Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруМүгедектік келесі мерзімге белгіленеді:
- Он алты жасқа дейінгі адамдарға мүгедектік 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және он алты жасқа толғанға дейін белгіленеді;
- Он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін.
Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік он сегіз жастан асқан адамдарға:
1) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес қалпына келтірілмейтін анатомиялық ақаулардың тізбесіне сәйкес;
2) организм функцияларының тұрақты, орны толмас өзгерістері мен бұзылуы, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шараларының тиімсіздігі, мүгедектік тобының тұрақтылығы және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екіншісін - кемінде бес жыл, үшіншісін - кемінде алты жыл динамикалық байқау кезінде;
3) зейнеткерлік жастағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.
Мүгедек адамдарға кресло-арбалар "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістерімен) бекітілген медициналық айғақтар бойынша беріледі.
Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен ай сайын мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып,төленеді.
Көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер олар басқа ата-анасының отбасында ескерілмеген болса, жиынтық балалар ескеріледі.
Өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекен-жайын растайды.
Ерлі - зайыптылар арасындағы неке (ерлі -зайыптылық) бұзылған жағдайда балалардың ата - аналарының бірімен бірге тұруы соттың тиісті шешімімен расталады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды.
Заңда жеті жастан он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін мүгедектік тобын белгілеу көзделген. Мүгедек балалардың осы санатына жәрдемақы мөлшері арттырылатын болады.
Сондай-ақ заңмен қарастырылған:
- 1 топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу;
-мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша бір мезгілде жәрдемақы алу құқығын беру, бұл мүгедек балалары бар және асыраушысынан айрылған отбасылардың табысын арттыруға мүмкіндік береді.