Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

 

Соңғы кездері мүгедектер тарапынан санаторий-курорттық емделуге мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (МОЖБ) алушылар саны күрт көбейіп кетті. Оларға МӘС қызметкерлері тарапынан ауызша түсініктеме жүргізілгенмен бірі түсініп бірі түсінбей жатады. Сондықтан, тағыда санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерге тоқтап кетді жөн көрдім.

 

  1. Жіті сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы және (немесе) жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емделуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.
  2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.
  3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.
  4. Қатерлі жаңа өскіндер.
  5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.
  6. Психикалық аурулар. Нашақорлық пен созылмалы маскүнемдіктің барлық түрлері.
  7. Құрысу талмалары және олардың эквиваленті, ақыл-ес кемістігі, мінез-құлықтың және әлеуметтік бейімделуінің айқын байқалатын бұзылыстары бар адамның патологиялық дамуы.
  8. Синкопалдық жай-күйі.
  9. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.
  10. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.
  11. Акушерлік паталогия бар болса барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторий-курорттық емделуге жіберу сәтінде).
  12. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).
  13. Кез келген текті кахексия.

 

 

№2 МӘС бөлімінің басшысы Е. Саметов

 

Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

29 сентября 2026
Социальные изменения
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Занятось и трудоустройство

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы