«Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығы мен «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша қорға жеке басты куәландыратын құжатпен және осы Қағидаларға 1, 2, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішпен жүгінеді:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы – әлеуметтік төлем тағайындау үшін:
еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына (жүгінген сәтте жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде);
асыраушысынан айырылу жағдайына.
Бұл ретте, асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді;
жұмысынан айырылу жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына;
2) МӘС бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны, еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға «бір өтініш» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11110 тіркелді) Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі;
Бұл ретте өтінішті қабылдау:
тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;
көшпелі отырыстарда:
көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің базасында;
мамандандырылған ұйымдарда емдеуде болған жері бойынша;
көрсетілетін қызметті алушының болатын жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;
сырттай – куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен, «Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған, ұсынылған құжаттар негізінде куәландырылатын адам тасымалдануға келмейтін болған және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емдеуде болған кезде жүзеге асырылады;
3) жұмыспен қамту орталығы – адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және «бір өтініш» қағидаты бойынша жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген кезде;
4) портал арқылы – әлеуметтік төлем тағайындау үшін:
жұмысынан айырылуы жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына.
Бұл ретте бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қарау бала тууды тіркегеннен кейін жүзеге асырылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде, тексеру мерзімі бір жұмыс күнін құрайтын жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қоспағанда, келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, осы Қағидаларға 14 немесе 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ІЭМ-ді, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы туралы анықтаманы, осы Қағидаларға 16, 17, 18, 19, 20-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын, осы Қағидаларға 21 және (немесе)
22-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтаманың жобасын (анықтамалардың жобаларын) қалыптастырады. Қалыптастырылған ІЭМ-ді бөлімше Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді және асыраушысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем алушы ісінің осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін басып шығарылады.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде, тексеру мерзімі бір жұмыс күнін құрайтын жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қоспағанда, келіп түскен құжаттарды, ІЭМ-ді ресімдеудің және әлеуметтік төлемді есептеудің дұрыстығын тексереді және оны қордың филиалына жібереді.»;
3-қосымша алып тасталсын;
В Правилах исчисления (определения), размеров социальных выплат, назначения, перерасчета, приостановления, возобновления, прекращения и осуществления социальных выплат из Государственного фонда социального страхования, утвержденных указанным приказом:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларында:
6, 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басты куәлпндыратын құжатты ұсынады:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы – зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау үшін.
Бұл ретте, «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш берушінің таңдауы бойынша мыналар:
Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы мен зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін;
белгіленген тәртіппен мүгедек деп танылған адамдар осы Қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруі мүмкін;
2) МӘС бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша өтініш осы Қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін «бір өтініш» қағидаты бойынша беріледі;
3) портал арқылы – базалық зейнетақы, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау үшін;
4) проактивті қызмет арқылы – мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезінде проактивті қызмет арқылы өтініш беру талап етілмейді. Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.
Оралман мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті олардың заңды өкілдері береді.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы
9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу, (айқындау), қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларына 6-қосымша |
|
«Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; 2) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін бастапқы белгілеу кезінде – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі); 3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметты алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Қағаз түрінде/проактивті |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу әдістері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; 2) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 3) МӘС бөлімшесінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, МӘС бөлімшесіне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11110 тіркелді) Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі; 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы); Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды МӘС бөлімшесіне берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттіккөрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
«Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметі проактивті қызмет арқылы көрсетілуі мүмкін (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін алғаш рет белгілеу кезінде, қызмет алушының әлеуметтік аударымдарының болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоты нөмірінің болуы). Проактивті қызмет арқылы еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы берген міндетті келісімі қажет. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет МӘС бөлімшесінде: 1) тиісті өңірдің МӘС бөлімшелерінің (МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша; 2) көшпелі отырыстарда: көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында; мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша; көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында; үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса; 3) сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі; 2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz.1) тиісті өңірдің МӘС бөлімшелерінің (МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша; 2) көшпелі отырыстарда: көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында; мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша; көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында; үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса; 3) сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі; 2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz. |
|
бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу, (айқындау), қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларына 8-қосымша |
|
«Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы |
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі - қор) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2) Халықты жұмыспен қамту орталығы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) (бұдан әрі – портал); 4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
6 (алты) жұмыс күні. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут, халықты жұмыспен қамту орталығында – 30 минут. |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі |
Электронды (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілген |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Порталға: қор филиалы басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберілген, осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама. Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу әдістері |
Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады; 2) халыққа қызмет көрсету орталығы – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрестіледі. 3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 4) қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсет үшін қажетті құжаттар тізімі |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе оралман мәртебесі бар адамдар үшін оралман куәлігі – жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі; 2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы. Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды Халықты жұмыспен қамту орталығына берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі. 3. Порталға: Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, электрондық өтініште көрсетілген банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
4. Проактивті қызмет арқылы: әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (мәліметтердің) және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы |
Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде, соның ішінде «бір өтініш» қағидаты (көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жіберіледі), бойынша электрондық түрде, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеген кезде, көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірінің болуы) көрсетіледі. Проактивті қызмет арқылы жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414», 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін жерлердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі; |
Осы бұйрыққа 3-қосымша
|
«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына |
|
|
|
Форма |
_________________________ аудан коды
Қазақстан Республикасы________________ облысы (қаласы) бойынша Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және миграция комитеті Департаменті
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының ________________ облысы (қаласы) бойынша филиалы
Азамат____________________________________________________(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) өтініші
Туған күні: ______ жылғы «___» ___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ____________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: ______________________________
Құжаттың сериясы: ______ құжаттың нөмірі: ________ кім берген: _____________________
Берілген күні ____________ жылғы «_____» ________________________________________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы _____________________________________________
Облыс____________________________________________________________қала (аудан) ______________________ауыл_________________________________________көше (шағынаудан) __________________ үй _______ пәтер______________________________
Банк деректемелері:
Банктің атауы_________________________________________________
Банк шотының № _________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________________________
Маған, мүгедек балаға, қамқорлықтағы бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға (қажетінің асты сызылсын) ____________________________________________________ (заңды өкілі өтініш берген жағдайда мүгедектіктің санаты, баланың/бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) туған жылы көрсетіледі) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақыны, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді (қажетінің асты сызылсын) тағайындауды сұраймын.
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендiру нөмiрі: ____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________
Туған күні: _________ жылғы «____» ____________
Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы: ________________________ ____________ облысы ________ қаласы _______ ауылы ________ көшесі (шағынауданы ) __ - үй _____ - пәтер
Банк деректемелері:
Банктің атауы __________________________
Банк шотының № __________________________
Шоттың түрі: ағымдағы _________________________
Бұдан бұрын маған зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған/тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістерді (тоқтата тұру және тоқтату), сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осындай өзгерістердің туындаған күннен бастап 10 күнтізбелің күн ішінде хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтардың саны |
Ескертпе |
|
1 |
|||
|
2 |
Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адам толтырады): иә/жоқ
Дербес деректерімді беру, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыру құқығымен Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілген кез келген тәсілмен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта бастау, қайта есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді.
Төлеуші-ұйымның байланыс телефоны, орналасқан жері
___________________________________________________________
Өтініш берушінің, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның байланыс деректері: үй телефоны ___________ ұялы телефон ___________ Е-mail ___________ өтініш берген күн: 20__ жылғы «_____»__________________________
Өтініш берушінің қолы ________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат _____________________________ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға________________________ өтініші қоса берілген құжаттармен № ____ болып тіркелді, өтініш тіркелген күн: 20___ жылғы «___» ____________
(өтінішті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тіркеген күннен бастап қызметті алу күні): 20__ жылғы «___» ____________
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.
Әлеуметтік төлем тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқ екені анықталған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы____________________________________________________________