Зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыру жайлы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі төтенше жағдай мен мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы шараларымен байланысты зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін жылдық өлшеммен 10пайызға индексациялау туралы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 778 теңге;
Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 40 441 теңге;
Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы (ЕТКД) – 32 668 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 17 641 теңге;
Жалақының ең төмен мөлшерi – 42500 теңге мөлшерінде белгіленді.
Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалғанжасына байланысты зейнетақытөлемдерінің алып отырған мөлшері 5% -ға арттырылды.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап тағайындалатын зейнетақы төлемін есептеу кезінде алынатын табыстың ең жоғарғы мөлшері 127788 теңгемен шектеледі (2778 теңге АЕК х 46 еселенген).
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылауына байланысты (31183-тен 32668-ге) өсті.
№1 және №2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балалар жәрдемақылары мен көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне (2651-ден 2778-ге ) сәйкес көбейді.