

гидролиздеудің қарапайым технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау және дайындау, салқындату, гидролиздеу, реагенттерді беру, шайқау, қажет болса - гидрллизатты буландыру, тұндыру;

реакция компоненттерін есептеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу;

нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

реакциялық аппараттарға, мөлшерлеуші құрылғыларға, тоңазытқыш - конденсаторларға, тұндырғыштарға, газбөлгіштерге, сорғыларға, бақылау-өлшеу құралдарына, арматураларға, коммуникацияларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізатты, дайын өнімнің шығымын есептеу;

құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру және одан қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, технологиялық режимді, процесті реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдауларды орындау әдістемесін.

 

 

105-параграф. Гидролиздеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

гидролиздеудің күрделі технологиялық процесін жүргізу немесе бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен гидролиздеудің қарапайым процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, құрал-жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау;

талдау нәтижелері бойынша шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеулер, олардың сапасын бағалау;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;

технологиялық режимді;

процестерді реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

диазоль, кремнийорганикалық қосылыстардың, синтетикалық майлы спирттардың, медициналық дәрілердің өндірістерінде технологиялық процесті жүргізу.

 

 

106-параграф. Гидролиздеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

от және жарылыс қаупі бар заттарды қатыстырумен тұз қышқылының немесе сілтінің ортасында гидролиздеу технологиялық процесін немесе изотоптық алмасумен байланысты гидролиздеу процесін, сондай-ақ бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен күрделі гидролиздеу технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты дайындау, хлорсиландар қоспасын даярлау, реакциялық қоспаны реакторға беру, реакция өнімдерін салқындату немесе жылыту, тұндыру және құйып алу, реакция өнімін тазарту немесе көмірқышқыл натриймен өңдеу, қысыммен друк – сүзгіде өнімді сүзу, өнімді басқа бөлімге тапсыру;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша, регламентпен қарастырылған технологиялық режим параметрлерін бақылау және реттеу: температураны, берілетін қоспаның мөлшерін және процестің басқа көрсеткіштерін;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептердің алдын алу және жою.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың;

бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, пайдалану ережесін;

қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды;

технологиялық режимді;

процесті реттеу ережесін, есептеулер әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

силиконды каучук, электролиздік пергидроль, В_6 дәрумені (пиродоксинді алу сатысында), кальций циамиді, цианур қышқылы өндірістерінде технологиялық процесін жүргізу және аппаратшыларға басшылық ету.

 

 

107-параграф. Гидролиздеу аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

гидролиздеу технологиялық процесін жүргізу және таза монометрлерден жоғары термотөзімді, диэлектрлік, адгезиялық және басқа көрсеткіштерімен полиэтилсилоксан сұйықтықтары мен кремнийорганикалық лактардың өндірісінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету, синтетикалық глицерин өндірісінде гидролиз технологиялық процесін жүргізу;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулардың және режимнен ауытқулардың алдын алу, анықтау және жою;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, технологиялық режимді;

процесті реттеу ережесін, сынамалар алу ережесін;

талдаулар жүргізу әдістемесін, есептеулер әдістемесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

 

108-параграф. Дегидраттау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

дегидраттау қарапайым технологиялық процесін жүргізу;

шикізаттарды, реагенттерді дайындау, оларды аппаратқа тиеу, дегидраттау, араластыру, өнімді түсіру;

реакциялық аппараттарға, өлшеуіштерге, тоңазытқыштарға, қақпандарға, сорғыларға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу құралдарына және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу;

сынамалар алу және нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау;

шикізатты, қосалқы материалдарды, өнімді есепке алу;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды;

технологиялық процестің мәнісін;

параметрлерін және реттеу ережесін;

сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

109-параграф. Дегидраттау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

дегидраттаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу;

реакциялық массаның тұрақты деңгейін сақтаумен шикізаттарды, реагенттерді, қосалқы материалдарды дайындау, пайда болатын көмірсутегілер мен басқа қосылыстарды айдау;

ыстық майды иіртүтікке және реакторға берумен аппаратты жылыту;

реактордан өнімді түсіру, еріту, тазалау және өндірістің басқа учаскелеріне тапсыру;

буландырғыштан және контактілік аппараттардан сынапты құйып алу, сүзу және механикалық қоспалардан тазарту, сынапты баллондарға және аппараттарға құю, сынап және азот пештерінің форсункаларының жұмысын, сынапты буландырғышты қыздыруды қадағалау;

катализаторды ұсақтау және контактілік аппаратқа тиеу, кептірушілерді тазарту, жүйеге көмір қышқылын мөлшерлеп құю, дегидраттау суын канализацияға төгу;

дегидраттау аппараттарына, буландырғыштарға, қыздырғыштарға, конденсаторларға, тұндырғыштарға, шайыр еріктіштерге, сынап және азот пештеріне, құрғататын бағаналарға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу құралдарына және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізатты тиеуді, өнімді еріту үшін судың мөлшерін есептеу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің өндірісінің технологиялық сызбасын және спирттерді дегидраттау процесінің мәнісін;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

шикізаттың және қосалқы материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық режимді, технологиялық процесті реттеу ережесін, есептеулер әдістемесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

алкалоидтарды, барбитураттарды, гормондарды, спирттарды дегидраттау.

