ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Өрт қауіпсіздігі

Функционалды міндеттер

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына конкурс өткізу бойынша құжаттарды дайындау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайын бағалауға материалдарды дайындау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға және біліктілігін жоғарылатуға жіберу. Еңбек келісімшарттарын ресімдеу. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуға бұйрық жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру. Министрлікке және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне кестеге сәйкес есептерді ұсыну. Қызметкерлерді ынталандыруға, марапаттауға ұсыну бойынша жұмыстарды жүргізу және тиісті құжаттарды ресімдеу. Тиісті уәкілетті органға бос орындар туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты дайындау. Мұрағаттық анықтамалар, Департаментте жұмыс істеуі туралы анықтамаларды беру. Министрліктің нұсқаулары мен сұранымдарын іске асыру мақсатында талдаулық, ақпараттық, анықтамалық және басқа материалдарды дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.04.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.04.2025 – 25.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

02.05.2025

Сұхбаттасу орны

Өскемен қ., Протозанов қ. 97/1

Анықтама алу үшін байланыс

87232 570328