Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.04.2015 ж. № 223 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар не Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген алушылар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнетақы ісін/жәрдемақы алушының ісін сұратуға өтініш береді.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушінің бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салуды жүзеге асырады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар зейнетақы ісі келіп түскеннен кейін өтініш пен құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың бұрын Қазақстан Республикасында тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіруді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа тағайындау рәсімінен өтуді таңдауға құқығы бар.