Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің 2020 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәліметі
Көру саны:57
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда
облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік
сараптама бөлімдерінің 2020 жылдың 3 айында атқарылған
жұмыстары туралы мәліметі
2020 жылдың 18 наурызындағы жағдай бойынша Қызылорда облысында «Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесі негізінде барлығы 30219 мүгедек тіркелген. Оның ішінде I- II топ мүгедектері 14000 адам- 46,3%, III топ мүгедектері-11647 адам-38,6%, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар-4572-15,1%.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен 2020 жылдың 3 айында 2492 қызмет алушыларға «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетілді.
2020 жылдың 3 айлық есебінің қорытындысына сәйкес 528 қызмет алушыға алғашқы рет мүгедектік тобы тағайындалды.(2019ж.-627) Есепті кезеңде 10.000 халыққа шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 7,9-дан 6,6 оқиғаға дейін азайды (2018 жылғы қарқынды көрсеткіш– 7,6 оқиға болған).
2020 жылдың 3 айында ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың аурулар құрылымы бойынша:
|
|
2019 жыл 3 ай |
2020 жыл 3 ай |
|
Қан айналу жүйесі |
24,3 |
27,2 |
|
Қатерлі ісіктер |
19,1 |
19,2 |
|
Жарақаттар |
13,1 |
13,6 |
|
Көз ауруалры |
11,9 |
9,3 |
Балалар арасындағы алғашқы мүгедектікке шығу көрсеткіштері
2019 жылдың 3 айлық есебіне сәйкес –абс.көрсеткіш- 208 бала;
2020 жылдың 3 айлық есебіне сәйкес- абс.көрсеткіш- 149 бала
Алғашқы балалар мүгедектігінің нозологиялық ауру түрлерінің құрылымы
|
|
2019 жыл 3 ай |
2020 жыл 3 ай |
|
Туа біткен кемістіктер |
29,3 |
32,7 |
|
Нерв жүйесінің аурулары |
29,8 |
30,7 |
|
Тыныс алу жүйесі аурулары |
11,1 |
5,9 |
|
Жарақаттар |
8,2 |
5,9 |
Мүгедектерді алғашқы және қайта куәландыру барысында ұсынылатын оңалту шаралары мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) көрсетіледі.
2020 жылдың 3 айында ОЖБ-ның медициналық бөлігі-2123 мүгедекке әзірленді, яғни мүгедек болып танылғандардың 99,4%-на, әлеуметтік бөлігінде 811 мүгедекке және кәсіби бағытта 48 мүгедекке әзірленді, осыған сәйкес 38,0% және 2,2%.
Осыған сәйкес, 2019 жылдың 3 айында әзірленген ОЖБ-ның есепті кезеңде медициналық бағытта 82,3 %, әлеуметтік бағытта -79,4% орындалды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» (бұдан әрі-Қағидалар) 15 тармағына сәйкес негізсіз және/немесе сапасыз толтырылған 088/у нысанды жолдамалар бойынша Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 29 рет хат жолданылды, оның ішінде 11 негізсіз және 18 сапасыз толтырылған жолдамалар бойынша (2019 жылы-12 рет, 2018 жылы-15 рет).
Қолданыстағы заңнамаларға енгізілген қосымшалар мен толықтырулар туралы және МӘС сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 3 рет газет беттерінде мақалалар жарияланды.
Есепті кезеңде МӘС бөлімдерімен мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша қалалық, аудандық медициналық-ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссия төрайымдарының қатысуымен:
- 2020 жылдың 15 қаңтарында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында «2019 жыл қорытындысымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен (бұдан әрі - МӘС) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мемлекеттік қызметін көрсетудің негізгі көрсеткіштері, медициналық- әлеуметтік сараптамаға негізсіз және/немесе сапасыз толтырылған жолдамалар туралы» емдеу алдын алу кеңесі;
- 2020 жылдың 29 қаңтарында Департаменттің ұйымдастырумен «Жасы 18-ден асқан адамдарға мүгедектік тобын қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктердің тізбесіндегі өзгерістермен таныстыру және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеудің негізгі көрсетілімдері, «Әлеуметтік қызметтер порталын» іске асыру бойынша мүгедектерді 24 жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету туралы» семинар-жиналыс;
- 2020 жылдың 30 қаңтарында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында «ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылдың 12 желтоқсандағы №671 бұйрығымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 30 қаңтарындағы №44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу» туралы семинар –жиналыс өткізілді.
Департаменттің МӘС бөлімдерімен көшпелі мәжілістерде аудандық емханалардың ДКК төрайымдарының және мамандарының қатысуымен 3 рет семинар-жиналыстар өткізілді.
Алғашқы мүгедектікке шығудың алдын алу, негізсіз және сапасыз жолдамаларды болдыртпау, оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және оның орындалуы бойынша Денсаулық сақтау ұйымдарымен және облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаламалар басқармасымен бірлесіп жұмыс атқарылуда.
________________________________
29 мамыр 2020
29 мамыр 2020