2026 жылғы 29 кыркуйегінде жұмыс тәртібімен Абай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің №2 МӘС бөлімінің басшысы Кудайбергенова Д.М. Семей қаласының “№6 аралас үлгідегі емханасына” ДКК басшысымен және жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен бірлескен семинар-кеңес өткізді.

Жарияланған күні: 30 қыркүйек 2026

2026 жылғы 29 кыркуйегінде жұмыс тәртібімен Абай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау
комитеті департаментінің №2 МӘС бөлімінің басшысы Кудайбергенова Д.М. Семей қаласының “№6 аралас үлгідегі емханасына” ДКК басшысымен және жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен бірлескен семинар-кеңес өткізді.
Кеңес барысында қатысушылар 2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне еңген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістермен таныстырылды. Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаев қол қойған 2026 жылы 11 тамыздағы №329 бұйрықпен бекітілген. Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама қорытындысын толтыру, сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың қосымша тізбесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. МӘС-ке адамдарды жолдаудың негізділігіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сақтау бойынша ұсынымдар берілді. Қойылған барлық сұрақтарға тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.