Меню

Страницы

Статья

"Зейнеткерлік жасқа таяғанда еңбек кітапшаңыздан қате анықталса, не істеу керек?" тақырыбындағы мақала

Зейнеткерлік жасқа таяғанда еңбек кітапшаңыздан қате анықталса, не істеу керек?

Еңбек өтілін растайтын негізгі құжаттардың бірі – еңбек кітапшасы. Ондағы жазбалардың дұрыс әрі нақты болуы азаматтың еңбек қызметін растау, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан еңбек кітапшасындағы мәліметтерден қате немесе сәйкессіздік анықталған жағдайда, оны дер кезінде түзету қажет.

Еңбек кітапшасында қате жазба анықталған жағдайда қызметкер тиісті жазбаны дұрыс күйге келтіру туралы жұмыс берушіге жүгінуі керек. Бұл еңбек кітапшасына нақты емес немесе қате енгізілген барлық жазбаларды түзетуге қатысты.

Ал азамат бұрын еңбек еткен ұйым өз қызметін тоқтатқан болса, оның құқықтық мұрагеріне жүгінуге болады. Егер құқықтық мирасқоры болмаса, еңбек қызметі мен еңбек өтілін растайтын архивтік анықтама алу үшін мемлекеттік архив мекемесіне өтініш білдіру қажет. Бұл ретте архивтік анықтаманы беруге негіз болатын құжаттар мен мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Кейбір жағдайларда еңбек кітапшасының жоғалуына немесе қажетті архивтік деректердің болмауына байланысты азамат өзінің еңбек өтілін құжат жүзінде растай алмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде еңбек өтілін сот тәртібімен растау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни сот еңбек қызметін заңды факт ретінде белгілей алады.

Зейнеткерлік жасқа толуға сегіз күн қалғанда тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған өтінішті тіркеуге болады.

Осыған байланысты облыс тұрғындарына еңбек кітапшасындағы барлық жазбалардың дұрыстығын алдын ала тексеру ұсынылады.

Құжаттарды алдын ала тексеру еңбек кітапшасындағы ықтимал қателерді дер кезінде түзетуге, еңбек өтілін растауға және болашақта зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Еңбек өтіліңізге қатысты құжаттарды бүгіннен бастап ретке келтіріңіз – бұл зейнетақы төлемдерін рәсімдеуді жеңілдетеді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Дата публикации
21 сентября 2026
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

12 октября 2026
О мерах социальной защиты для лиц с инвалидностью
29 сентября 2026
Социальные изменения
29 сентября 2026
Инклюзия

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы