ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаментінің орынбасары (1 бірлік), ДСПИАР-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2

Орташа лауазымдық айлықақы

204046 - 275719

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  8. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Математика
  • География
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Статистика
  • Экология
  • Гидрология
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Қаржы
  • маркшейдрлік ісі

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Азаматтық қорғау саласында стратегиялық жоспарлау (3 деңгей) және ақпараттық-талдау жұмысы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырады; Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады; Министрлікте ақпараттық-талдау қызметін, департаменттің қызметін үйлестіреді және Департамент құзыретіне кіретін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарды әзірлейді, түзету, мониторингілеу және іске асырылуын бағалауға қатысады; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі арасындағы Меморандумды; Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін дамыту тұжырымдамасын; азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; Департамент құзыретіне кіретін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын келіседі; департамент құзыретіне кіретін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және оның аумақтық бөлімшелерімен әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру және консультациялық жұмыс жүргізеді; департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, алқалардың, жедел кеңестердің, комиссиялардың, семинарлардың, конференциялардың және басқа да іс-шаралардың отырыстарына ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды; құзыреті шегінде есептік сипаттағы ақпараттық-талдамалық қызмет мәселелері департаменттің құзыреті шегінде төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің шешімдеріне сәйкес тұрақты даму мақсаттарының көрсеткіштеріне қол жеткізу және мәліметтер жолдау бойынша материалдарды дайындайды; ақпараттық-талдау қызметі, талдаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалану, азаматтық қорғау саласында инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолдану мәселелері бойынша озық шетелдік тәжірибені зерделеу мақсатында халықаралық ведомстволармен және ұйымдармен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу; Министрліктің операциялық жоспарын әзірлеуге, департаменттің жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысады; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді (бекітілген НҚА сәйкес); азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін Төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін сүйемелдейді; Министрлік қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді, жедел және ведомстволық есепке алуды құру, пайдалану және дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және техникалық құжаттаманы келісуге қатысады; бекітілген тізбеге сәйкес ашық деректердің Интернет-порталында департамент құзыреті шегінде ақпаратты орналастырады;  Министрліктің интернет-ресурсын толтыру үшін Департамент құзыреті шегінде материалдарды тиісті бөлімшелерге ұсынады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2021 – 25.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәігілік Ел даңғылы 8, 2 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172602129