Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің өсуі жайлы
брифинг өтті.
2020 жылдың 14 сәуірінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жолымбетов Туреахмет Сайлаубайұлының төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік қолдауға байланысты зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің мөлшерінің 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өсетіндігі жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына беретін баспасөз брифингісі өтті.
Брифингте департамент басшысы баяндамасында Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына ағымдағы жылдың 01сәуірден бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтып өтті.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 5% -ға өсетіндігі , Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға мемлекеттік жәрдемақы, мөлшері, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылауына байланысты ,ал № 1 және № 2 тізімдерге мемлекеттік арнайы жәрдемақы, бала тууына байланысты бiржолғы төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтуміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға , көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшерін ескере отырып көбейетіндігі туралы мәлімдеді.
Облыс бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны 247,4 мың адам. Оның ішінде зейнетақы алушылардың саны-75,1 мың адам.
Брифинг соңында зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу жұмыстары автоматты түрде жүргізілетіндігі және мамыр айында сәуір айы үшін айырмалары төленетіндігін түсіндірді.