 

 

110-параграф. Дегидраттау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен дегидраттаудың күрделі технологиялық процесін немесе азеотропты дегидраттау процесін жүргізу;

көмірсутегілерді буландыру, буларды қыздыру, каталистік дегидраттау, контактілік газды конденсациялау, тұндыру, конденсатты қабаттау, көмірсутегінің қабат іріктеу, кептіру, этиленді тазарту, конактілік аппараттарда катализаторды, кептіру бағаналарында сілтіні және хлорлы кальцийді, ванналарда селитраны, адсорберлерде көмірді әлсін- әлсін ауыстыру, сынапты буландырғыштың жұмысын қадағалау, пештерді сұйық немесе газ тәрізді отынмен жылыту, катализаторды активтендіру және регенерациялау;

контактілік аппараттарға, газбөлгіштерге, адсорберлерге, газгольдерлерге, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

технологиялық режим параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

қажетті шикізаттың, реагенттердің, катализатордың және өнімнің шығымын есептеу.

  1. Білуі тиіс:

көмірсутегілерді дегидраттаудың технологиялық сызбасын;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын және пайдалану ережесін;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

шикізаттың және қосалқы материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық режимді;

процестің физикалық-химиялық негіздерін, мәнісін және процесті реттеу ережесін;

есептеулер әдістемесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс мысалдары:

этиленді, ди-үшметил-фенил-винилкарбинолдарды, диметилдиоксанды, А дәрумені өндірісінде диолды, ксилитті дегидраттау.

 

 

111-параграф. Дегидриттеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

дегидриттеудің жекелеген операцияларын орындау;

шикізатты дайындау;

шикізат пен реагенттерді реакторға тиеу;

өнім мен катализаторды түсіру;

сынамалар алу;

аппараттарды тазарту;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын.

 

 

112-параграф. Дегидриттеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен дегидриттеу технологиялық процесін жүргізу;

катализатор мен шихтаны дайындауға қатысу;

бу газ қоспасын аппаратқа беру;

процесс параметрлерін реттеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерін жою;

реакциялық құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге тапсыру және одан қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын шикізаттың, катализаторлардың, жылу тасығыштардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын.

 

 

113-параграф. Дегидриттеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

дегидриттеу технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау, катализаторды, шихтаны дайындау, буландыру, буларды қыздыру, су буымен араластыру, бу газ қоспасымен реакторға (контактілік аппаратқа) беру, конденсатты салқындату, конденсациялау, бөлу, катализаторды регенерациялау және шамадан артық тиеу, өнімді тұрақтандыру. Регламентпен қарастырылған технологиялық режим параметрлерін бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу: температураны, қысымды, отын газының мөлшерін, жүйеде катализатордың циркуляциясын, ауаны және процестің басқа көрсеткіштерін;

талдаулар жүргізу;

қажетті шикізаттың мөлшерін, өнімнің шығымын есептеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерінің алдын алу және жою;

барлық түрдегі реакторларға, буландырғыштарға, жылыту пештеріне, оттықтарға, тұндырғыштарға, конденсаторларға, кептіргіштерге, тоңазытқыштарға, газ - және ауа үрлегіштерге, сорғыларға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу құралдарына және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету;

құрал-жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

шикізатты, дайын өнімді есепке алу;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын;

қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын, шикізаттың, катализаторлардың, жылу тасығыштардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін, қалыпты технологиялық режимді, процесті реттеу ережесін.

 

 

114-параграф. Дегидриттеу аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық процесті жүргізу, этил спиртін, этилбензолды, изопропилбензолды, бутиленді, бутанды және изобутанды, диэтилбензолды фракцияны дегидриттеу учаскесінде бүкіл құрал-жабдыққа және автоматика құралдарына қызмет көрсету;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың күйі мен жұмысы қадағалау;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

шикізаттың, катализаторлардың, жылу тасығыштардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, сынамалар алу ережесін;

талдаулар жүргізу әдістемесін, қалыпты технологиялық режимді, процесті реттеу ережесін.

  1. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі білуге тиіс.

 

 

115-параграф. Деполимерлеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты және реагенттерді қабылдау және дайындау;

оларды реакция аппараттарына түсіру;

дайын өнімді түсіру;

сынамалар алу;

аппараттарды тазарту;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуі тиіс:

деполимерлеу технологиялық процесінің мәнісін, қолданылатын құрал-жабдықтың құрылысын;

жұмыс істеу қағидасын;

шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін, құрал-жабдыққа күтім жасау режимін;

коммуникациялардың, арматураның белгіленуін және сызбасын, сынамалар алу ережесін.

 

 

116-параграф. Деполимерлеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу;

абсорбциялау бағаналарына қызмет көрсету;

қызып кеткен буды жіберу;

массаны қыздыру, араластыру, берілген температура кезінде реакциялық массаны ұстау;

деполимерлеуден кейін су ерітіндісін бейтараптандыру қондырғысына бұру, кубтық қалдықтарды түсіру;

бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша түсетін ерітіндінің мөлшері мен сапасын, қысымды, будың, судың температурасын, және оны конденсаторларға беруді, конденсаторларды салқындатушы ерітіндімен суаруды бақылау және реттеу;

жұмыс нұсқаулықпен қарастырылған талдаулар жүргізу;

құрал-жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

деполимерлеу технологиялық процесін;

қолданылатын құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, коммуникациялардың, арматураның сызбасын;

шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

құрал-жабдыққа күтім жасау режимін, сынамалар алу ережесін.

 

 

117-параграф. Деполимерлеу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

диметилдихлорсилан гидролизатын сілтімен деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу немесе басқа өнімдерді деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу кезінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмсын басқару және үйлестіру;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

бақылау талдауларын орындау;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

  1. Білуі тиіс:

деполимерлеу технологиялық процесін, қолданылатын құрал-жабдықтың құрылысын және пайдалану ережесін;

коммуникациялардың, арматураның сызбасын;

бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін;

құрал-жабдыққа күтім жасау режимін, талдауларды орындау әдістемесін.

 

 

118-параграф. Десорбциялау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

десорбцияның қарапайым технологиялық процесін немесе орташа күрделі десорбция процесін жоғарырақ мамандандырылған аппаратшысы қол астында жүргізу;

шикізат пен реагенттер қабылдау және дайындау;

оларды аппараттарға жүктеу;

дайын өнімді түсіру;

технологиялық құрал-жабдықтарға қызмет ету;

аппараттарды тазалау;

сынамаларды алу;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау;

құрал-жабдықтар жұмысындағы қателерді жою.

  1. Білуі тиіс:

қызмет етілетін учаскенің технологиялық сызбасын;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтардың құрылғысын, жұмыс істеу қағидасын;

шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, сынамаларды алудың қағидаларын.

  1. Жұмыс үлгісі:

олеум–натрий персульфатының және натрий параминосалицилатының өндірісінде десорбция процесін жүргізу.

 

 

119-параграф. Десорбциялау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық процестің орташа күрделі десорбциясын жүргізу;

газды қабылдау, мөлшерлеу, қаныққан ерітінділердің булары, өнімді жылытумен, вакуум ішінде десорбциялау, десорбцияланған өнімді конденсациялау, жууға жіберу, ыдыстарға дайын өнімді қайта қысымдау;

десорберлерге, жинақтарға, жылытқыштарға, қайнатқыштарға, вакуум-сорғыштарға, лубрикаторларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет ету;

құрал-жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы қателерді табу және жою, бақылау-өлшеуіш құралдардың және талдау нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша технологиялық процестерді реттеу;

десорбцияланатын өнімді бақылау;

дайын өнімді есепке алып отыру;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына тапсыру және қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет етілетін учаскенің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеуіш құралдардың құрылғысын, арматура, коммуникациялар сызбасын;

десорбцияланатын заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық процестерді реттеудің маңыздылығы және қағидаларын;

сынамаларды алудың қағидаларын, талдауларды жүргізудің әдістемесі.

  1. Жұмыс мысалдары:
  • йод өндірісінің процесін ауа-десорбциялы әдіспен жүргізу;

2) десорбцияны пайдалану арқылы заттарды шығару және тазалау процесін жүргізу.

 

 

120-параграф. Десорбциялау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

десорбцияның күрделі технологиялық процесін жүргізу;

жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процестерді басқару және реттеу;

процестерді талдау және бақылау нәтижелері бойынша түзету;

бақылау талдауларын жүргізу;

шикізат шығындарын және дайын өнімнің шығуын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

бақылау-өлшеуіш құралдардың көрсеткіштерін, құрал-жабдықтардың күйін және жұмысын қадағалау;

құрал-жабдықтардың және коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет етілетін учаскенің технологиялық сызбасын;

негізгі және қосалқы құрал-жабдықтарды, бақылау-өлшеуіш құралдарды пайдалану қағидаларын, арматура, коммуникациялар сызбасын;

десорбцияланатын заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін;

технологиялық тәртіпті;

технологиялық процесті реттеу қағидаларын;

талдауларды орындау әдістемесін.

  1. Жұмыс үлгісі:

изобутилен, фенолдар – десорбция процесін жүргізу.

 

 

121-параграф. Диазоттау аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

диазоттаудың технологиядық процестерінің бөлек операцияларын орындау;

шикізаттар мен реагенттерді реакторға жүктеуге және дайындауға қызмет ету;

дайын өнімді жүктеп шығару;

технологиялық құрал-жабдықтарға қызмет ету;

сынамаларды алу;

аппараттарды тазалау;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

  1. Білуі тиіс:

құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттерін және оларға көрсетілетін техникалық талаптарды, сынамаларды алудың қағидаларын.

 

 

122-параграф. Диазоттау аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

диазоттаудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды мөлшерлеу, оларды реакторға жүктеп салу, мұқияттап араластыру, суыту, диазоттау, алынған диазоерітіндіні одан арғы өңдеуге жіберу;

технологиялық тәртіптің параметрлерін реттеу: температурасын, натрий нитритін беру жылдамдығын, бақылау-өлшеуіш құрал-жабдықтардың және талдау нәтижелерінің көрсеткіштері арқылы реакциялық массасының қышқылдығын;

реакторға, дозерлерге, өлшеуіштерге, жинақтарға, флорентиндерге, контейнерлерге, ортадан тепкіш сорғыштарға, жұтқыш орнатуларға, коммуникацияларға, арматураларға, бақылау-өлшеу құралдарына және тағы басқа құрал-жабдықтарға қызмет ету;

шикізат шығындарын, жартылай фабрикаттарды есепке алу;

талдаулар жүргізу;

құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына тапсыру және қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

диазоттаудың өндірісінің технологиялық сызбасын және процесінің маңызын, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын;

қызмет етілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың және бақылау-өлшеу құралдардың сызбасын;

шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттерін және оларға көрсетілетін техникалық талаптарды;

сынамаларды алуды қабылдау және талдаулады жүргізу әдістемелерін, қызмет етілетін құрал-жабдықтардың құрылғыларын.

 

 

123-параграф. Диазоттау аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта төмен мамандандырылған аппаратшылардың басқаруымен диазотаудың технологиялық процесін жүргізу;

жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процестерді басқару және реттеу;

талдаулар мен бақылаулар нәтижелері бойынша процестерді түзету;

бақылау талдауларын жүргізу;

шикізат шығындарын және дайын өнімнің шығуын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

бақылау-өлшеуіш құралдардың көрсеткіштерін, қызмет етілетін құрал-жабдықтардың күйі мен жұмысын қадағалау;

құрал-жабдықтардың және коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық процесін, диазоттаудың технологиялық процесін;

қызмет етілетін құрал-жабдықтарды пайдаланудың ержелерін және орнатуларын, қызмет етілетін учаскелердегі арматуралар, коммуникациялар және бақылау-өлшеуіш құралдар сызбасын;

шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттерін және оларға көрсетілетін техникалық талаптарды, диазоттау процесін реттеу қағидаларын;

бақылау талдауларын жүргізу әдістемесін.

  1. Жұмыс үлгісі:

фенилметилпиразолон – диазоттау процесін жүргізу.

 

 

124-параграф. Диірмендер машинисі, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті диірмендер машинисінің басқаруымен химикаттарды уату процесін жүргізу немесе өсімдік материалын ұнтақтау. Материалдарды тиеу;

сынамалар алу;

бөлшектерді, шарларды, дисктерді, диірменнің үстіңгі тастарын, елеуіштерді ауыстыру;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау;

құрал-жабдықты тазарту және майлау.

  1. Білуі тиіс:

уату технологиялық процесін, құрал-жабдықтың құрылысын және белгіленуін;

өңделетін өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін, сынамалар алу ережесін.

 

 

125-параграф. Диірмендер машинисі, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті диірмендер машинисінің басқаруымен химиялық және минералды шикізатты, өнімдерді әр түрлі жүйелердің агрегаттарында құрғақ немесе сулы ұн тартуды жүргізу: балғалы, жұмыр, айналма, дискілік, шығыршықты маятниктік, жаншып үгітетін, өзекті, құбырлы немесе коллоидты ұсақтаумен, сепарациямен, себумен, араластырумен немесе ұн тарту процесін неғұрлым жоғары біліктілікті диірмендер машинисінің басқаруымен жарылыс қаупі бар және от қаупі бар өнімдердің, улы химикаттардың, ультрамаринның, керамикалық бояғыш заттардың, коллоидты – графитті препараттардың арнайы диірмендерінде жүргізу;

ұсату агрегаттарының және гарнитурдың жұмысын, материалдарды тиеуді, ұн тарту деңгейі мен сапасын, моторлардың жүктемесін бақылау;

агрегаттарды қосу және тоқтату, берілген рецептурамен шихталарды (қоспаны) құрастыру;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерін анықтау, алдын алу және жою;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

дайын өнімді маркалау және есепке алу;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау;

қажет болса – ұсатылған өнімді өлшеу және тығындау.

