Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.

Меншік нысанына қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық ұйымдар лицензиялауға жатады.

Лицензия алу үшін ұйымдар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Атап айтқанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды, санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен үй-жайлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және штаттағы қызметкерлердің болуы талап етіледі. Сонымен қатар ғимараттың жүріп-тұруы шектеулі адамдар мен халықтың басқа да мобильдігі төмен топтары үшін кедергісіз әрі қауіпсіз болуына жағдай жасалуы қажет.

Лицензия алуға өтінім электрондық түрде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы беріледі: aleumet.egov.kz.

Міндетті лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

Лицензиялау мүмкіндігі шектеулі адамдарды және қызмет алушылардың басқа да санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға ықпал етеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
Сәйкестік туралы декларацияға қол қою
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау
Медиагалерея
0
Мемлекеттік органға электрондық өтініш беру тәртібі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау дегеніміз не?

Лицензиялау — ұйымның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік растау рәсімі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау міндетті болып табылады.

Лицензиялау қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?

Негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Лицензия алуға өтініш қайда беріледі?

 Лицензия алуға өтініш электрондық түрде Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы