ҚР ТЖМ, Астана қаласы ТЖД, Салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
Астана қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Геодезия және картография
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Техникалық физика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- маркшейдрлік ісі
- Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
- Мұнайхимия
- Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, кіріс құжаттарын, басшылықтың нұсқауларын, бұйрықтары мен нұсқауларын уақтылы орындауды қамтамасыз ету; қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; жетекшілік ететін салалар кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеруді ұйымдастыру және жүргізуге қатысу; өз құзыретi шегiнде мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп қауiптi өндiрiстiк объектiдегi аварияның нәтижесiнде болған аварияларды, аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және қатысу; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету; өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша алқалы және ведомствоаралық отырыстарды өткiзу үшiн материалдарды дайындауды қамтамасыз ету; Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес басқа да міндеттерді орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ok_dchs_ast@emer.kz
- 26.05.2025
- Астана қ, А. Жангелдина көш. 24,
-
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, 010000, Астана қ., Жангелдин к., 24, анықтама телефоны: 8 (7172) 32-01-88, 32-74-93, e-mail: ok_dchs_ast@emer.kz (жіберілетін ақпараттың шекті көлемі 20 МВ аспау керек) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.