Заң департаменті мемлекеттік құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, (уақытша, 31.03.2028 жылғы дейін негізгі қызметкердің балаға күтіміне демалыс кезеңіне), (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Азаматтық құқық

Қосымша талаптар

Ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылы.

Функционалды міндеттер

Министрлік қызметінің құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде Қазақстан Республикасының соттарында сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіпте Министрліктің қатысу және мүдделерін білдіру; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Министрліктің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау; Министрлік аппаратының қызметін құқықтық сүйемелдеу; Басқарманың құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау, аумақтық бөлімшелер заң қызметтерінің жұмысын үйлестіреді; Министрлік аппараты қызметіне құқықтық қолдау көресету, талап-наразылық жұмыстарды ұйымдастыру, құқықтық насихаттау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрліктің басшыларының шешімдері мен тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрліктің басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар және қорытындалар әзірлеу; Басқарманың құзыретіне кіретін құқықтық сұрақтар бойынша түсініктемелер әзірлеу; шарттарды олардың заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; Департаменттің ережесіне сәйкес өзге де функцияларды атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2025 – 18.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 mb

Сұхбаттасу орны

Астана, Мәңгілік ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

60-21-29