Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру;

2) арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету;

3) жеке оңалту бағдарламасымен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

         Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша Департамент бақылау субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартпай, нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама береді.

            Жоспардан тыс тексерістер сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары және бұзушылықтарды жою мерзімдері келген жағдайда нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылау бекітілген тексеру парақтарына сәйкес жүргізіледі және тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеруге жатады.

           

Әкімшілік жауапкершілік

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 83 бабына сәйкес лауазымды тұлғаларға  - 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 400 АЕК мөлшерінде айыппұл әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 83 бабына сәйкес лауазымды адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 84 бабына сәйкес лауазымды тұлғаларға - 20 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК,  орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 60 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Документы
Қорытынды
16 октября 2026
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Профилактикалық бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша
Қорытынды
17 сентября 2026
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Мүгедек адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
Қорытынды
17 сентября 2026
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігі үлесінің мониторингі» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша
Новости
Полезные материалы
Бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы және бармай жүргізілетін бақылау арасындағы айырмашылық қандай?
Азаматтың өтініші бақылау іс-шараларын жүргізуге негіз бола ала ма?
Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге (АӘҚ) көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер.
Медиагалерея
1
Объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы Декларация (13-тармақ): нені білу керек? Толығырақ біздің бейнеде ▶️
1
Міндетті гигиеналық құралдар. Видеода гигиеналық құралдардың негізгі түрлері, көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ оларды таңдау қағидаттары туралы ақпарат берілген.
События
12 июня
«Мүгедектердің қолжетімділігі үшін инфрақұрылым объектілерін тексеру туралы» тақырыбында брифинг
23 мая
Петропавл қаласына жұмыс сапары
01 августа
Қарттардың тұрмыс жағдайына кешенді мониторинг жүргізілді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Тексерілетін объектілердің қандай құқықтары бар?

- тексеру туралы хабардар болу (рұқсат етілген жағдайларда)

- бақылау жүргізу кезінде қатысу

- түсініктеме беру

- құжаттар мен дәлелдемелерді ұсыну

- тексеру нәтижелеріне немесе нұсқамаға шағымдану

Бақылау немесе нұсқауының нәтижелерін қалай шағымдануға болады?

- жоғары тұрған органға шағым беру

- белгіленген мерзімде сотқа жүгіну

Азаматтар үшін мемлекеттік бақылаудың мақсаты неде?

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беру үшін мемлекеттік және жеке ұйымдардың одан әрі әділ және тиімді әлеуметтік жүйе үшін әлеуметтік саладағы талаптарды орындауын қамтамасыз ету.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы