Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау туралы ақпараттық плакат.

Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік бақылаудың негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау. Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың, пандустардың, кіреберістердің, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың және қолжетімді ортаның басқа да элементтерінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне назар аударылады.

Мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бақылауды жүзеге асырады.

Заңнама талаптары бұзылған жағдайда, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде заңнамада көзделген шаралар қабылданып, тиісті нұсқамалар берілуі мүмкін.

Осылайша, мемлекеттік бақылау азаматтардың құқықтарын қорғауға, объектілердің қолжетімділігін арттыруға және мүгедектігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Жарияланған күні

21 қазан 2026

Жаңарту күні

21 қазан 2026