GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Статистикалық көрсеткіштер
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
19 октября 2026
Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты жәрдемақы

Тақырыбы: Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты жәрдемақы

Құрметті тыңдаушылар!

Бүгін біз бала дүниеге келген отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы айтып береміз.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес отбасыларға әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда, бұл — бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы.

Біріншісі — бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы.

Бұл — бала дүниеге келгеннен кейін бір рет берілетін ақшалай төлем. Оны алуға жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналардың екеуі де құқылы.

2026 жылы жәрдемақы мөлшері:

  • Бірінші, екінші және үшінші балаға — 164 350 теңге;

  • Төртінші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге.

Егер отбасында егіз немесе бірнеше бала дүниеге келсе, жәрдемақы әр балаға жеке тағайындалады.

Екіншісі — бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы.

Бұл жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тиісті әлеуметтік төлем алуға құқығы жоқ адамдарға тағайындалады.

2026 жылы ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

  • Бірінші балаға — 24 912 теңге;

  • Екінші балаға — 29 454 теңге;

  • Үшінші балаға — 33 952 теңге;

  • Төртінші және одан кейінгі балаларға — 38 493 теңге.

Аталған жәрдемақы бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын төленеді.

Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті электрондық үкіметтің eGov.kz порталы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ тиісті қызмет қолжетімді болған жағдайда банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

Жәрдемақы тағайындау үшін баланың туған күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей өтініш беру қажет.

Назарларыңызға рақмет!

Медициналық-әлеуметтік сараптама
19 октября 2026
📢 ЖАЛПЫ ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕН АЙЫРЫЛУ ДӘРЕЖЕСІН БЕЛГІЛЕУ

📢 ЖАЛПЫ ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕН АЙЫРЫЛУ ДӘРЕЖЕСІН БЕЛГІЛЕУ

Азаматтар нені білуі керек?

🔹 Кімдерге белгіленеді?

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті әлеуметтік тәуекел туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға белгіленеді.

🔹 Қандай мөлшерде белгіленеді?

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген өлшемшарттарға сәйкес 30 пайыздан 100 пайызға дейін қоса алғанда пайыздық көрсеткішпен айқындалады.

🔹 Қалай белгіленеді?

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі ұсынылған медициналық құжаттар мен заңнамада көзделген өлшемшарттар ескеріле отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелері бойынша белгіленеді.

🔹 Қайда жүгіну қажет?

Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту мәселесін шешу үшін тіркелген медициналық ұйымға жүгіну қажет.
Өз құқықтарыңызды білініз!

МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Картпаева Светлана Алпысбаевна

19 октября 2026
Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиналыс өткізілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б.Е. Әшімовтің төрағалығымен Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған қайталама жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған Конституцияның негізгі ережелері қаралды.

Бекзат Ерғалиевич Конституция мен Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтаудың, қызметтік тәртіпті нығайтудың және қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі жеке жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша конституциялық қағидаттарды Департаменттің күнделікті қызметінде одан әрі қолдану және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

Медициналық-әлеуметтік сараптама
15 октября 2026
Сырттай проактивті куәландыру кезінде ескерілетін нозологиялық нысандар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, аталған Қағидалардың 15-қосымшасында «Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі» айқындалған.

Осы тізбеге сәйкес, сырттай куәландырудан төмендегі аурулар мен жағдайлары бар адамдар өте алады:

* онкологиялық аурулар;
* туберкулез;
* цереброваскулярлық аурулар;
* психикалық аурулар;
* Лериш синдромы;
* аяқ-қолдардың ампутациясы;
* созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі;
* қан аурулары;
* Даун синдромы;
* балалардағы қант диабеті;
* аутизм;
* туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар;
* ауыр сатыдағы бауыр циррозы;
* Паркинсонизмнің V сатысы;
* қант диабетінің салдарынан туындаған асқынулар, оның ішінде аяқ-қолдардың ампутациясы;
* жұлын жарақаты салдарынан жұлынның толық анатомиялық үзілуі;
* медициналық-әлеуметтік сараптамаға алғаш рет жолданған кезде ағзаларды (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі) трансплантациялаудан кейінгі жағдай;
* балалардағы мукополисахаридоз;
* алапес ауруы;
* балалардың церебралды сал ауруының ауыр түрлері;
* гидроцефалия, оның ішінде шунт орнатылғаннан кейінгі жағдай.

Осылайша, сырттай проактивті куәландыру азаматтардың медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту рәсімін жеңілдетуге және олардың қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік қолдау алуына бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық картограммасы
15 октября 2026
⚖️ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖОЛ ЖОҚ!

Құжаттарды қолдан жасау немесе оларға жалған мәліметтер енгізу — заң талаптарын бұзу. Әсіресе зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде жалған құжаттарды пайдалану заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

📌 Есіңізде болсын:

🔹 Жалған еңбек өтілін немесе өзге де мәліметтерді растау мақсатында құжаттарды қолдан жасауға болмайды.

🔹 Мемлекеттік төлемдерді заңсыз алу мақсатында жалған ақпарат ұсынуға жол берілмейді.

🔹 Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануы тиіс.

Заңды білу және сақтау — әр азаматтың міндеті! Заңсыз әрекеттердің алдын алу — қоғамдағы сенім мен әділдікті нығайтудың маңызды қадамы.

Заңды сақтайық! Адалдықты таңдайық!

#ЗаңЖәнеТәртіп #Адалдық #ӘлеуметтікҚорғау

Медициналық-әлеуметтік сараптама
14 октября 2026
Мүгедектік мерзімін және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі

Мүгедектігі бар адамдар мен еңбек ету қабілетінен айырылған азаматтар белгіленген мерзімдерде қайта куәландырудан өтуі тиіс.

Қайта куәландыру мерзімі өткізіліп алынған жағдайда, мерзім мынадай тәртіппен есептеледі:

* 1 айға дейін – кезекті қайта куәландыру мерзімі бір айдан аспайтын уақытқа өткізіліп алынса;
* 3 жылға дейін – ұзақ уақыт үздіксіз стационарлық емделу сияқты дәлелді себептер болған жағдайда;
* 1 жылға дейін – адамды әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршы тағайындау рәсімдеріне байланысты мерзім өткізіліп алынса.

Төтенше жағдай немесе төтенше ахуал кезеңінде белгіленген талаптарға сәйкес мүгедектік, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және жеке бағдарламаның мерзімдері автоматты түрде ұзартылады.

Маңызды: Қайта куәландыруды белгіленген мерзімде өткізу құқықтар мен әлеуметтік қолдау шараларының үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
13 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ: бүгінде зейнетақы төлемдері қалай тағайындалады?

Қайырлы күн Ақтөбе облысының тұрғындары!

Бүгін зейнетке шығуға дайындалып жүрген адамдар білуі керек бір маңызды мәселе туралы қысқаша айтып өткім келеді.

Қазір зейнетақы қызметтері барынша электронды форматқа көшіріліп жатыр. Зейнетақы төлемдерін тағайындауға eGov порталы арқылы өтініш беруге болады. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызметті тікелей алуға мүмкіндік бар. Ал кейбір жағдайларда төлемдер азаматтың өтінішінсіз, проактивті түрде де тағайындалады.

Бірақ бұл зейнетке шығуға алдын ала дайындалудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді.

Керісінше, мен азаматтарға осы мәселені алдын ала қолға алуға кеңес беремін. Еңбек өтіліңізді, жұмыс істеген кезеңдеріңізді, табыстарыңыз туралы мәліметтерді тексеріп алған дұрыс. Егер қандай да бір қате немесе толық емес мәлімет анықталса, оны зейнетке шығар уақытқа қалдырмай, тиісті мемлекеттік органға алдын ала жүгініп, құжаттарды нақтылап алған жөн.

Ал зейнетақының өзіне келсек, ол бірнеше бөліктен тұрады.

Базалық зейнетақы төлемі  бұл мемлекет төлейтін төлем. Оның мөлшері, соның ішінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.

Ынтымақты зейнетақы  1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі мен сол кезеңдегі табысқа байланысты төленетін зейнетақы.

Ал Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін қаражат  бұл сіздің зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарыңыз.

Сондықтан менің кеңесім өте қарапайым: зейнетке шығатын күнді күтпей, өз мәліметтеріңізді алдын ала тексеріп алыңыздар.

Сонда зейнетақы төлемдерін тағайындау да жеңілірек өтеді, артық әуреге түсіп, соңғы сәтте құжат іздеудің қажеті болмайды.

Ал біздің міндетіміз  бұл мемлекеттік қызметтің азаматтар үшін түсінікті, уақтылы әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз ету.

Назарларыңызға рақмет!

Медициналық-әлеуметтік сараптама
12 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің көшпелі отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (МӘС) 8–9 қазан күндері Байғанин ауданында кезекті көшпелі отырыс өткізді.

Көшпелі отырыс аудандық емхана базасында ұйымдастырылып, мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен семинар өткізілді. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылып, тиісті бақылауды күшейту қажеттігі ескертілді.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
12 октября 2026
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жөнінде

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алу құқығы Әлеуметтік кодекстің 234 бабында көзделген.
Жиі қойылатын сұрақтардың бірі- бұл жәрдемақы кімдерге тағайындалады?
Жауап:
Бұл жәрдемақы асыраушысынан айырылған отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне тағайындалады.

2-сұрақ. 18 жасқа толған бала асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны ала бере ме?
Жауап:
Иә, егер бала жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында күндізгі оқу нысанында білім алып жатса, жәрдемақы оқуын аяқтағанға дейін оқып жатқанда 23 жасқа толса сол 23 жасқа толғанға дейін төленеді. Осы жерде айта кететінім - оқу туралы анықтама әр оқу жылы сайын ұсынылуы қажет.

3-сұрақ. Егер студент оқуын сырттай немесе басқа оқу нысанына ауыстырса, жәрдемақы төлене ме?
Жауап:
Егер 18 жастан асқан студент күндізгі оқу нысанынан шығарылса немесе сырттай оқу нысанына ауысса, жәрдемақы төлеу тоқтатылады.
Ал кейін қайтадан күндізгі оқу нысанына ауысса , тиісті құжаттар негізінде жәрдемақы қайта жалғастырылады. Сондықтан студенттің оқу мәртебесінде өзгеріс болған жағдайда бұл туралы уақтылы хабарлау қажет.

4-сұрақ. Жәрдемақыны тағайындау үшін қайда жүгінуге болады?
Жауап:
Жәрдемақыны тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы яғни Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінуге болады.
Сондай-ақ жәрдемақы мөлшері күнкөріс деңгейіне байланысты анықталады.
Сонымен қатар азаматтарға айтарым ең бастысы – жәрдемақы алушының деректерінде өзгеріс болған жағдайда оны уақтылы хабарлау қажет.

Сыбайлас жемқорлық картограммасы
12 октября 2026
Адалдықты ту етіп, адамдықты ардақтайық! 🎭
Ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, анаға деген құрмет пен отбасылық құндылықтардың маңызын насихаттау, сондай-ақ командалық рухты нығайту мақсатында департамент ұжымы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Мама» спектаклін тамашалады.

Қойылымда сыбайлас жемқорлыққа бой алдырған басты кейіпкердің баласының қоғам алдындағы абыройынан айырылып, тіпті туған бауырларының да құрметіне ие бола алмайтын тағдыры бейнеленеді. Бұл – адалдық пен ар-ожданнан аттаудың адам өміріне, отбасылық қарым-қатынасқа және жақындарының сеніміне тигізетін ауыр салдарын көрсететін тағылымды оқиға.

Анаға құрмет – адамдықтың белгісі, отбасыға деген сүйіспеншілік – рухани құндылықтардың негізі, ал адалдық – абыройдың кепілі.

Осындай мәдени-рухани іс-шаралар ұжым мүшелерінің өзара сыйластығын арттырып, корпоративтік мәдениетті нығайтуға, ортақ құндылықтарды дәріптеуге және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

#Әдеп #Адалдық #АнағаҚұрмет #ОтбасылықҚұндылықтар #МемлекеттікҚызмет РуханиҚұндылықтар ҰжымдықМәдениет Театр
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы