Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Департамент өзіне берілген өкілеттіктер шегінде зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Бақылау қызметі заңнама бұзушылықтарының алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласында белгіленген талаптардың тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде тиісті ұйымдар мен субъектілердің қызметіне талдау жүргізіледі, заңнама талаптарының сақталуын бағалау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер қаралады, заңнамада көзделген әлеуметтік қорғау шаралары мен әлеуметтік қызметтердің дұрыс әрі уақтылы көрсетілуіне қатысты мәселелер зерделенеді.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуына, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне, әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде белгіленген талаптардың орындалуына және әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуына ерекше назар аударылады.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жоюға және қайталануына жол бермеуге бағытталған заңнамада көзделген ден қою шаралары қабылданады.

Бақылау қызметінің маңызды бағыттарының бірі – бұзушылықтардың профилактикасы. Департамент түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды.

Департамент өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін де қарайды. Өтініштерді қарау барысында онда көрсетілген уәждер мен ұсынылған материалдар зерделенеді, қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер сұратылады және берілген өкілеттіктер шегінде тиісті шаралар қабылданады.

Департаменттің бақылау қызметі халықты әлеуметтік қорғау саласында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге, көрсетілетін мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға, бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Документы
Ақпарат
08 октября 2026
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылаудың нәтижелері туралы
Ақпарат
28 августа 2026
О состоянии лицензирования субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги на 1 августа 2026 года
Ереже
27 августа 2026
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
Положение об отделе по контролю в сфере социальной защиты населения Департамента Комитета труда и социальной защиты по городу Астане
Новости
Полезные материалы
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау
Медиагалерея
1
Мүгедектігі бар адамдарға арналған сәйкестік декларациясы туралы
1
2026 жылғы 1 шілдеден бастап аяқталған құрылыс нысандарының қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдар мен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін тексеруге қатысты жаңа ережелер қолданылады
События
29 апреля
Белгілі қазақстандық жазушы Ж. Ақжановтың шығармашылық сапары
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebooke, Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы