Құрметті біздің сайтқа келушілер!
Департамент ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық бөлімшесі болып табылады . Департаменттің міндеті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Департамент "Азаматтарға арналған үкімет" МК-мен бірлесіп республикалық бюджет қаражатынан барлық зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүргізеді. Қаланың медициналық мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары мүгедектік тобын белгілейді және осы азаматтар үшін қажетті оңалту шараларын әзірлейді. Мемлекеттік бақылау шеңберінде біз мүгедек адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеміз және қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде оларды қалпына келтіру жөнінде қажетті шаралар қолданамыз.
Департаменттің басты міндеттерінің бірі-халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. Бүгінгі таңда Департаментпен 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Тұрақты негізде біз Департамент қызметінің бағыттары бойынша қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, құзыреті шеңберінде кез келген қызықтыратын мәселелер бойынша халықпен кездесулер өткіземіз және азаматтарды қабылдауды жүзеге асырамыз.
Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқаты!
| Қабылдау бөлімі: | 8(7232)75-15-33 |
| Канцелярия: | 8(7232)22-62-31 |
| Почта мекен жайы: | Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, 100600, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 15 |
| Электрондық мекенжайы: | a.sataeva@enbek.gov.kz |