Мемлекеттік корпорация мамандарына техникалық оқыту жүргізу

Мемлекеттік корпорация мамандарына техникалық оқыту жүргізу

2024 жылдың 12 қантарында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б. Кожагулова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Солтүстік Қазақсатан облысы бойынша филиалының Петропавл қаласы әлеуметтік қамсыздандыру және қызмет көрсету бөлімдерінің мамандарына 2023 жылғы пысықтауға жіберілген ЭІМ-ін талдау және мамандардың қателіктері бойынша істерді пысықтаудың себептері бойынша техникалық оқыту өткізді. Сондай-ақ   2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап енгізілген зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы туралы да айтылды.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің техникалық оқытуды өткізу барысында туындаған сұрақтарына толық жауаптар берілді.