ЕҢБЕК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Қадірлі еңбеккерлер мен еңбек ардагерлері!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
22 қарашадағы № 698 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының соңғы жексенбісі Қазақстанда «Еңбек күні» болып белгіленген.
Бұл мереке еңбек өнімділігін арттыруға, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге, сондай-ақ жастардың жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы мен сұранысқа ие екендігіне назарын аударуға бағытталған.
Бүгінде Жетісу облысында экономиканың 13-тен астам саласының өкілдері – өндіріс озаттары, өз ісінің тәжірибелі шеберлері мен жоғары білікті мамандар еңбек етуде. Олардың күнделікті адал әрі табанды еңбегі өңірдің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Еңбек күні – кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне деген адалдығымен ел экономикасының нығаюына, әлеуметтік саланың дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына шынайы алғыс білдіретін ерекше күн.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті баршаңызды Қазақстан Республикасының Еңбек күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, тұрақтылық, еңбекте толағай табыс, жаңа кәсіби жетістіктер мен жемісті нәтижелер тілейміз! Әрбір еңбек күніңіз атқарған жұмысыңыздың нәтижесіне деген қанағат сезімін, әріптестеріңіздің құрметін және ертеңгі күнге деген сенім сыйласын!
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті