2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері

Қазақстан Республикасының  2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VІ «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууына байланысты және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты артты.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері:

  • Бірінші,екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 110 846 теңге;
  • Төрт және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе183 771 теңге;

 Бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы төлемінің мөлшері

  • Бір балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге;
  • Екі балаға – 6,81 АЕК немесе 19 865теңге;
  • Үш балаға – 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге;
  • Төрт және одан да көп балаға – 8,9 АЕК немесе 25 962 теңге;