Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Түркістан облысы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Автоматтандыру және басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
Қосымша талаптар
Ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылы.
Функционалды міндеттер
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеруді, авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі арнайы комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу. Жоғары орган тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру; негізгі қызмет бойынша есептерді, ақпараттарды уақытылы және сапалы ұсынылуын қамтамасыз ету. Құзіреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ayazbekova.f@emer.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2- кіреберіс. Әңгімелесу оффлайн-форматта.
-
87784853402