Жұмылдыру, кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Әскери іс
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

    Комитеттің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының жұмылдыру
дайындығы мен жұмылдыру бойынша жұмысын жүргізу, құзыреті шегінде
Комитеттің жұмылдыру жоспарын әзірлеу, сондай-ақ, ведомстволық
бағыныстағы ұйымдардың осыған ұқсас жоспарларды әзірлеуін
ұйымдастыру. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша жұмысты
жоспарлау, ұйымдастыру және басқару, Комитеттің жұмылдыру дайындығы
номенклатурасын әзірлеу. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың
жұмылдыру даярлығының жай-күйі мен ұсталуын бақылауды жүзеге асыру.
Негізгі және қосалқы басқару пунктерін пайдалануды және ұстауды
ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының жұмылдыруды өрістету және
жұмылдыру жоспарын орындау бойынша әскери-экономикалық және
командалық-штабтық оқу-жаттығу (жаттығу) өткізуді ұйымдастыру.
Комитеттің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруын қамтамасыз ету
жөніндегі құжаттаманы әзірлеу, соғыс жағдайын жариялаған кезде
жұмылдыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Комитеттің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жұмылдыру
дайындығы туралы, жұмылдыру (авариялық-жұмылдыру) резервінің
материалдық құндылықтарының жай-күйі туралы, әскери міндеттілерді
броньдау бойынша және жұмылдыру резервінің басқа да мәселелері
бойынша есептілікті жүргізу. Комитет басшылығы жүктеген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.09.2025 – 22.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.09.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қ., А. Янушкевич к., 2. Әңгімелесу оффлайн-форматта өтеді.

Анықтама алу үшін байланыс

87172235603, 8 777 414 5083