ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы
259515
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Жылу энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- маркшейдрлік ісі
Функционалды міндеттер
Еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтау. Жобалаудан бастап, олардың қызметі тоқтатылғанға немесе толық таратылғанға дейін салынып жатқан, пайдаланылатын және реконструкцияланатын кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, кіріс құжаттарын, өкімдерін, бұйрықтары мен басшылық тапсырмаларын уақтылы орындау. Бөлімде іс жүргізу, сақтау мерзімі өткен құжаттарды дайындауға және өңдеуге жауапты. Министрліктің Стратегиялық жоспарын, Комитеттің, Департаменттің жұмыс жоспарларын, Департаменттің қызметін ұйымдастыру үшін құрылған комиссиялар мен техникалық кеңестің құрамында іске асыруға қатысу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін қалыптастыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізуге қатысу, өткізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу. Жоспардан тыс тексерулердің ашылуы, сондай-ақ «субъектілер мен объектілер тексерудің біріңғай реестрі» бағдарламасында профилактикалық бақылау және қадағалау тексеру.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза қолдану. Мемлекеттік қызметтер көрсету (өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жобалық және рұқсат беру құжаттамасын келісу, заңды тұлғалар басшыларының білімін тексеру, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру). Қауіпті өндірістік объектідегі авария салдарынан болған авариялар
мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге, қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға, қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын жүргізуге, жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарды бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға, жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияға қатысу. Бақылау- профилактикалық жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру, оның тиімділігі мен тиімділігін арттыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру парақтарын әзірлеуге қатысу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін, хаттарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру.
Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына жарылыс жұмыстарын жүргізу саласында мемлекеттік
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ok_dchs_vko@emer.kz; pr_dchs_vko@emer.kz
- 02.05.2025
- Өскемен қ., Протозанов қ. 97/1
-
8 7232 570328