Меню

Страницы

Статья

Ана мен баланы қолдау

Балалы отбасылардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда балалы отбасыларды қолдаудың кешенді моделі қалыптастырылған, онда мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер жүйесі, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және әлеуметтік қорғаудың басқа да шаралары қамтылған. 

Бұл модел бала туылуы және оны отбасында тәрбиелеуге ынталандыру, сондай-ақ көп балалы аналардың беделі мен абыройын арттыруға бағытталған.   

Балалы отбасылардың әлеуметтік қамсыздандыруы республикалық бюджеттен төленетін бірнеше жәрдемақылардан тұрады: 

- бала тууына байланысты берілетін біржолғыжәрдемақы (бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 131100 теңге (38 АЕК), төртінші және одан көп бала туғанда 200 340 теңге–(63 АЕК).

- жұмыс істемейтін әйелдер үшінреспубликалық бюджет есебінен бала біржарымжасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы. Бұл жәрдемақы мөлшері АЕК-ке байланысты және отбасыда туылған баланың санына қарай төленеді. 

Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде үндеген жолдауында бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартуды тапсырған. 

Осыған байланысты 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылы туған әйелдер бала күтіміне арналған жәрдемақыны 1,5 жыл бойы алатын болады, ал 2023 жылдың  1 қаңтарына жәрдемақы алушы  аналарға бұл жәрдемақы автоматты түрде тағы жарты жылға ұзартылды. Бұл кішкентай баласы бар отбасыларға қолдау болады деп есептейміз.

2023 жылы бірінші балаға 5,76 АЕК – 19872теңге, екінші балаға 6,81 АЕК – 23495 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК – 27083 теңге, төртінші және одан көп балаға 8,90 АЕК – 30705 теңгені құрайды.  

- 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. 2023 жылы 56794 теңге мөлшерінде (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде);

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жәрдемақы мөлшері қазіргі уақытта 22080 теңгені (6,4 АЕК) құрайды). 

​- кәмелетке толмаған немесе 18-23 жас аралығында күндізгі нысан бойынша оқитын 4 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларғажәрдемақы тағайындалады. 

Бұл жәрдемақыны тағайындау шарттары 2020 жылдан бастап өзгертіліп, отбасындағы бала санына қарай дифференцияланған мөлшерде төленеді. 

4 баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 55304 теңге, 5 баласы бар отбасы үшін 20,04 АЕК – 69138 теңге, 6 баласы бар отбасы үшін 24,05 АЕК – 82973 теңге, 7 баласы бар отбасы үшін 28,06 АЕК – 96807 теңге, 8 одан көп баласы бар отбасы үшін әр балаға 4 АЕК-тен жәрдемақы төленеді. 

Сонымен қатар жұмыс жасайтын әйелдерге бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем ретінде төленеді. Бұл төлемнің мөлшері бала туылғанға дейінгі 24 айдың орташа табыс мөлшерінің бөлігі ретінде есептеледі және бала бір жарым жасқа толғанша төленеді.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Комитетінің Астана қаласы бойынша 
Департаментінің басшысы 

Қ.Тоқтыбаев

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
02 марта 2023
Тип
Информация для населения

Сейчас читают

29 сентября 2026
Социальные изменения
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Занятось и трудоустройство

Социальные медиа

Facebooke, Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы