02.11.2023ж. Жамбыл облысы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің №3 МӘС бөлімі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы бойынша «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын» насихаттау туралы № 9 қалалық емханада дәрігерлермен сұхбаттасып жиналыс өткізді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен және емханаға тіркелген аурулармен кездесулер өткізілді.