  1. Білуі тиіс:

құрғақ немесе сулы ұн тарту технологиялық процесін;

құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін;

өңделетін өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін, сынамалар алу ережесін.

 

 

126-параграф. Диірмендер машинисі, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жарылыс қаупі бар және от қаупі бар өнімдердің, улы химикаттардың, ультрамаринның, керамикалық бояғыш заттардың, коллоидты – графитті препараттардың арнайы диірмендерінде ұн тарту процесін жүргізу, кейіннее тасумен және өндіріске қайтарумен қож жіктегіштерінде өлшенген заттарды бөлу процесін жүргізу, бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті диірмен машинисеріне басшылық етумен химиялық және минералды шикізатты, өнімдерді әр түрлі жүйелердің агрегаттарында құрғақ немесе сулы ұн тартуды жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

құрғақ немесе сулы ұн тарту технологиялық процесін, құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын;

белгіленуін, өңделетін өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін, сынамалар алу ережесін.

 

 

127-параграф. Диірмендер машинисі, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті диірмен машинисеріне басшылық етумен жарылыс қаупі бар және от қаупі бар өнімдерді, гранозанның, шараптық - тас қышқылдың, керамикалық бояғыш заттардың өндірісінде улы химикаттардың сериясының ұн тарту процесін жүргізу;

жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес ұн тарту процесін басқару және реттеу;

талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту;

бақылау талдауларын жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау.

  1. Білуі тиіс:

ұн тарту технологиялық процесін;

құрал-жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен конструкциялық ерекшеліктерін;

өңделетін өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

128-параграф. Елеу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жіңішке майдаланған және қиын еленетін сусымалы өнімдерді үш және одан да көп фракцияларға механикалық бөлу процесін жүргізу;

таселектерді дайындау, електерді таңдау мен орнату, елек көлбеуі мен еленетін өнімді беру жылдамдығын, таселектерге біркелкі тиеуін реттеу;

електерді қақтан тазалау, оларды ауыстыру, тауарлы емес фракцияларын бөлшектеу, өнімді орау мен тасымалдау, шаң арасынан газды ұстау, тиелген өнімді есепке алу және өндірістік журналда жазу жүргізу;

бақылау-өлшеу көрсеткіштері, талдаулар нәтижелері мен өнімнің сыртқы түрі бойынша технологиялық режим (елек құрамы, ауа ылғалдығы және тағы басқа) параметрлердің сақталуын бақылау;

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін алдын-алу мен жою;

таселектерге (барабанды, жанасатын, вибрациялық және тағы басқа), сепараторларға, уатқыштарға, элеваторларға, таразыларға, көлік құрылымдарға, вентиляцияларға қызмет көрсету;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, құрал-жабдықты тазалау.

  1. Білуі тиіс:

технологиялық процесс негіздерін, өндірістің технологиялық сызбасын;

шикізат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, Мемлекеттік стандарт  мен техникалық шарттарды;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылысы мен қағидасын, талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

129-параграф. Елеу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

гидравликалық елеу процесін немесе регенеративтік заттарды елеу процесін немесе бір мезгілде анағұрлым біліктілігі төмен аппаратшының басқаруымен жіңішке майдаланған және қиын еленетін сусымалы өнімдерді үш және одан да көп фракцияларға механикалық бөлу процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау және дайындау;

құрал-жабдықты дайындау, орнату мен тәртіпке салу;

шикізатты мөлшерлеу;

шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, құрал-жабдықтың жұмысы мен күйін қадағалау;

құрал-жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, шикізат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, Мемлекеттік стандартпен техникалық шарттарды;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылысы мен қолдану ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.

 

 

130-параграф. Елеуші, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық материалдарды елеу;

құрал–жабдықты дайындау, елеуіштерді таңдау және орнату;

елеуіштердің еңісін реттеу;

химиялық материалдарды біркелкі тиеу, елеу, өлшеу, еленген материалдарды өлшеу және салу;

сепараторларға, елеуіштерге, әр түрлі жүйелер мен тасу механизмдерінің гүрсіліне қызмет көрсету;

құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау,жою;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін механизмдердің құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, шикізатты тиеу тәсілдерін және мөлшерлеу нормаларын, жұмыс тәсілдерін.

медикаменттердің, медициналық және биологиялық препараттардың және материалдардың өндірісінде «Жеңілдік шарттармен және жеңілдік мөлшерлерде мемлекеттік зейнетақыға құқық беретін өндірістердің, цехтердің, мамандықтар мен лауазымдардың тізімдеріне» байланысты мамандықты «Себуші» деп атау.

 

 

131-параграф. Елеуші, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық материалдарды химиялық материалдарды (шиналардың өндірісінде), химикалийларды (резеңке қоспаларының өндірісінде),резеңке ұнтағын, активтенген көмірді, химиялық–фармацевтік өндірітердің өнімдерін бір уақытта кептірумен, ұсақтаумен және басқа операцияларды орындаумен иелеу процесін жүргізу.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін механизмдердің құрылысын, жұмыс істеу қағидасын;

шикізатты тиеу тәсілдерін және мөлшерлеу нормаларын, жұмыс тәсілдерін.

 

 

132-параграф. Еріту аппаратшысы, 2-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым біліктілігі жоғары аппаратшының басқаруымен қатты және сұйық заттарды ерітудің технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты дайындау және оны реакциялық аппаратқа тиеу;

өнімджі түсіру;

сынамалар алу;

құрал-жабдықты тазалау;

құрал-жабдықты жөндеуге дайындау;

технологиялық құрал-жабдыққа қызмет көрсету.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

технологиялық процестің мәнісін және ерітудің физикалық-химиялық негіздерін;

шикізаттың, ерітінділердің, активаторлардың;

дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін.

 

 

133-параграф. Еріту аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қатты және сұйық заттардың ерітудің технологиялық процесін жүргізу, металдардың еру процесінің бөлек технологиялық операцияларын орындау, цинк купоросының ерітіндісін алу үшін уландыру аппаратындағы күкірт қышқылымен концентратталған құрамында цинкі бар әртүрлі шикізатты уландырудың технологиялық процесін жүргізу;

күкірт қышқылын сұйылту;

реагенттерді дайындау, реакциялық аппаратқа мөлшерлеп салу, еріту, бейтараптандыру, өнімді келесі операцияға жіберу;

цинк купоросының әлсіз ерітіндісін, күкірт қышқылы мен суды аппаратқа құбырлар арқылы құю;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температура режимін, қысымды, вакуумды, мөлшерлі компоненттер көлемін, деңгейін, ерітінді концентратын реттеу;

мөлшерлі компоненттерді есептеу;

нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау;

реакциялық аппараттарға, тоңазытқыштарға, өлшеуіштерге, сорғыларға, бақылау-өлшеу құралдарға, арматураларға, коммуникациялар мен басқа да құрал-жабдыққа қызмет көрсету;

шикізатты және алынған өнімнің мөлшерін есепке алу;

құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау;

болған жағдайда неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтың бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын;

технологиялық процестің мәнісін және еріудің физикалық-химиялық негіздерін;

шикізаттың, ерітінділердің, активаторлардың, дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар, сынамалар алу ережесін;

талдауларды орындау әдістемесін;

технологиялық режимді, процесті реттеу ережесін.

 

 

134-параграф. Еріту аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

полиминералды кендерді сілтімен не қышқылдармен, металдарды (цинк, темір, мыс және басқаларды) қышқылдармен немесе бірмезгілде абсорбцион қондырғысына, мұздату құрылғыларына қызмет көрсетумен немесе бірмезгілде күшту бу қысымының ықпалымен фильтрацияны қолданумен қатар қатты және сұйық заттарды ерітудің технологиялық процесін жүргізу;

шикізатты қабылдау және дайындау, суару ерітінділерін дайындау, қажет болғанда – қышқылдарды алу;

шикізатты аппаратқа тиеу, қышқылды, суару ерітінділерін, буды, бу-ауа қоспасын, конденсатты, қыздырылған сілтіні беру;

белгілі температураға дейін реакциялық массаны қыздыру, араластыру, алған ерітіндіні ыдысқа құю немесе өндірістің келесі сатысына жіберу. Регламентпен көзделген технологиялық параметрлер режимін реттеу мен бақылау: бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температураны, ерітінділердің концентрациясы мен қышқылдығын, аппараттағы реакциялық массалардың деңгейін, процесті жүргізудің басқа да көрсеткіштерін реттеу;

шикізаттың мөлшерін, суару ерітіндінің құрамы мен өнім шығымын есептеу;

реакторларға, колонналар мен патравтық мұнараға, қоспалауыштар мен жиынтықтарға, бақылау-өлшеу құрал-жабдыққа, арматураларға, коммуникацияларға қызмет көрсету;

 құрал–жабдықтың жеңіл жөндеуін орындау.

  1. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, металл қышқылды ерітудің технологиялық процесі мен оны реттеу амалдарын;

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын, бақылау-өлшеу құралы мен оны қолданеу ережелерін;

қышқылдардың, металдар мен ерітінділердің физикалық-химиялық қасиетттерін, талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін, Мемлекеттік стандарт, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттарын.

 

 

135-параграф. Жағу аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі құрылымды өртеу пештерінде ашық көк түсті және қатты қалдықтарды, қалдық газды өртеудің технологиялық процесін жүргізу;

газды, өнеркәсіп ағындарды, ашық көк түсті қалдықтарды, қатты қалдықтарды пешке беру;

пештерді талап етілетін қажетті режімге жеткізу;

көзбен шолу, талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы отын мен қалдық газдарды, өнеркәсіптік ағынды, ашық көк түсті қылдықтарды, қатты қалдықты, ауаны өртеу пешіне беруді, жинағыштардағы деңгейді, өртеу камерасындағы температураны және түтінді газдардың температурасын реттеу және бақылау;

өртеу пештері, сорғылар, желдеткіштер, жинағыштар, құбырлар, түтін сорғылар және басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі.

  1. Білуі тиіс:

өртеудің технологиялық процестің сызбасы мен физикалық-химиялық негіздерін, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын;

құрылымын, коммуникациялар және бақылау-өлшеу құралдарының сызбасын;

отын газдары мен өртейтін өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

процесті реттеудің ережелері мен режімін.

 

 

136-араграф. Жағу аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі құрылымды өртеу пештерінде ашық көк түсті және қатты қалдықтарды, қалдық газды өртеудің технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ жылу энергиясы мен химиялық шикізатқа қайта өңдеуге технологиялық түрде байланыспайтын химиялық өндірістің сұйық, қатты және газтәріздес қалдықтарын өртеуге арналған түрлі жүйедегі күрделі құрылғылардың қызмет көрсетуі;

жинағыштарға ашық көк түсті қалдықтарды қабылдау;

газды қабылдау, газды үлестіретін құрылғының газ құбырларының қызмет көрсетуі және оны келтіру;

өртеу пештерінің бекіту жүйелерін тексеру;

пештің жану камерасындағы температураны реттеудің автоматты жүйесін басқару;

технологиялық режімнің қалыптан ауытқуының, құрал-жабдықтар, коммуникациялар, газ үлестіргіш құрылғылардың істен шығуының себептерін анықтап, олардың алдын-алу;

пештің апатты түрінде тоқтауы, апатты жою бойынша шара қолдану;

факелді шаруашылықтың қызмет көрсетуі;

отын, өртейтін газ, ашық көк түсті қалдықтар, өнеркәсіп ағындары және қатты қалдықтардың есебі.

  1. Білуі тиіс:

өртеудің технологиялық процесінің сызбасын және физикалық-химиялық негіздерін;

бақылау-өлшеу құралдарының және коммуникацияның сызбасын;

отын газдары мен өртейтін заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін, процесті реттеу ережелері мен режімін;

реттеудің автоматты және блоктау жүйелерін.

 

 

137-параграф. Жағу аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

қатты, сұйық және газ тәріздес отында жұмыс істейтін жылу энергиясының қайта өңделуімен технологиялық байланысқан, химиялық өндірістің сұйық, қатты және газтәріздес қалдықтарын бөлек және біруақытта өртеу үшін түрлі жүйенің аса күрделі емес құрылғыларында технологиялық процесті жүргізу;

кезекті немесе параллельді қосу, режімге шығару және әр-түрлі жүйені тоқтату;

орталықтан тепкіш желдеткіштерді, түтін сорғылары және әр-түрлі сорғыларды қосу және тоқтату;

жану процесін реттеу;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмысын қадағалау;

қорек желілері мен шиберлерін ауыстырып қосу, өртеу құрылғыларын, оның көмекші құрал-жабдықтары мен механизмдеріне алдын-алу тексеруді жүргізу;

жоспарлы-алдын-алу жөндеу жұмыстарына қатысу;

құрылғылар мен оның көмекші құрал-жабдықтарын жөндеу жұмыстарынан қабылдау, оларды жұмысқа дайындау.

  1. Білуі тиіс:

химиялық өндірістің сұйық, қатты және газтәріздес қалдықтарын өртеудің технологиялық процестерін;

шикізат пен энергияны қайта өңдеудің технологиялық процестерін, құрылғылар мен көмекші механизмдерінің құрылымын, қолданатын отын және химиялық өндіріс қалдықтарының физикалық-химиялық қасиеттерін;

жанудың оңтайлы режімдерін анықтау әдістерін, бақылау-өлшеу құралдарын;

реттеудің және блоктаудың автоматты жүйелерін қолданудың әдістері мен шарттарын.

 

 

138-параграф. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы, 3-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен жарық құрамын немесе олардың жартылай өңделген өнімдерін өңдеудің технологиялық процесін жүргізу (елеу, ұсақтау, шаншу, тұндыру және басқалар);

берілген есепке сәйкес аппаратқа шикізат пен материалдарды дайындау, мөлшерлеу, салу;

бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштер арқылы процесті реттеу;

сынамалар алу;

шикізат шығыны мен дайын өнімнің шығуын есепке алу;

құрал-жабдықтар жұмысында қателіктерді жою.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, құрылғыларды;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтар мен бақылау-өлшеу құрылдардың жұмыс істеу қағидасын, арматура сызбасын;

қызмет көрсеткен жұмыс орнындағы коммуникацияларды;

сынамалар алу ережесін, жұмысты қабылдау.

 

 

139-параграф. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы, 4-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

көптоннажды немесе азтоннажды (тапсырыс бойынша істелген) жарық құрамын жасаудың бірнеше сатылы технологиялық процесті жүргізу;

шикізатты қабылдау мен дайындау, ерітінділерді даярлау мен тазалау, технологиялық регламенттерге сәйкес жарық құрамасын сығу, жуу, кептіру, шаншу, ұсақтау, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен анализдер нәтижелері бойынша температураны, қысымды, режимнің басқа да параметрлерін бақылау мен реттеу;

шикізатты, жартылай өңделген және дайын өнімді есепке алу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерін алдын алу және жою.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың құрылысын, арматура сызбасын;

қызмет көрсетілетін учаскенің коммуникацияларын;

шикізаттың, жартылай өңделген және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды, процесті реттеу ережелерін;

шикізат пен дайын өнімнің Мемлекеттік стандарт мен техникалық шарттарын.

 

 

140-параграф. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы, 5-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

көптоннажды немесе бірнеше (3-тен кем емес) тапсырыс бойынша жарық құрамын жасаудың технологиялық процесінің барлық деңгейде жүргізу;

қатаң белгіленген мөлшерде шикізат пен материалдарды дайындау, есептеу, салу;

жарық құрамының шихталарын жасау, тұндыру мен сұрыптау (көзбен және талдаулар нәтижелері бойынша);

жарық құрамының бөлек партияларын орташалау процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен анализдер нәтижелері бойынша режимнің белгілі параметрлерін(температураны, қысымды, вакуумды) барлық деңгейлерде бақылау мен реттеу;

реакциялық массаны тасымалдау, дайын өнімді түсіру мен ресімдеу;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

  1. Білуі тиіс:

өндірістің технологиялық сызбасын, құрылғыны;

негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың жұмыс істеу қағидасын, арматура мен коммуникациялар сызбасын;

шикізат пен көмекші материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімнің Мемлекеттік стандарт және техникалық шарттарды, есептеудер жүргізу әдістемесін, органикалық емес және органикалық химияны.

 

 

141-параграф. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы, 6-разряд

 

  1. Жұмыс сипаттамасы:

жаңа технологияларды меңгеруге байланысты жарық құрамын жасауда күрделі химиялық процестерді жүргізу;

қолдануында ерекше жауапкершілік пен сақтықты талап ететін тез жарылғыш, тез тұтанғыш, улы және күйдіретін заттарды пайдалануымен, сонымен қатар тұрақты және радиоактивті изотоптармен таңбаланған монокристалдар мен өнімді өндірудің технологиялық процестерін жүргізу. Жарық құрамының жіктелуін, оның шихталарын, балқымалары мен активаторларын есептеу, дайындау, мөлшерлеу мен салу, фаза бойынша бақылау жасау;

технологиялық режим параметрлерін бақылау мен реттеу: температураны, рН (сутегі индексі), қысымды;

жарық құрамының партиясын қалыптастыру;

процесті тиімді жағдайларға бағыттап, өзіндік реттеу;

бақылау талдауларды жүргізу;

шикізаттың, жартылай өңделген және дайын өнімнің шығынын есепке алу;

құрал-жабдықты іске қосу, тоқтату және жұмысын бақылау;

қызмет көрсетілген өндірістік учаскеде барлық мамандықтағы жұмысшылардың жұмысын үйлестіру және басқару.

  1. Білуі тиіс:

жарық құрамын бірнеше күрделі өндірудің технологиялық сызбасы мен регламентін, люминисценцияның, химиялық реакциялардың және технологиялық процестердің физикалық-химиялық негізі мен мәнісін;

азтоннажды (тапсырыс бойынша істелген) жарық құрамын жасаудың әртүрлі әдістемесі мен тәсілін, жарық құрамының жаңа маркаларын игеру, құрал-жабдыққа;

бақылау-өлшеу құралға қызмет көрсету конструкциясы мен ережесін;

коммуникациялар мен арматура сызбасын;

Дата публикации
18 марта 2020