Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті заң тобының бас маманы

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Сотта, еңбек даулары,  мемлекеттік сатып алу және басқа да даулар бойынша, сондай-ақ басқа ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Департамент мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну; Департамент өткізетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу, конкурсттық құжаттаманың және рәсімдердің  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеру және қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалған қаржылық шарттарға сараптама жүргізу; Заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, Департамент пайдасына шешілмеген сот актісіне барлық сот инстанцияларына шағымдану бойынша уақытылы шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген  тәртіппен қадағалау тәртібінде, құзыреті шегінде наразылық білдіру туралы қолдау хат жазып, прокуратура органдарына хат жазу; Талап қою жұмысының, сотта тиісінше іс қарауға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында, Департаменттің қатысуымен болған даулар бойынша сот практикасының жай-күйіне талдау жасау және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; Құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; Азаматтық қорғаныс басқармасының, кадр және тәрбие жұмысы басқармасының, төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының, төтенше жағдайларды жою басқармасының, жоспарлау және жедел басқару орталығының, имидждік жұмыс және сыртқы комуникациялар тобының, қорғалған байланыс тобының қызметтері саласындағы мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және олардың топқа жолданған қызметтік құжаттарының заңдылығын қарап, келісу; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда, Департаменттің құзыретінде жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау;  Топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жүйелі мәселелерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, топ құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуға қатысу және ұйымдастыру;  Топтың құқықтық жұмысы туралы есептерді дайындау; Департаменттің және қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің қызметінде заң бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, департаментке келіп түскен прокурорлық әсер ету актілері, басқа да мемлекеттік органдарының бақылау актілері мен ұсынымдары, Қазақстан Республикасы соттарының жеке ұйғарымдары бойынша талдау жасау; моральдық және психологиялық климатын ұстау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.05.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2025 – 28.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

03.06.2025

Сұхбаттасу орны

Шымкент қ., Нұрсәт шағын ауданы, ғимарат 4542

Анықтама алу үшін байланыс

8/7252/95-57-11