ҚР ТЖМ Астана қ. ТЖД тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
Астана қаласы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бекітілген тиесілік нормаларға сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімді жасау кезінде Департамент үшін тауар-материалдық құндылықтардың қажеттілікті қалыптастыру ұйымдастырады. Департамент аппаратын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті құжаттарды рәсімдей отырып, тауарды сатып алу, жұмысты орындау және қызмет көрсету бойынша конкурстық процедураны өткізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қағидаларымен белгіленген тәртіпте және нысанда мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын сәйкес бюджеттің негізінде әзірлеу және бекіту. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес міндетті жариялауға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтердімемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкес техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысу. Белгіленген мерзімде тиісті есептерді құрады және ұсынады. Негізгі құралдарды есептен шығару бойынша құжаттарды дайындауды жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен мәліметтерді алуға облыс аумағында орналасқан аймақтық органдарға, орталық атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға сұраныстар жіберуді жүзеге асыруға ұсыныстар енгізеді. Өз құзіреті шегінде Департаменттің құрылымдық бөлімшерімен және өзге де мекемелермен өзара байланыс жасайды. Материалдық-техникалық жабдықталуына, шаруашылық және тұрмыстық қамтамсыз етуіне мемлекеттік бюджеттен қаражатты пайдалану бойынша бөлінген қаржы негізінде ұсыныстарды әзірлеу. Қойманың есебін жүзеге асыру, тауарлардықматериалдық құндылықтарды қабылдау және беру. Материалды-техникалық қамтамасыз етуді талдайды. Департаменттің қызметтік үй-жайларын жиһазбен, жабдықпен жабдықтау бойынша ісшараларды жүзеге асыру, сондай-ақ Департамент теңгеріміндегі автокөліктерді, жабдықтарын және мүкәммалды пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету. Тауарлы-материалдық құндылықтар мен активтерді түгендейді. Материалдық-техникалық құндылықтардың олардың сақталу және пайдалану орындарында бүтіндігін бақылауды жүзеге асырады. Департаменттің материалдық-техникалық ресурстарын ұтымды қамтамасыз ету бойынша қажетті есептеулерді жүргізеді. Барлық мүдделі органдарға қолданыстағы талаптарға сәйкес активтердің, пайдаланған тауарлы-материалдық құндылықтардың және мемлекеттік сатып алудың есебін уақытында ұсынады. Материалдық қор мен аз құндылықты тез тозатын заттарға және олардың қозғалысына құжаттамалық есеп жүргізеді. Белгіленген мерзімде тиісті есептерді құрады және ұсынады. Қызметтік этика ережесін және еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті. Департамент басшыларына бөлімінің жұмыс барысы мен жағдайы туралы баяндайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ok_dchs_ast@emer.kz
- 26.05.2025
- Астана қ. Жангелді көш, 24
-
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, 010000, Астана қ., Жангелдин к., 24, анықтама телефоны: 8 (7172) 32-01-88, 32-74-93, e-mail: ok_dchs_ast@emer.kz (жіберілетін ақпараттың шекті көлемі 20 МВ аспау керек) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.